6 тақырып. Бухгалтерлік шоттар мен екі жақты жазу Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы және жіктелуі



бет8/21
Дата21.04.2022
өлшемі41,39 Kb.
#31768
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Дт 1320 Кт 3310

Дт 1420 Кт 3310
3. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және негізгі бөлімдердің қысқаша сипаттамалары

Шоттар жоспары – бұл активтер мен олардың қорлану көздерінің ағымдағы бухгалтерлік есебін жүргізу үшін, қаржылық және басқарушылық есептіліктерді құрастыру мен бақылау үшін қолданылатын шоттардың жүйелендірілген тізімі.

Типтік шоттар жоспары бухгалтерлік есептегі операцияларды топтастыру мен тіркеу жүйесі және бухгалтерлік есеп жүргізуге қажетті барлық синтетикалық шоттардың толық тізімін қамтиды.

Бірінші деңгейде (мемлекет) орталықтандырылған түрде ҚР Қаржы Министрлігі Типтік шоттар жоспарын даярлайды. Екінші (сала) деңгейде Типтік шоттар жоспары негізінде саланың ерекшелігін ескере отырып салалық жоспар дайындалады. Үшінші деңгейде (ұйым) ұйымның жұмысшы шоттар жоспары жасалады.

Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспары ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен 23.05.2007 жылы бекітіліп, 01.01.08ж. бастап қолданысқа енгізілді. ХҚЕС бойынша бухгалтерлік есеп жүргізетіндер мен Ұлттық қаржылық есеп сатндарттары негізінде есеп жүргізушілер бірдей шоттар жоспарын пайдаланады. Типтік шоттар жоспарының негізінде әр ұйымда өздерінің қызметтерінің сипаты мен ерекшеліктеріне сәйкес бөлімдер, бөлімшелер, синтетикалық шоттар топтарын толық және жіктеп сипаттайтын жұмысшы шоттар жоспары дайындалуы қажет. Жұмысшы шоттар жоспарын ұйымның басшысы бекітеді.

Типтік шоттар жоспарында бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары өтімділігінің төмендеуіне қарай орналастырылған.

Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарындағы шоттың рет саны төрт белгіден тұрады. Бірінші сан оның қай бөлімге, екінші сан – қандай бөлімшеге, үшінші сан – қандай синтетикалық шоттар тобына жататынын көрсетсе, төртінші санды ұйым өзі анықтайды.

Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспары келесідей бөлімдерден тұрады:

1 бөлім - «Қысқа мерзімді активтер»;

2 бөлім - «Ұзақ мерзімді активтер»;

3 бөлім - «Қысқа мерзімді міндеттемелер»;

4 бөлім - «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;

5 бөлім - «Капитал мен резервтер»;

6 бөлім - «Табыстар»;

7 бөлім - «Шығыстар»;

8 бөлім - «Өндірістік есеп шоттары».

Бөлімдер бөлімшелерге бөлінеді, бөлімшелер экономикалық мазмұны біртектес шоттарды топтарға біріктіреді. Жұмысты жеңілдету үшін әр бөлімше мен оның шоттарына олардың аттарының орнын ауыстыратын рет саны (код) беріледі. Субшоттар мен аналитикалық шоттар шоттар жоспарында қарастырылмаған. Оларды ұйымның өзі кәсіпкерлік қызметінің түрі мен мөлшеріне, қаржылық есептілікте ашып көрсету қажеттігіне сәйкес ашады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет