6-модуль қазіргі мектептегі қҰндылықҚа бағдарланған тәрбие моделі



бет3/5
Дата24.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#125471
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жұмыс дәптері 6-модуль

5-тапсырма.
«Идеяларыңмен бөліс, идеяларды мақтанышпен қабылда» фасилитациялық сессиясы
«Оқушыларды мектептің тәрбие үдерісін басқаруға қалай тартуға болады?» деген сұрақ бойынша идеяларды талқылау (Оқу құралы, 8-11 б.).


Тапсырманы орындау барысындағы Сіздің қадамдарыңыз:

  1. жеке жұмыс істеп, оқушыларды мектептің тәрбие үдерісін басқаруға қатыстыру жөнінде үш идеяңызды жазыңыз:

  1. ____________________________________________________________________

  2. ____________________________________________________________________

  3. ____________________________________________________________________

2) үш адамнан тұратын шағын топта өз идеяларыңызбен бөлісіңіз;


3) әріптестеріңіздің жазбаларынан алған идеялармен өз тізіміңізді толықтырыңыз:
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4) 10 адамнан тұратын шағын топтарға бірігіңіз;


5) топта ең жақсы идеяларды таңдаңыз:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

6) әрбір идеяны А4 форматындағы жеке парақтарға жазыңыз;


7) парақтарды тақтаға бекітіңіз;
8) әр қатысушы ең жақсы деген идеяны таңдап, сол идеяның астына қолтаңбасын қояды.
Талқылау сұрақтары:
- Сіздің мектебіңізде қандай тәрбие жобалары енгізілуде?
- Бұл жобалардың бастамашысы кім?
- Оқушыларды тәрбиелеуде осы жобаларды енгізудің маңызы қандай?
6-тапсырма.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жобаларымен танысу.


Тапсырманы орындау нұсқаулығы:

  • Назарбаев Зияткерлік мектептерінің сайтымен https://www.nis.edu.kz/ танысыңыз, «Жобалар» қосымша бетін табыңыз;

  • шағын топта Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қандай тәрбие жобалары іске асырылып жатқанын зерделеп, талқылаңыздар;

  • Сіздің мектебіңізде НЗМ тәжірибесіндегі қандай жобаларды іске асыруға болатынын анықтаңыз.

7-тапсырма.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (nis.edu.kz) тәжірибесі негізінде оқушылардың бойына құндылықтарды дарыту мақсатында сіздің мектебіңізде жүзеге асыратын тәрбие жобаларының мүмкін бағыттарын анықтаңыз (6.5-ресурс - Тәрбие үдерісіндегі оқушылардың жобалық-зерттеу қызметі, 6.6-ресурс - Қоғамға қызмет ету, «Мектепте тәрбие жобасын енгізу тәжірибесі» қосымша оқуға арналған материал. https://globallab.org/ru/project/catalog/ ресурстарды пайдаланыңыз)








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет