6 тақырып. Бухгалтерлік шоттар мен екі жақты жазу Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы және жіктелуі


Екі жақты жазу жүйесі. Қарапайым және күрделі бухгалтерлік жазулар



бет7/21
Дата21.04.2022
өлшемі41,39 Kb.
#31768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
^M6 тақырып БЕА

2. Екі жақты жазу жүйесі. Қарапайым және күрделі бухгалтерлік жазулар

Екі жақты жазу жүйесі екі жақтылық қағидасына негізделеді, ол барлық экономикалық құбылыстардың екі жағы бар екенін білдіреді: олар бір-бірінің орнын алмастырушы шығыстар мен кірістер, зиян мен пайда, қорлану көзі және пайдалану. Екі жақты жазу жүйесінде барлық операциялар бір шоттың дебетінде екінші шоттың кредитінде дебеттік жалпы сома кредиттік жалпы сомаға өзара тең болатындай етіп көрсетілуі қажет. Осы ерекшелікке байланысты жүйеде жалпы әрқашан баланс сақталады. Бухгалтерлік есептегі барлық жүйелер олардың күрделілік дәрежесіне қарамастан екі жақтылық қағидасына негізделеді.

Екі жақты жазу шаруашылық операцияларын көрсету әдісі ретінде өндірісте орындалатын барлық шаруашылық үрдістері үшін қолданылады. Шоттар арсындағы байланыс шоттар корреспонденциясы деп, шаруашылық операциялары арқылы өзара байланысатын шоттар корреспонденцияланатын шоттар деп аталды. Операцияларды шоттарда көрсетердің алдында шоттық формулалар – жазу құрастырылады, ол нақты қандай шоттарда жазылуы қажеттігін көрсетеді. Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды және шаруашылық операциясының сомасын көрсету бухгалтерлік жазу деп аталады және ол тек құжаттар негізінде құрастырылады.

Корреспонденцияланатын шоттар бойынша қарапайым және күрделі бухгалтерлік проводкаларды ажыратады.

Бір шот дебеттеліп, екінші шот кредиттелетін шоттардан тұратын жазу қарапайым деп аталады.

Дт 3350 Кт 1010

Шаруашылық операцияларының негізінде бір мезгілде бір шот дебеттеліп және бірнеше шот кредиттелсе немесе керісінше болса, бухгалтерлік жазуды күрделі жазу деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет