6-модуль қазіргі заманғы мектептегі қҰндылықҚа бағдарланған тәрбие моделі


МЕКТЕПТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ТӘРБИЕ ЖОБАЛАРЫН БАСҚАРУ АРҚЫЛЫ



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата16.10.2023
өлшемі1,21 Mb.
#116582
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 
МЕКТЕПТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ТӘРБИЕ ЖОБАЛАРЫН БАСҚАРУ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ 
 
Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-шаралар жүйесіндегі бастамаларын 
дамытуда 
жобалық қызмет маңызды рөл атқарады
. Жоба жұмысы баланың өзін-өзін 
танытудағы, өз қабілеттерін анықтаудағы және өзін-өзі танудағы негізгі қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға көмектеседі. 
Оқудан тыс жұмыста оқушылардың жобалық қызметі келесі дағдыларды дамытуға 
бағытталған: 
• 
проблемаларды шешу және шешім қабылдау; 
• 
жаңа жобаларды бастау және жоспарлау мүмкіндігі; 
• 
командада жұмыс істеу және т.б. 
Халықаралық бакалавриатқа арналған CAS (Creativity-шығармашылық, Activity-
белсенділік, Service-қоғамға қызмет көрсету/еріктілік) бағдарламасының негізін қалаған 
неміс мұғалімі Курт Хан білім алушыларды төрт аспект бойынша тәуелсіз өмірге 
дайындау керек деп санайды: физикалық даму, қиындықтар мен қауіп-қатерлерге дайын 
болу, өзін-өзі тәрбиелеу және жанашырлық сезімін дамыту. Сондықтан ол осы 
дағдыларды дамытуға ықпал ететін сабақтан тыс іс-әрекеттің үш бағытын ұсынады: 
• 
Шығармашылық
– өнер және шығармашылық ойлауды қамтитын басқа да 
бағыттар. 
Жобаларды жүзеге асыруға болатын қызмет салалары:
аспаздық, сурет 
салу, фотография, поэзия, проза, журналистика, музыка, би, тігу, тоқу, бейнетүсірілім, 
фотошоп, веб-парақ құру, керамика, драма және т.б. 
• 
Белсенділік
– салауатты өмір салтына ықпал ететін физикалық белсенділік. 
Жобаларды жүзеге асыруға болатын қызмет салалары:
спорт, салауатты өмір салты, 
туризм. 
• 
Қоғамға қызмет ету 
– бұл ақы төленбейтін және ерікті түрде іске асырылатын, 
оқушы үшін пайдалы болатын қызмет. Барлық қатысушы тараптардың құқықтары, 
қадір-қасиеті мен дербестігі сақталады. 
Жобаларды жүзеге асыруға болатын салалар:
волонтерлік, жаһандық проблемаларды шешуге қатысу, азаматтық белсенділік. 
Жобалау қызметі неліктен маңызды: 
- оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің бірлігін қамтамасыз етеді; 
- жаңа сын-қатерлерді қабылдау және дағдыларды дамыту мүмкіндіктерін ашады; 
- рефлексиялық ойлауды дамытады; 
- тұлғалық дамуға және қоғамдағы өз рөлін түсінуге ықпал етеді. 
Жоба бойынша жұмысты бастап, оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді: «Мен 
не істегім келеді?», «Мен нені үйренгім келеді?», «Мен кімге көмектескім келеді?»,
«Жобаның мақсатына жету үшін қандай қадамдар жасауым керек?»
Жауаптарға сүйене отырып оқушылар келесі схема бойынша зерттеу немесе 
әлеуметтік жоба жоспарын әзірлейді: сынып, жоба тақырыбы, жоба атауы, жоба 
проблемасы (бұл мен үшін неліктен маңызды?), жобаның мақсаты (біз жобаны не үшін 
жасаймыз?), жобаның міндеттері (ол үшін біз не істейміз?), жобаны орындау 
мерзімдері, кеңес беру кестесі, жоба басшысы туралы мәліметтер, жоспарланатын 
нәтиже, таныстыру нысаны, топтың тізімі. Сонымен қатар жобалау қызметіне қажетті 
материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қажетті кеңесшілер көрсетіледі. 


11 
Жоба бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар қорытынды жасайды және 
келесі сұрақтарға жауап береді: «Мен ойлағанымды орындадым ба?», «Не ойдағыдай 
болды?», «Не нәрсе нашар болды?», «Нені орындау оңай болды, не қиындық туғызды?» 
Бұл сұрақтардың жауаптары балалардың өз жобасын таныстыруға дайындалуына және 
жобаның жеке, ғылыми және әлеуметтік маңыздылығын талдауына көмектеседі. 
Осылайша, олар мақсатты тұжырымдау, тиімді жоспарлау, модельдеу, басқалардың 
қызметін және өз қызметін ұйымдастыру дағдыларын игереді. Олардың жоба бойынша 
жұмыс барысында рефлексиялық, аналитикалық, жобалық, коммуникативтік және 
ұйымдастыру дағдыларын игеруі де маңызды болып табылады. 
Осы тұрғыдан алғанда, тәрбиелеуде құндылыққа бағдарланған тәсілдемені іске асыру 
шеңберінде оқушылармен бірлескен тәрбиелік жобалар ұйымдастырылатын Назарбаев 
Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін қарастыру маңызды болады. «Рухани жаңғыру» 
бағдарламасының құндылықтарын іске асыруға байланысты ұлттық құндылықтарды 
қалыптастыруда "Туған елге тағзым" өлкетану-зерттеу экспедициясы, "100 кітап", "Қазақ 
әндері", "Жүз күйдің тарихы" және т.б. тәрбиелік жобалар іске асырылуда. 
Бүгінде еліміздегі мектептер Зияткерлік мектептердің осы тәрбиелік жобаларды 
жүзеге асыру тәжірибесін табысты енгізуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет