60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет121/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Современная литература народа Казахстана. под. ред. С. В. Ананьевой. - Ал-
маты: Evo Press, 2014.
2. Литература народов Казахстана. – Алматы: «Ғылым», 2004. 
3. Тюркские народы: Энциклопедический справочник. – Алматы: ЗАО «Қазақ 
энциклопедиясы», 2004.
4. Bütün yönleriyle Ahıska türkleri, Çimkent. – 2004.
5. Хайруллин Г. Т. История татар. –А. : Казинтерграф, 1998. 
6. Абдрахманов М. Тәрәққият басқучлириға бир нәзәр // (Мақалилар вә шеир-
лар). – Чонжа: Жазушы, 1999. 
7. Ибраһим Турки. «Ахыска Түркләринин тарихи, әдәбийәти вә ашыхларынын 
қыса антологийасы», Алматы: «Кітап» баспасы, 2007.
8. Автордың жинаған қолжазба материалдары (2010-2017ж. ж.)
9. Абдурахманов М. Түгүнләр. - Алмута: Білім, 2004. 
10. Абубакирова Ф. И это все о нас. Кызылорда: ТОО «Издательский дом Полиг-
рафия», 2007. 
11. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. (Очерк). - Алматы: Дәуір, 
1994 
СӨЙЛЕМ ҚҰРЫЛЫМЫНА НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ 
ТАЛДАУ ЖАСАУ
Сембаева А. 
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің доценті, проф. м. а
Бүгінгі таңда тілді нейролингвистикалық тұрғыдан зерттеу кең өріс алып ке-
леді. Сөйлеу тілінің анатомиялық-физиологиялық механизмін жақсы білу, бірін-
шіден, қалыпты жағдайда сөйлеу тілінің күрделі механизмін, екіншіден, сөйлеу 
тілінің ақаулықтарын талдауына дифференциалды түрде қарау, үшіншіден, түзету 
жұмысының жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сөйлеу қабілеті сөйлеу аппа-
раттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы іске 
асады. Сөйлеу әрекетінде бас ми қызметі басты роль атқарады. 


241
ХХ ғасырдың басында сөйлеу тілі қызметі бас мида орналасқан ерекше «оқшау-
ланған сөйлеу орталықтарымен» байланысты деген көзқарас таралған болатын. И. 
П. Павлов бұл ойға жаңа бағыт беріп, ми қыртысының сөйлеу қызметінің шоғыр-
лануы (локализациясы) тек күрделі ғана емес, сонымен қатар өзгермелі екенін дә-
лелдеп, оны «динамикалық локализация» деп атаған [1, 101]. П. К. Анохин, А. Н. 
Леонтьев, А. Р. Лурия және т. б. ғалымдардың зерттеулері бойынша кез келген жо-
ғары психикалық қызметтің негізі жеке «орталықтар емес», орталық жүйке жүйе-
сінің әртүрлі бөліктерінде орналасқан, бір бірімен біртұтас әрекетпен байланысты 
күрделіфункционалды жүйелер болып табылады. Сөйлеу процесі адам баласына 
ғана тән, өте күрделі жоғарғы психиқалық қабілет. Ол шартты рефлекс заңдарына 
бағынады. Сөз арқылы қатынасқа түсу процесінде (коммуникация) адамдар бір бі-
рімен ой бөлісіп, бір біріне ықпал етеді. Сөздік қатынас тіл арқылы мүмкін болады 
[2, 75].
Тіл дегеніміз – қатынас құралының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық 
жүйесі. Сөйлеуші өз ойын жеткізу үшін керек сөздерді іріктеп, оларды тілдің грам-
матикалық ережелерімен байланыстырып, сөйлеу аппаратының артикуляциясы 
арқылы айтады. Адамның сөзі түсінікті және анық болу үшін, сөйлеу мүшелерінің 
қимылы заңды және нақты болуы тиіс. Сонымен бірге бұл қимылдар әдеттенген 
болып, еріксіз іске асуы керек. Әдетте, сөйлеуші тек өз ойының ағымын ғана еске-
реді де, ал сөйлеген кезде оның ауыз қуысындағы тілі қандай қалыпта болуы керек 
екені, қай кезде тыныс алу керек екенін т. б. ойламайды. Бұл сөйлеу механизмінің 
әрекеті нәтижесінде іске асады. 
1977 жылы Бэндлер және Гриндер Америкада бірнеше табысты семинарлар өт-
кізді. 1976 жылы Бэндлер және Гриндер өз жұмыстарына атау берді – нейролинг-
вистикалық бағдарлау – үш қарапайым идеядан тұрады. «Нейро» бөлігі невроло-
гиялық процестерден бастау алатын көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу және 
түйсінуден тұратын фундаментальды идеяны бейнелейді. Біз дүниені өзіміздің бес 
сезіну мүшелері арқылы қабылдаймыз, ақпараттардың «мәнділігін» ашып, соған 
сүйенеміз [3, 455]. Біздің жүйке жүйеміз тек қана көрінбейтін ойлау процестерінен 
ғана емес, сонымен бірге идеялар мен оқиғаларға деген көрінетін физиологиялық 
реакциялардан тұрады. Бірі екіншісінің қарапайым физикалық деңгейдегі бейне-
сі болып табылады. Тән мен ақыл адам мәнділігін көрсететін бірлікті құрайды. 
«Лингвистикалық» бөлігі біздің тілді өз ойларымыз бен іс-әрекеттерімізді тәртіп-
ке келтіру үшін және басқа адамдармен коммуникацияға түсу үшін қажет екенін 
көрсетеді. «Бағдарлау» өз идеяларымыз бен әрекеттерімізде нәтижеге жетуге қа-
жет ұйымдастыру тәсілдерін көрсетеді. 
Көптеген нейролингвистикалық зерттеу мидың ересек адамдардың тілі мен 
грамматикасын реттеп отыру тәсілінәрестелер мен сәбилердегі сөйлеу қабілеті 
қалыптасқанға дейінгі процеспен бірдей екенін анықтады. Тілдің мидың солжақ 
сыңарында қалыптасуы – ерте кезден басталатын үрдіс. Мысалы, Вернике аумағы 
жүктіліктің жиырма алдыншы аптасында- ақ мидың солжақ сыңарындақалыпта-
сып үлгереді. Сонымен қатар ересек адамдарға тән лингвистикалық қабілеттерге 
қатысты жүйке корреляттарын нәрестелерден де байқауға болады. Барлығымыз-


242
ға сәбидің күлкісі ұнайды, алайда оның күлкісінің бөлмені шуаққа бөлегеннен де 
маңызды рөл атқаратынын біле бермейміз. Олар енді ғана қалыптасып жатқан ми 
тілдің қызметін қалай басқаратыны туралы маңызды ақпарат бере алады. Өте бір 
қызық тәжірибе кезінде зерттеушілер он мен екі ай арасындағы күліп отырған сәби 
мен балдырлап отырған сәбиді бейне жазбаға жазып алады. Нәтижесінде, олар сәби 
күліп отырған кезде оның ауызы сол жағына қарай кеңінен ашылатынын мидың оң 
жақ сыңары басқарады, ал былдырлап отырған кезде сәбидің ауызының сол жағы 
кеңірек ашылатынын ( мидың сол жақ сыңары басқарады). Яғни сәби былдырлап 
отырған кездің өзінде мидың сол жақ сыңары сырт қалмайды. Сәби мен жас бала-
ларға жүргізілген көптеген зерттеу бұл болжамды растап отыр [3, 457]
ЭЭГ зерттеулері ересектер сиақты сәбилерде де категориалды есту қабілетінің 
неврологиялық корреляттары бар екенін көрсетіп отыр. Зерттеу кезінде ересектер-
мен бірдей жылдамдықта берілген фонемалық емес акустикалық қоздырғыштарға 
қарағанда фонемалық қоздырғыштарға сәбилердің басқаша жауап беретіні белгілі 
болды. Ең қызығы, бұл жүйке импульсі сәби ұйықтап жатқан кезде де тура осын-
дай нәтиже көрсетеді, бұл – қоздырғышқа жауаптың автоматты түрде іске асаты-
нын және сәбидің назарын қажет ететінін көрсетеді. Осы сиақты басқа да зерттеу-
лер сәби туған кезден бастап мидың сол жақ сыңары лингвистикалық емес акус-
тикалық қоздырғыштар мен лингвистикалық дыбыстарды ажырата алумен қатар 
ересектермен бірдей өткізгіш жолдарын пайдаланатынын анықтап отыр. Туған 
кезден бастап сол жақ ми сыңары тілді өңдеуге және ересектердегі сиақты белгілі 
бір шектеулі тілдік қызметті атқаруға бейімделеді. Заманауи тәсілдер мидың тіл-
дің синтаксистік құрылымына қатысты реакциясын да зерттеуде. Мысалы, жоға-
рыда айтып өткеніміздей, мидың мағынасыз сөйлемдер мен мағыналы сөздерден 
тұратын сөйлемдерге қалай жауап беретінін анықтау мақсатында көптеген зерттеу 
жасалды. Бұл зерттеулер мидың грамматикалық тұрғыдан дұрыс немесе дұрыс 
емес сөйлемдерге бірдей жауап беретінін қайта-қайта дәлелдеп отыр. 
Бірқатар нейролингвистикалық зерттеулер грамматикалық тұрғыдан қате сөй-
лемдерге мидың қалай жауап беретінін зерттеумен қатар оған мидың «сәйкессіз-
дікке жауап беруі» деген ат берді. Түрлі эксперименттер грамматикалық тұрғыдан 
дұрыс емес сөйлемдер кезінде пайда болатын түрлі сигнадарды анықтап отыр. Он-
дай сөйлемдерге тіркестік құрылымның, үйлесімдік заңының бұзылуы немесе т. 
б. айтуға болады. Осындай абстрактылы лингвистикалық құбылыстарды көрсету 
үшін нақты бір неврологиялық қасиеттерді сипаттай алудың өзі үлкен жетістік. 
Мидың грамматикалық тұрғыдан қате сөйлемдерге жауабына қатысты зерттеу-
шілердің пікірін ескере отырып, мидың мұндай сөйлемдерге тезжауап беруі олар-
дың грамматикалық тұрғыдан қате болуымен байланысты ма, әлдеондай сөйлем 
сирек кездесетінімен байланысты ма деген орынды сұрақ туындайды. Тағы бір 
зерттеуде бұл мәселені артикль мен зат есімнің қиылысу тұрғысынан зерттеп көр-
ді. Онда зерттеушілер бірдей сөздердің үш түрлі жағдайда қолданылуын салыс-
тырды: 
1) грамматикалық тұрғыдан 
2) грамматикалық тұрғыдан қате 


243
3) грамматикалық тұрғыдан дұрыс, бірақ өте сирек қолданылады. 
Егер мидың сәйкессіздікке жауап беретіні рас болса, онда 2 және 3-сөйлемдер 
бірдей реакциялар туғызуы керек. Зерттеулер нәтижесі грамматикалық тұрғыдан 
дұрыс болғанымен, сирек қолданылатын сөйлемдерге ми грамматикалық тұр-
ғыдан дұрыс сөйлемдермен бірдей деңгейде жылдам ( 200 миллисекунд ішінде) 
жауап беретінін көрсетіп отыр. Осы сиақты нейролингвистикалық эксперименттер 
мидың тілдің қызметін қалай бақылайтыны туралы жеткілікті мағұлмат берумен 
қатар, көптеген абстрактылы категориялар, концептілер және лингвистикалық тео-
рияларға эмпирикалық тұрғыдан көмектесе алады [4, 35]
Айтып өткеніміздей, соңғы жылдары технологиялық жетістіктердің арқасында 
мидың лингвистикалық және когнитивті қызметін зерттеуге арналған көптеген 
инвазивті емес зерттеу әдістері жолға қойылды. Бұл әдістер белгілі бір лингвис-
тикалық қоздырғышқа сау мидың қалай жауап беретінін анықтап отыр. Мысалы, 
зерттеулердің нәтижесінде қалыпты қызмет жасап тұрған ми екі немесе одан да 
көп дыбыстардың ұқсас немесе бөлек екенін, дыбыстар тізбегі нақты дыбыстар 
құрай алама әлде жоқ па деген немесе сөздер тізбегінен жасалған сөйлемдердің 
грамматикалық тұрғыдан дұрыс немесе дұрыс емес екенін қалай анықтайтынын 
біле аламыз. Бұл зерттеудің нәтижелері тіл мидың сол жақ сыңарының нақты бір 
жерінде орналасқан деген ертеректегі болжамдарды тағы бір дәлелдеумен қатар, 
лингвистер анықтап кеткен көптеген лингвистикалық категориялар мен шектеу-
лер де кездесетін неврологиялық рефлекстерде көрсетеді. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет