6 тақырып. Бухгалтерлік шоттар мен екі жақты жазу Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы және жіктелуі


Дт Еңбек ақы бойынша есеп айырысу шоты Кт



бет5/21
Дата21.04.2022
өлшемі41,39 Kb.
#31768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Дт Еңбек ақы бойынша есеп айырысу шоты Кт



Айналым – 742 000

Бастапқы қалдық – 756 000
Айналым – 0
Соңғы қалдық

756 000 + 0 – 742 000 = 14 000

Бухгалтерлік есепте ақпаратты жинақтау дәрежесіне немесе көрсеткіштерді әртүрлі дәрежесіне қарай бөлшектеп көрсетуге байланысты шоттардың екі түрі қолданылады: синтетикалық және аналитикалық.



Жинақтамалы (синтетикалық) шоттар шаруашылық қорлары мен олардың қозғалыстары жөнінде жалпылама көрсеткіштерді береді. Олар кодталған түрде Типтік шоттар жоспарында көрсетіледі және тек қана ақшалай өлшемде ғана жүргізіледі.

Талдамалы (аналитикалық) шоттар синтетикалық шоттарда есепке алынған мәліметтерді бөлшектеп, сәйкес есеп объектілеріне жан-жақты сипаттама береді. Материалдық құндылықтар есебін жүргізуші аналитикалық шоттар тек ақшалай ғана емес, натуралды өлшем бірлігінде де жүргізіледі. Шаруашылық қызмет фактілерін синтетикалық шоттарда көрсету синтетикалық есеп деп, ал аналитикалық шоттарда көрсету аналитикалық есеп деп аталады. Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттарында жазулар бірдей есеп құжаттарының негізінде жасалады.

Синтетикалық шоттың дебеттік және кредиттік айналымдары оған қатысты барлық аналитикалық шоттардың айналымдарының жиынтық сомасына тең болуы қажет. Барлық синтетикалық шоттар екі жақты жазу жүйесі арқылы өзара байланысты. Мысалы, 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шоты синтетикалық шот болып табылады, оған қызметкерлер мен жұмысшылар тегі бойынша аналитикалық шоттар ашылады.

Тәжірибеде синтетикалық және аналитикалық шоттармен қатар субшоттар, яғни, синтетикалық және аналитикалық шоттар арасындағы аралық шоттар да қолданылады. Олардың көмегімен бір синтетикалық шотқа қатысты жекелеген объектілер жөнінде жинақтамалы мәліметтер алу үшін аналитикалық есеп деректерін қосымша топтастыру жүзеге асырылады.

Мысалы:



Синтетикалық шот 1313 «Отын»

Субшоттар

1313/1 «Бензин» 1313/2 «Дизельдік отын» 1313/… «Басқалары»



Аналитикалық шоттар

«Бензин-А93» « Бензин А-76» «Бензин А-93»


Үшінші түрлі топтастыруға байланысты шоттар баланстық және баланстан тыс шоттар болып бөлінеді. Баланстық – екі жақты жазу жүйесіне кіретін синтетикалық шоттар. Баланстан тыс шоттар – қалдықтары балансқа кірмейтін, яғни баланстан сырт жерде көрсетілетін шоттар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет