238
неді. Азаматтық – отаншылдық сарындағы өлеңдердің жалпытүркілік сарынмен
жырлануы тәуелсіздік жолындағы қазақ халқының қаһармандық тарихын ұрпақ-
тар жадында жаңғыртады. Ақын Хукиев Ибрагим Катибоглуның «Ахыска түрікте-
рінің тарихы», «Тұран жұртым – Түркістаным», т. б., Бадалов Шыңғыстың «Отан
ойыма түскенде», Дямуршаев Тельманның «Қадірлеймін қазақты», «Сыр елі», т. б.
жырлары түркілік поэзия дәстүрінің поэтикалық жалғастығын аңғартады. Түркі
поэзиясының байырғы үлгілерінде негізі қаланған, еріксіз ажыраған ата-бабалық
қоныстарды
ардақтау, мәңгілік сағыныш сарыны жаңғыра қайталанған.
Қазақстандағы әдеби үдеріске ұйғыр поэзиясы да өзіндік орынымен түркі ха-
лықтары ақындары қатарында бағаланады. Ұйғыр ақындарының лирикалық және
эпикалық жырларында да азаматтық – отаншылдық көзқарастағы жалпытүркілік
сарынның басым жырланғандығын аңғарамыз. М. Абдрахмановтың «Қазақстан»,
Һ. Искәндеровтың «Егиз көктен нурлар құйып», А. Муһәммәдийдің «Ечилмас көң-
лүм», «Яш журегим», т. б. өлеңдерінде халық тағдыры, қазақ пен ұйғыр халықта-
рының ғасырлар сынағынан өткен достығы азаматтық рухпен байқалады.
Мысалы, Илья Бахтияның «Отан туралы», «Ана жұртқа хат», Х. Һәмраевтің
«Қазақстаным менің», «Отаннан жақсы жар болмас», М. Абдурахмановтың «Қа-
зақ досыма», «Әссалам уйғурум», т. б. өлеңдерінде түркі халықтарының үзілмеген
тарихи жолы, дербес мемлекеті бар халық болған шындығы, тәуелсіздікті аңсаған
ізгі ойы, қазақ халқының аялы алақаны мен достық құшағы, т. б. сан алуан елдік,
қоғамдық – әлеуметтік мәселелер романтикалық-реалистік сарын тұтастығымен
жырланған. Ақынның «Қазақстан» атты өлеңінен Қазақ жерін мәңгілік Отан, құт-
ты мекен сезінгенін байқаймыз.
... Туғулған қутлуқ диярим, ... Туылған құтты мекенім,
Әзизсән маңа анамдәк. Әзизсің маған анамдай.
Бақимән, Мәңгілік
Қанмас хумарим, Қанбас құмарым,
Өзәңдин кудрәт алай дәп... . Өзіңнен құдірет алғандай... .
...
Бағдики әркин кушлириң, ... Бақтағы еркін құстарың,
Тағлириң, чәксиз далариң – Тауларың, шексіз жайлауың-
Барчиси һаят хушлуғум,
Баршасы өмір құштарым,
Қазақстан, қутлуқ диярим [9, 269] Қазақстан, құтты мекенім.
(Аударған Ш. Бүркітбаева)
Қазақстанның Тәуелсіздік алуы еліміздегі ұйғыр диаспорасы поэзиясының да-
муына үлкен мүмкіндік туғызды. Ұйғыр ақындары өз ойларын еркін айтып, көсіле
жырлады. Ұйғыр ақындары Н. Ахматов, Г. Авутова, Т. Нурахунов, П. Махсатова,
И. Тохтияров, Т. Хезиярова, Ш. Баратова, т. б. тәуелсіз еліміздегі береке, бірлікті
жырлап, Қазақстандағы түркі халықтары әдебиетінің дамуына өз үлестерін қосуда.
Қазақстандағы ең байырғы түркі халықтарының бірі ретінде Тәуелсіз Қазақс-
танның жаңа тарихын қалыптастыруға, дамытуға өз үлестерін қосып келе жатқан
татарлардың, тарихи деректер бойынша қазақ даласына қоныстана бастауы 1552
жылғы Ресей империясының басқаншылық шабуылдарының салдарынан Қазан
239
хандығының құлауынан кейін басталатыны айтылады. Татар ақындары шығарма-
ларының жалпытүркілік арнадағы жолының қазақ поэзиясымен тұтаса бағаланып
келе жатқаны ақындарының шығармашылық үлестерімен айқындалады. Қазақс-
тандағы татар поэзиясының жалпытүркілік арнада танылуында Ғ. Тоқайдың, М.
Жәлелдің жырлары ықпалды орын алады.
Қазақстандық татар ақындары дәстүрлі түркілік отаншылдық сарындағы аза-
маттық лириканы дамыта жырлауы, мысалы, Г. Т. Хайруллиннің «Жамбылға», «Та-
тармын», Ф. Ә. Әбубакированың «Менің Қазақстаным – менің тағдырым», «Қазан,
қазан – Сен менің жүрегімдесің», «Осының бәрі біз туралы», «Мен татар екеніме
мақтанамын!», Н. У. Юсимованың «Біздің тамыр Қазанда», «Біздің бабалар», «Мұ-
қағали Мақатаевқа», т. б. өлеңдерінде татар мен қазақ халықтарының ұлттық ділін,
тілін сақтай, байырғы қоныстарды ардақтау, түркілік дәстүр сабақтастығын құр-
меттеу сарындарымен ерекшеленеді. XX ғ. соңғы онжылдығы мен XXI ғ. алғашқы
онжылдығында Р. Шакиров, Ф. Файзуллина, Г. Галлямова және т. б. ақындардың
жырлары еліміздің баспаларынан жарияланып келеді. Мысалы, Г. Хайруллиннің
«Татар дигән халық» (2005), «Гомер йомгагы» (2009), «Юлга чыктым» (2012), т.
б., Р. Абдусалямовтың «Изге юллар» (2008), «Изге туган телем» (2012), т. б., Н. Ус-
манованың «Онытылмас шәхесләребез» (2009), «Татарларнын милли йоллалары»,
«Сагыш» (2013), т. б. Қазақстандағы татар ақындарының поэзиясы классикалық
әдеби үрдістің жалғасуы заңдылығы аясында бағаланады. Қазақ жерінде өмір сү-
ріп жатқан орыс тілді татар ақындарының қатары да едәуір.
Солардың бірі Фируза Әбубакированың «Мой Казахстан – Моя Судьба!» өлеңі-
нен үзінді келтірсек.
Так
исторически сложилось, Тағдырдың тәлкегіменен,
И так судьба распорядилась, Жазмыштың пәрменіменен,
Что
породнил всех Казахстан, Барлығы Отан еткен Қазақстан,
Отчизною любимой стал! Болдың Сен сүйікті Отан!
... Казахов, турков и корейцев, ... Қазақтар, түрік, кәрістер,
Славян, татар, узбеков, немцов, Славян, татар, өзбек, немістер.
Чеченцев,
греков и других, Шешен, грек және басқалар,
По духу близких и родных! [10, 19] Туысқан болған дос-жаран!
(Аударған Ш. Бүркітбаева)
Қорыта келе айтарымыз: Қазақстанның әдеби үдерісі желісінде, онда өмір сүріп
жатқан түркі халықтары поэзиясының дамуы лирикалық және эпикалық шығарма-
лардың тарихилық сипатпен, азаматтық-отаншылдық сарынмен жырланған поэ-
тикалық ерекшелігімен айқындалады. Қазақстандағы түркі халықтары поэзиясы
дамуының көркемдік жалғастығы мен ұлттық бірегейлік сипатының ерекшелік-
тері – әлем өркениеті кеңістігіндегі тарихи поэтика заңдылығының жолы. Қазақ-
стан Республикасы – байырғы түркі қағанаттары, Алтын Орда, Египет – Мысыр
мәмлүктері, Қазақ хандығы мемлекеттері жерінде берік қалыптасқан өркениеттік
әдеби көркем шығармашылық үрдістер тоғысуы тұтастығының негізгі орталығы.
Әлемдегі түркі халықтарының фольклоры мен әдебиеті мұраларының барлығы
да байырғы атамекен – атажұрт Қазақстанның рухани құндылықтарымен тектес,
240
үндес, туыстас арналарынан қол үзбейді. Қазақстандағы және әлемдегі түркі және
басқа да халықтардың фольклоры мен әдебиеті мұраларын қазіргі заманғы көзқа-
растар аясында қарастырып жатқан жаңа зерттеулерде де сөз өнерінің бұрынғы
– соңғы тектес, үндес поэтикалық табиғатын жүйелеулердің, саралаулардың тың
нәтижесіне қол жеткізілуде. Бұл – ұлттық және жалпыадамзаттық көркемдік ойлау
дүниетанымы кеңістігін бағалау, тану жұмыстарының үздіксіз жалғасатын шығар-
машылық жолы.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: