60. Нейролингвистиканың тіл білімі салаларымен байланысы Нейролингвистикалық зерттеулер неврология мен тіл білімі теориясының дамуымен бірге дамыды. 20 ғасыр 2-жартысында нейролингвистика зерттеуге психолингвистика, нейропсихология, нейрофизиология, психоакустика, кибернетика т.б. ғылым салалары ықпалын тигізеді. Сөйтіп, казіргі нейролингвистика адамның сөйлеу қызметін комплексті зерттеудің бір саласы болып табылады.
Қазіргі нейролингвистика үшін тіл ерекшелігін материалдық жəне идеалдық, биологиялық жəне психикалық, əлеуметтік жəне индивидуальдық күрделі үйлесім ретінде түсіну тəн, бұл өз кезегінде нейролингвистиканың тек неврологиямен ғана емес, басқа да ғылым түрлерімен кеңінен байланысатынын айқындайды. Нейролингвистиканың ең жақын жəне «табиғи одағы» ретінде лингвистика жəне психолингвистика ғылымдары алғашқы ғылымдар ретінде аталып, нейролингвистикалық зерттеулердің дерлік ешқайсысы бұл ғылымдарсыз жасалмайды.
Нейропсихология психикалық үрдістердің заңдылықтарын, мидың тұтас, адамның жоғары психикалық қызметінің оқшаулығы ретіндегі қызмет етуіндегі жалпы принциптерін қарастырады. Невропотологиямен бірге нейропсихология сөйлеу айтылыстарының бұзылушылықтарының даму себептері мен механизмдерін (афазия, сөйлеудің қалыптасуы-ның психикалық үдерістеріндегі өзгерістерді, диагностика əдістерін, сөйлеу əрекеті бұзылушылықтарын алдын-алуды жəне т.б.) қарастырады. Нейропсихология адамның қалыпты тілдік мінез-құлқын: ойды вербальды тұжырымдаудағы айтылыстың қалыптасуын, баланың сөйлеу əрекетінің үдерісін жəне т.б. зерттейді.
61. Нейролингвистикалық зерттеулердің тіл ғылымын дамытудағы маңызы Нейролингвистика – неврология мен тіл білімініңтүйіскен жерінде пайда болған ғылыми пән. Нейролингвистикатіл жүйесі мен мидың қарым-қатынасын зерттейді. Ми жарақатынан пайда болатын сөйлеудің бұзылуы ортағасырлық медицинада белгілі болатын. Оларды жүйелі зерттеу ХІХ ғ. екінші жартысында басталады. Тілдік патологиямен айналысқан лингвистер: Бодуэн де Куртенэ, В.Бого родицкий, Л. Щерба және т.б. Ал Р.Якобсон, А.Лурия, Л. Выготскийафазияақауындабай қалатын фонологиялық жүйеніңқұрылысын зерттеді. Нейролингвистикалық афазияныңтүрлері – фонологиялық, грамматикалық, лексикалық, семантикалық.