60х84 1-8 Сарыбаев indd


РЕҢК МӘНДІ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ОҚУЛЫҚТАРДА БЕРІЛУІ


бет174/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

РЕҢК МӘНДІ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ОҚУЛЫҚТАРДА БЕРІЛУІ
 
Құрманәлиева З.А.
Қайнар академиясының профессоры,
филология ғылымдарының кандидаты
Зат есім сөз таптарының сөзжасамында түрленген туынды мағыналы сөздердің 
жұрнақтарын басқа жұрнақтардан бөліп қарау бар. 
Көрнекті ғалым А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында зат есім сөзжаса-
мында «Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар» деп бір топ жұрақтарды 
бөліп көрсеткен болатын. Бұл жұрнақтарды тануда ғалымның пікірі тұрақты екенін 
айта кету керек. Ғалым «Қазіргі қазақ тілі» оқулығын алғаш баспадан 1964 жылы 
шығарғаны белгілі. Содан бері осы оқулық тағы екі рет басылым көрді. Осы үш 
басылымның бәрінде ол реңк мәнді жұрнақтарды бөліп беріп отырған.
1964 жылғы оқулықтың басылымында бірден әр жұрнақтың мағынасы талдан-
са [1], 1974 жылдағы басылымнан бастап, ол жұрнақтардың жалпы сипатына мән 
берілген [2]. Осы басылымдарда берілген жұрнақтардың саны мен түрлерінде өз-
геріс жоқ. Яғни ғалым үнемі белгілі бір топ жұрнақтарда реңк мәнді жұрнақтар деп 
таныған. Олар мыналар: 1) -еке, -қа, -ке, 2) -й, 3) -тай, 4) -жан, 5) -қан, -ақан, 6) -қай, 
-кей, 7) -шақ, - шек, 8) -шық, -шік, 9) -ша, -ше, 10) -ш, 11) -сымақ, 12) -шығаш, -ші-
геш, 13) -екеш [3, 159-161].
Бұл жұрнақтар «Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында да [4] танылған, яғни, 
зат есім сөзжасамында оларды профессор Н.Оралбай «Есімдерден зат есім жасай-
тын жұрнақтар» тобында қарастырады. Автор бұл жұрнақтарды екі топқа бөліп 
қараған: 1) лексикалық мағынаны өзгертетін жұрнақтар, 2) лексикалық мағынаны 
түрлендіретін жұрнақтар. Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтарға автор 
А.Ысқақов реңк мәнін тудыратын жұрнақтар деп атаған жұрнақтарды жатқызған, 
бірақ оны толықтырған. Олар мыналар: 
1. -еке, -қа, -ке (Жұмеке, Мұқа, Сәке);
2. -й (апай, ағай, әкей, шешей);
3. -тай (ағатай, әкетай, көкетай);
4. -жан (Ардақжан, көкежан);
5. -қан, -ақан (ботақан, қошақан);
6. -қай, -кей (балақай, шешекей);
7. -шақ, -шек (құлыншақ, інішек);
8. -шық, -шік (қапшық, көлшік);
9. -ша, -ше (кітапша, өгізше);
10. -ш (Құрмаш, Айнаш);
11. -сымақ (көлсымақ, таусымақ);
12. -шығаш, -шігеш (байшығаш, ершігеш);
13. -жын, -жін (құнажын, дөнежін);
14. -ес (белес, дөңес);
15. -қа (қырқа);


372
16. -ат (қырат);
17. -қал (шатқал);
18. -пат (ойпат);
19. -пан балапан);
20. -анақ, (шұқанақ);
21. -қалаң (шатқалаң);
22. -ақай (итақай);
23. -ек (жетімек);
24. -бай (елпекбай);
Бұл айтылғандардан біз сөзжасамның түрленген туынды мағынасын жасайтын 
арнайы жұрнақтардың түрліше аталғанынан қарамастан (реңк мәнін тудыратын 
жұрнақтар, лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар), олар қазақ тіл білімін-
де танылған жұрнақтар.
Осы талдау түрленген туынды мағына, яғни түрленген лексикалық туынды 
мағына жасайтын қосымшалар ретінде тілде әбден қалыптасқан арнайы жұрнақтар 
екенін көреміз. Бұл жұрнақтар — тілде ертеден қолданылып келе жатқан, өзіндік 
мағыналары әбден қалыптасқан жұрнақтар олардың өзіндік қолдану заңдылығы 
бар. Әр жұрнақтың мағыналары да қалыптасқан. Сондықтан олардың бір сөзге 
біреуі ғана қосылып, оған өз мағынасын үстейді. Мысалы, Айнаш, Кенжеш, ба-
лақай, балапан, әпке, қалқаш, Байсекей, ағеке, жездеке, апеке т.б. Бұл мысалдардың 
бәрі ішкі сезімге, жақсы көруді білдіруге , сыйлауға байланысты қолданылатын, 
яғни эмоционалды мәнді сөздер. Бұлардың бәрінде сөздің лексикалық мағынасын 
түрлендіретін бір-бір жұрнақ қолданылған. Ол — сөзжасамдағы негізгі заңдылық. 
Бірақ туынды сөз де негіз сөз, яғни уәждеме қызметін атқаратын болғандықтан
туындыдан жасалған туындыларда бірнеше жұрнақ бола беретіні белгілі. Мысалы, 
біл-ім-паз-дық, ас-паз-шы т.б. Міне, осы заңдылықты лексикалық мағынаны түр-
лендіретін жұрнақтардың қолданысынан да көруге болады. Мысалы, Айнашажан, 
кенжештай, балақайжан, балапантай, балапашжан, әпкетай, қалқашжан, Бексекей-
жан, ағакеш, жездекетай, жездекеш, жездекежан, әпкеш т.б. мысалдарды алсақ
оларда лексикалық мағынаны түрлендіруші екі жұрнақ қосылып қолданылынған. 
Ол жалпы заңдылыққа сай, бірақ мұнда сыйлау, жақсы көру сияқты ішкі сезім мәні 
күшейтілген. Олай болса, реңк мәнді жұрнақтар түрленген туынды лексикалық 
мағыналы сөздерді айғақтайтын, білдіретін белгілердің бірі болып табылады.
Демек, бұл тілдегі кездейсоқ құбылыс емес. Ол — тілде, яғни сөзжасам жүйесін-
де өзіндік орны бар, өзіндік мағынасы бар, ол мағынаны білдіретін ертден қалыпта-
сқан көрсеткіштері бар, сөзжасам тәсілдері арқылы жасалатын, әбден қалыптасқан 
заңды тілдік құбылыс. 
Сөзжасамның түрленген туынды мағынасының елесі бір белесі уәждемелі сөздің 
негіз сөзден сөз табына қатысы өзгермейді. Уәждеме сөз қай сөз табының сөзі бол-
са, уәждемелі сөз де сол сөз табында қалады, яғни оның сөз табы өзгермейді. Мы-
салы, нағашытай, жиентай, немереш, атеке, жеңгей, бөбетай, тәтетай, апатай, көке-
жан, саусақай, тоқтышақ, түйіршік, көрпеше, кітапша, сандықша, қобдиша, өгізше, 
бұқашық, бөлімше, серкеш, байшыкеш, өзенсымақ, дөңес, қырат, балапан, жетімек 


373
сияқты туынды түбір сөздерді алсақ, олдардың бәрінің уәждеме сөздері — зат есім 
сөздер: нағашы, жиен, немере, ата, жеңге, бөпе, тәте, апа, көке, саусақ, тоқты, түй-
ір, көрпе, кітап, сандық, қобди, өгіз, бұқа, бөлім, серке, бай, өзен, дөң, қыр, бала, 
жетім. Ал осы зат есім сөздерден жасалған жоғарыда келтірілген туынды түбір сөз-
дер де — зат есім сөздер. Бұдан олардағы жұрнақтар туынды түбір сөздер жасаға-
нын, бірақ туынды сөздерде уәждеме сөздердің сөз табы сақталғаны анықталды. 
Олай болса, бұл туынды түбірлердегі жұрнақтар зат есім сөздерден туынды зат есім 
сөз жасайтын жұрнақтар екені анықталды. 
Сөзжасамдық жұрнақ атаулы кез келген сөзден туынды сөз жасай бермейтіні бел-
гілі. Қай сөзжасамдық жұрнақ болмасын белгілі бір мағыналық топтағы сөздерді 
өзінің мағынасына ыңғайлы, лайықты сөздерді таңдап қолданатыны байқалып жүр-
ген мәселе. Қазіргі кезеңде тек етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар, керісінше 
зат есімнен, не есім сөздерден етістік жасайтын жұрнақтар типтес топтарды көр-
сету ғана қалыптасқан. Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтарды зерттеу 
барысында олардың кез келген зат есім сөздерден туынды зат есім жасай бермей-
тіні анықталды. 
Олардың негңі сөзінің ең үлкен тобы адамға қатысты атаулар. Адамға қаты-
сты атаулар деген ұғым да өте кең. Ол зат деген ұғыммен астасады. Сондықтан ол 
ғылымда әр түрлі тұрғыдан қаралып жүр. 
Қазақ тіл білімінде адамзат пен ғаламзат деп бөлу бар екенін айту орынды. Ол 
туралы ғалым А.Ысқақовтың пікірі — көңіл бөлерлік пікір. Өз сөзімен айтқанда: 
«Тіліміздегі зат есімдерді семантикалық және грамматикалық жағын талдап қара-
сақ, олардың бір саласы адам атаулары, екінші саласы адамнан басқа жан-жануар-
лар мен заттардың атаулары болып келеді» [3, 137].
Енді ғалымның адамзат атауларына берген анықтамасын келтірейік: «Зат есімің 
бұл тобына, жалпы алғанда, адам атаулымен байланысты ұғымдардың аттары және 
кісі аттары енетіндіктен, оларды осы семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат 
есімдері деп атауға болады» [3, 138]. Түрленген туынды лексикалық мағына туды-
ратын жұрнақтар алдымен осы адамзат атауларынан туынды зат есім жасайды.
Олардың ішінде жалқы есімдерден, жалқы есімдер ішінде кісі аттары түрленген 
туынды мағыналы зат атауларын жасайды. Оларды атасақ -ек; -қа; -ке; -а; -е жұр-
нақтарының сөзжасамдық қызметі адамзат атауларынан, оның ішінде, әсіресе, кісі 
аттарынан түрленген туынды лексикалық мағына жасайды. Бұл жұрнақтардың бір 
ерекшелігі әуелі жалқы есімдер, яғни кісі аттары қысқартылады, қысқарған кісі ат-
тарына -еке, -қа, -ке жұрнақтары қосылып, олардан түрленген туынды лексикалық 
мағыналы сөз жасалады. 
Бұл — түрленген туынды лексикалық мағына жасаушы жұрнақтардың ішіндегі 
ең өнімдісі. Олар жалқы есім атауларының қайсысынан болсын, таңдамай, оның 
түрленген туынды мағыналы тұлғасын жасай алады. Тілде жалқы есім кісі атта-
рының молдығы белгілі, түсінікті мәселе. Бұл жағдай жоғарыдағы жұрнақтардың 
өнімділігінің нақты дәлелі. Оған мысал ретінде кез келген кісі аттарын алуға бола-
ды. Мысалы, Есеке-Есен, Жұмеке-Жұман, Мұқа-Мұхтар, Сәбе-Сәбит, Құреке-Құр-
манғали, Жақа-Жақсылық, Омеке-Омар, Жүке-Жүніс, Асеке-Асқар, Гүлеке-Гүлнар, 
Нұреке-Нұрдәулет т.б. 


374
Адамзат атауларының ғалым А.Ысқақов көрсеткен ішкі мағыналық құрылы-
мы тек кісі аттарынан ғана құрылмайды. Оның ауқымының кеңдігін ғалымның өз 
сөзімен білдірейік: «Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, 
қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, қалыңдық, еркек, әйел т.б.), туыс атауларын (әке, 
шеше, әже, апа, аға, іні, ата, сіңлі, немере, шөбере, нағашы, жиен, құда, құдағи, 
күйеу т.б.), іс-әрекет пен кәсіп-амандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, 
егінші, малшы, еңбеқор, суреткер, артист, инженер, диқан, ғалым, мұғалім, дәрігер, 
композитор, сатушы т.б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атаулары (дирек-
тор, лейтенант, ұлық, бастық, төре, ханым, мырза, жолдас т.б.) және басқа да осы-
лар сияқты адамға тән атауды айтамыз» [3,138]. 
Осылардың ішінен кісі аттарынан басқа туыстық атаулардың бірсыпырасынан да 
жоғарыда аталған жұрнақтар түрленген туынды лексикалық мағыналы сөз жасай-
ды. Мысалы, шешеке, әжеке, атеке, ағеке, апеке,нағашеке, құдеке, жездеке.
Кейбір лауазым атауларынан да бұл жұрнақтар түрленген туынды лексикалық 
мағыналы сөздер жасайды. Мысалы, басеке-бастық, ханеке-ханым, мырзеке-мырза 
т.б. 
Біз бұл талдауларда адамзат атауларының түрлі мағыналық топтарының ішінен 
-еке, -қа, -ке, -а, -е жұрнақтары кісі аттарынан, туыстық атаулардан, кейбір лауазым 
атауларынан түрленген туынды мағыналы зат есімдер жасайтынын анықтадық. 
Сөйтіп бұл арада -еке, -қа, -ке, -а, -е жұрнақтарының адамзат атауларының бәрі-
нен туынды сөз жасай бермейтіні, олардың ішінен белгілі мағыналы топтардан ғана 
түрленген туынды лексикалық мағыналы сөз жасалатынын анықталды. 
Осы сияқты реңктік мәнді туынды зат есім сөз жасайтын басқа жұрнақтар да кез 
келген зат есімдерден түрленген туынды мағыналы сөз жасай бермейді. Әр жұрнақ 
белгілі бір топ мағыналы сөздерден ғана түрленген туынды лексикалық мағыналы 
сөз жасайды. 
Сөйтіп, сөздің реңк мағынасы алуан түрлі, оларды жасайтын өзіндік арнайы сөз-
жасамдық жұрнақтары болатыны айқындалды. Ол сөзжасамдық жұрнақтар негіз 
сөздің лексикалық мағынасын сақтай отырып, оларға түрлі реңк мағынасын қосып, 
лексикалық мағынаны түрлендіретіні белгілі болды.

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет