8-тапсырма. Кейс. Мектеп директорына 10-сыныптың оқушылары келді. Олар жоба жұмыстарын жүргізуге ниет білдірді. Жоба жұмыстарын жүргізу үшін олар 3 командаға бөлінді.
Үш команданың жоба тақырыптары: - Біздің мектептің танымал түлектері: олар кімдер?
- Мектеп асханасына арналған мәзір: қайсысы жақсы – пайдалы тағамдар ма, әлде дәмді тағамдар ма?
- 1-4-сынып оқушыларының ойын талғамдарын және олардың оқу үлгеріміне, қарым-қатынасына және ұжымдағы жағдайына әсерін зерттеу.
Оқушылар мектеп директорынан жобаларды жүргізуге көмектесуді сұрайды.
Тапсырма: Мектеп директорының 10-сынып оқушыларына жоба жұмыстарын жүргізуге көмектесудегі қадамдарын сипаттап жазыңыз.
Тақырыпты қорытындылау:
Оқушыларды мектептің тәрбие процесін басқаруға, сондай-ақ тәрбие жобаларын әзірлеуге және оларды іске асыруға қалай тартуға болады?
Оқушыларды мектептің тәрбие процесін бірлесіп басқаруға қатыстырудың, оқушылардың құндылықтарын дамыту үшін тәрбие жобаларын қолданудың маңызы неде?
Мұндай жобаларды жүзеге асыруда қандай қиындықтар болуы мүмкін? Сіз оларды қалай шешесіз?