ІІІ. Қорытынды.
– Кластер стратегиясын құру:
жасыл
сары
ағашта өседі
Жапырақ
ауаны тазартады
хлорофилл
қант пен крахмал
342
– Жапырақтағы жасыл бояу қалай аталады?
– Жапырақ түсі неге өзгереді?
– Жапырақ неге түседі?
– Құраған жапырақтың қандай пайдасы бар?
– Біз бүгін не істедік?
– Сендерге ұнады ма?
– Алдарыңда дөңгелектер жатыр. Сабақ ұнаса алдарындағы дөңгелектің ішіне
мынадай қылып салыңдар JСабақ ұнамаса мынадай қылып салыңдар LБүгін сендер
барлығың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.
– Бағалау.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. Астана,
2012 ж.
2. Оқытушыға арналған нұсқаулық. – Астана: «Назарбаев зияткерлік мектептері»
ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018 ж.
3. Дүниетану. Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық. 2018.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРДІ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Джадирова Ш.
Алматы облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылы
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алмалы орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің ал-
дына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан-жақты же-
тілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу –
қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен
жаңаша істеуін қажет етеді.
Білім негізі мектеп қабырғасынан басталатыны белгілі. Мектеп оқушысы не нәр-
сені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұ-
рақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны
мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәр-
бие беру үшін жан – жақты іздене отыру керек.
Білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – оқушыларға терең
білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақ-
сартуға білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқушылар-
дың пән бойынша терең білім алуы мұғалімдердің дағдыларына да байланысты,
343
яғни, олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған дейінгі білімдерімен үштастыра
алуын бақылай білулері де маңызды. Бұл үдеріс әр оқушының жеке дағдысы мен
қабілеттеріне байланысты әртүрлі болады. Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық әдіс
тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арт-
тырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқы-
туда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды
өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім. Ол бүгінгі бі-
лім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы
мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне
қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбие-
леуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен
бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үр-
дісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Білім,
дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы – бастауыш саты. Келешекте арнаулы
мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдір-
шіндердің ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дүниетанымын кеңейтетін – ұстаз
шеберлігі. Әсіресе, терең де тиянақты білім беруді ұлағатты тәрбиемен ұштасты-
руда бастауыш сынып пәндерінің өзіндік орны ерекше. Мемлекетіміздің білім беру
үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келе-
шек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазақ тілі – мемле-
кеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті
тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқы-
тудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр.
Қазіргі таңда оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жа-
ңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-
тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді
қолдана білу міндеті тұр. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламала-
рындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей
білуді талап етеді.
Жаңартылған білім жүйесі – құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарла-
ма. Бұл бағдарлама оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра
отырып
• сын тұрғысынан ойлауды;
• зерттеу жұмыстарын жүргізуді;
• тәжірибе жасауды;
• АКТ-ны қолдануды;
• коммуникативті қарым-қатынасқа түсуді;
• жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуді;
• функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді;
• оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен
оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді.
Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін аза-
мат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Жаңартылған оқу
344
бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және
белсенді оқыту технологиялары да қарастырылды. Сол себепті қысқа мерзімді сабақ
жоспарын құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне басты назар-
ды аударып, мысалы, «Өрмекшінің өрмегі», «Қораптағы сұрақ», «Серпілген сауал»
әдіс-тәсілдерін күнделікті қолдану барысында оқушылардыңт сабаққа деген қызы-
ғушылықтарының арттатындығын аңғардым. Сабақ барысында ресурстарды молы-
нан қолдануға тырысамын. Әр сабақта қолжетімді ресурстарды дұрыс, әрі ұтымды
пайдалану тиімді. «Алфавит тізбегі» оқушылар өткен тақырып бойынша алған бі-
лімдерін алфавиттегі әріптерден басталатын сөздерді кезекпен атап шығу керек.
Мысалы тақырыбыңыз «Қазақстан» «қала» «Менің достарым болса», »Маршрут»
ойыны. Бұл ойын бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы
сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің со-
ңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады. Мысалы, Алматы –
ыдыс – сабын – нар – рахмет – тарақ -қарбыз т. б Қатар отырған оқушылар бір-бірі-
не теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай,
аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы
бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақ-
сы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабіле-
ті, бақылағыштығы жақсарады. «Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға
талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады?
деген сұрақ қойылады. Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші топ ол заттар
не үшін қажет екенін айтып беруі керек. «Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде
түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мыса-
лы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр).
Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады.
Белсенді оқу барысында мұғалімдер:
- барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу
ортасын қалыптастыруға;
- әр оқушының пікірін тыңдап, алдыңғы білім, білік, дағдыларды пайдалану ар-
қылы оларды дамытуға;
- оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді
әдістәсілдерлі қолдануға;
- сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін тал-
дап, рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
- проблемалық жағдаяттарды модельдеп, оларды шешудің оқушыларға түсінікті
тәсілдерін таңдауға;
- алға қойылған оқу мақсатына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиім-
ді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдала-
на отырып; бүкіл сынып қатысатын ұжымдық (құрамы ауыспалы жұптар), топтық
(шағын топтар) немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін
ұйымдастыруға және уақытты басқаруға;
- оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсінді-
руде, мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті де анық, қарапайым тілді пай-
далануға;
345
- оқу үшін бағалау арқылы оқушылардың оқуына қолдау көрсетуге;
- оқушылардың белсенді оқу және зерттеу жұмысын орындау дағдыларын дамы-
туға;
- оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға; – оқушылардың
жеке ерекшеліктеріне байланысты өзіндік дамуын қолдайтын жағдай жасауға;
- оқушылардың танымдық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп, саралан-
ған тапсырмалар дайындауға;
- оқушыларды оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс.
Қазіргі замандағы ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасыр – білім ғасырының
есігін еркін ашып кіретін, дүниежүзілік мәдениетті танып, ұлттық төл мәдениетті
қастерлей білетін, рухани жан-дүниесі бай, ой-өрісі дамыған жоғары білімді, заман
талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.
Қорыта айтқанда, бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қол-
данысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім
алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты
жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің терең-
дігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Білім беру мазмұнын жаңарту
аясында өз кәсіби біліктілігімізді шыңдап, құзыреттілігімізді қалыптастырсақ қана
тиімді нәтижеге жетеміз.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |