6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Расправа – Кіші жүздегі ру ақсақалдары кіруге тиісті болған әкімшілік орган.  Рационализация



Pdf көрінісі
бет276/308
Дата07.12.2022
өлшемі3,22 Mb.
#55499
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   308
Байланысты:
Жұбанышев

Расправа – Кіші жүздегі ру ақсақалдары кіруге тиісті болған әкімшілік орган. 
Рационализация – өндіріс үдерісін жақсарту, жетілдіру, арзаңдату мақсатымен қолданылатын шаралардың 
жиынтығы. 
Реабилитация – бастапқы құқықтар мен бастапқы жақсы беделді қалпына келтіру. 
Реабилитация – тағылған айыпты жоққа шығару, сот арқылы ақтап, заңды құқығын қайтару. 
Реакция – қоғамдық прогреске белсене қарсы күрес жүргізу саясаты. 


Революция – қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс. 
Резиденция (лат. residentia) – мемлекет басшысының, үкіметінің, шет мемлекеттің елшісі орналасқан жер. 
Реквизиция – азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті олардың ықтиярынсыз, құнын төлей отырып 
мемлекеттің меншіктенуі. 
Реконструкция (қалпына келтіру) – жеке бөлшектерді, адам және жануар қалдықтарын, түрлі бұйымдар мен 
құрылыстарды қайта қалпына келтіру. Ежелгі адамның сыртқы келбетін қалпына келтірудің негізін салушы – 
белгілі антрополог М.М.Герасимов (1907-1970 жж.) 
Рентабельділік – тиімділік, фирманың, оның қызметінің табыстылық көрсеткіші. 
Репатриация – қоныс аударылғандарды отанына қайтару. 
Репрессия – мемлекет органдары қолданатын азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіру, жазалау. 
Республика (лат. – қоғамдық іс) – мемлекет басшысын (мысалы, президент) халық немесе арнайы сайлау 
коллегиясы сайлайтын басқару формасы. Заң шығарушылық билікті сайланып қойылатын өкілдік орган 
(парламент)жүргізеді. 
Ресурс – қор, елдің сарқылмас қоры. 
Ресурстар – кез-келген заттың қоры, қайнар көзі. 
Ретушь – араның жүзі сияқты кертіктермен тастарды түзету арқылы өткірлейтін тас өңдеу әдісінің жетілген 
түрі. Ретушьтік әдіс арқылы екі жағында пайдаланатын құралдар жасалған. 
Референдум – аса маңызды мемлекеттік мәселе бойынша жалпы халықтық дауыс беру; мемлекеттік құқықта 
сайлаушылар корпусының конституциялық, заңдық түпкілікті шешім қабылдауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет