60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет165/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   179
Пайдаланылған әдебиет: 
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. Аста-
на, 2012 ж. 
2. Оқытушыға арналған нұсқаулық. – Астана: «Назарбаев зияткерлік мектептері» 
ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018 ж. 
3. Халықтық педагогика – даналық мектебі. -Алматы: «Сарыжайлау» қоғамдық 
қоры, 2012 ж. 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аталыкова Қ. 
Алматы облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылы
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алмалы орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 
Халқымызды кемеліне келтіру үшін бүгінгі жас ұрпақты білімді, мәдениетті, 
Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындау әрбір ұстаздың міндетті. Елбасы-
мыздың қолданып келе жатқан салиқалы саясатының арқасында мемлекеттік тіл 
– қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған 


346
ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңнен өтіп келеді. Ендігі мақсат тәуелсіз 
Қазақстанның өсіп келе жатқан жастарын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – 
мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын 
арттыру болмақ.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушының 
өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. 
Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді 
болуы тиіс. Ол – сонымен бірге басқа ұлт оқушыларына қазақтың әдебиеті мен 
мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. 
Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көз-
дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу 
тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспар-
лаудың негізгі талаптары: 
• жағымды психологиялық орта жасау; 
• оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын (уәж, ынта, ұмтылыс) ту-
дыру; 
• ақпараттық-коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету; 
• ақпараттық-коммуникативтік технолгиялармен орындалатын жұмыстардың 
проблемалық болуы; 
• проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге үйрету; 
• кез келген проблеманы шығармашылық тұрғыдан шешуге бейімдеу; 
• өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру; 
• пікірін, тұжырымын, идеясын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру; 
• өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, 
шығармашылықпен орындауға үйрету; 
• оқушылардың бірлескен таным процессіне белсенді араласуына мүмкіндік жа-
сау;
• оқушылардың өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, 
бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау; 
• оқушыларға өздік жұмыстарын ұйымдастыру үшін орта құру. 
Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айт-
сақ модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба технологиясы, да-
мыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы және 
т. б. ал осы жоғарыда аталып кеткен технологиялыардың барлығын бір шоғырға 
жинап отырған «Жеті модуль» бағдарламасы қолға алына басталды. Бұл бағдарла-
мының басты ұстанған мақсаты: оқушылар қалай оқу керектігін үйреніп, соның нә-
тижесінде еркін, өзіндік ой- тұжырымын нанымды етіп жеткізе алатын, сыни пікір 
көзқарастары жүйлі түрде дамыған, ақпараттық техногоияны жетік меңгерген тұлға 
қалыптастыруды көздейді. 
Біріншіден, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде балаларды әлеуметтік-
сындарлы тұрғыдан оқыту болып табылады. Бұл дегеніміз «Диалог негізінде оқы-
ту және оқу» немесе «Қалай оқу керектігін түсіну» оқушыларға оқуды өз бетінше 


347
жалғасытар алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына 
алуға көмектесуге болатынын көрсетіді. 
Екіншіден, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» тәсілі оқушы мен ұстаздың сыни 
тұрғыдан ойлауын дамытады. Ақпарат пен идеяларды синтездеуге, оның шынайы-
лығы мен салыстырмалы түрде қаншалықты маңызды екенін, өзіне қаншалықты 
қажет болатынын түсінуге итермелейді. 
Үшіншіден, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» білім жүйесін бағалауды 
біршама алға бастырады. Өйткені бала орындаған тапсырмасына өзіндік көзқара-
сымен баға қоя білсе, оның не үшін қойылғанын, алдын -ала құрылған критерийлер 
арқылы формативті және суммативті бағалау жұмыстарын жүргізе алады. Өздерін 
бағалау арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, келесі тап-
сырманы толық әрі дұрыс орындауға тырысады. 
Төртіншіден, «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» бұл соңғы заманның басты 
талаптарының бірі. АКТ-сыз бүгінгі таңда жұмысты елестеу мүмкін емес. АКТ ар-
қылы сабақтың тиімді тұстары жетіліп, кенжелеп қалған жақтары бір қадам болса 
да жоғарылайды. 
Бесіншіден, «Талантты және дарынды балаларды оқыту» тәсілі арқылы алдына 
келген жас шәкірттің бойындағы талант пен дарынын көре білу және оны ашу әр 
ұстаздың міндеті. Талған тақырып оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты 
ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарлама-
ларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай қажеттіліктерін қанағаттанды-
ратын оқыту мен оқудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды 
қамтиды. Алтыншыдан, «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен 
оқу» тәсілі дегенде кез-келген тапсырма оқушының сана сезіміне, ойлау қабілетіне 
сай болу керектігін көздейді. 
Жетіншіден, «Оқытуды басқару мен көшбасшылық» ең бастысы мұғалімнің бас-
қарушылық қабілетін дамытады. Егер мұғалім өзінің көшбасшылық қасиетін дұ-
рыс басқара білсе, оқушылар да өз іс-әрекеттеріне басқаша қарап, өздерін, топты 
және сыныпты басқара алатын деңгейге көтеріледі. Бұл дегеніміз білім жүйесінде 
оқушылар тек қана білім алып қоймайды, алған білімдерін не үшін, қайда қолдана 
білетіндерін түсінеді. 
Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту арқылы оқушылар бір-бірімен ашық де-
батқа түсе алады, жинаған материалдарын талдап, оның негізгісін анықтай алады, 
бір-біріне сұрақ қояды, оның дұрыс-бұрыстығы талданады және бәсекелестік пай-
да болады. Ал бәсекелестік болған жерде өсу бар. Сыни тұрғыдан ойлау еліміздегі 
білім беру беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педаго-
гикалық түсінік. Өйткені «ойлау үшін ойлау» дегенді сипаттайды. Бақылаудың, тә-
жірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, баға-
лауға, талдауға және синтездеуге бағытталғын пәндік шешім. Ұстаз үшін ең басты 
мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының 
жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл ат-
қарады.
Осы технологияларды пайдаланудың тиімді тұстары:


348
- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- мұғалімнің уақытын үнемдейді;
- қосымша мәліметтер береді.
Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын АКТ-ны қолдану арқылы өткізсек, әр сабағы-
мыздың өзінде оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыратынымыз 
анық. Оқушылардың өз шығармашылығынан қабілетін таныта алуларына көпте-
ген мүмкіндік туып отыр. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі ке-
рек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.
Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданға-
ны дұрыс «Мен не ұқтым?» және «Мен нені білгім келеді?» деген сұрақтарды есі-
нен шығармауы керек.
«Мағынананы тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар да-
йындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш 
деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере 
отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақ-
тардың өзін сұрыптауда «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясын мұғалім жү-
зеге асырады.
Қорыта келе инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық 
қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік ше-
берлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шы-
ғармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану 
– оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының 
пәнге деген қызығушылығы артады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет