6 тақырып. Бухгалтерлік шоттар мен екі жақты жазу Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы және жіктелуі



бет6/21
Дата21.04.2022
өлшемі41,39 Kb.
#31768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Баланстан тыс шоттар Типтік шоттар жоспарындағы басқа шоттардан ерекше болып табылады:

1) бұл шоттарда мәліметтер қарапайым жазу арқылы көрсетіледі, және

2) бұл шоттар ұйымның балансты қалыптастыруға қатыспайды.

Баланстан тыс шоттар осы ұйымның меншігіне жатпайтын, бірақ осы ұйымда жауапты сақтауда орналасқан немесе уақытша пайдалануға алынған қорларды көрсетеді. Бұл қорларды ұйым меншігіне кіретін қорламен бірге есепке алуға болмайды. Баланстан тыс шоттарға қатысты операциялар екі жақты жазу арқылы емес, бір жақты жазу арқылы көрсетіледі және есепке алынатын объектілер келіп түскенде дебетте, ал есептен шыққанда кредитте көрсетіледі.



Дт Баланстан тыс шоттың құрылымы Кт

Сальдо – ұйым меншігі емес құндылықтар қалдығы

Айналым – есепті кезеңде кіріске алынған ұйымға тиесілі емес құндылықтар

Сальдо – есепті кезең соңындағы ұйым меншігіне жатпайтын құндылықтар қалдығы

Айналым – есепті кезең ішінде ұйым меншігіне жатпайтын құндылықтарды есептен шығару

Төртінші түрлі топтастыру арқылы шоттар капиталдандырылатын және капиталдандырылмайтын болып бөлінеді. Капиталдандырылатын шоттар ұйым қорларының (шаруашылық қорлары мен қорлану көздерінің) есебін жүргізуге арналған. Капиталдандырылмайтын шоттар есепті кезеңдегі қаржылық нәтижені анықтайтын қаржылық-шаруашылық үрдістердің (табыстар мен шығыстар) есебін жүргізуге арналған.



Реттеуші деп олардың көмегімен есеп объектісі жөнінде қосымша құндық сипаттама алынуы мүмкін бухгалтерлік есептің шоттарын атаймыз. Олар екі түрлі қолданылады: а) баланста негізгі шотты реттеуші ретінде жеке жолда көрсетіледі; б) негізгі шоттағы бағаны нақтылайды, осы нақты анықталған құн баланста көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет