60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет171/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы: Ғылым, 1975. – 419 б. 
2. Мұхамеджанұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы: Дәуір, 1993. – 224б. 
3. Абай Құнанбайұлы. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп. . .: Өлеңдер, поэмалар, 
қара сөздер. – Алматы: Раритет, 2008. – 384 б. 
4. Ғабдуллин Б. Абай және Сократ// Абай тағылымы. - Алматы: Жазушы, 1986. 
159-171 -б. 
5. Абай. Қара сөз. Поэмалар. Книга слов поэмы. - Алматы: Ел, 1993. - 270 б. 
6. Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: Қазақ эн-
циклопедиясы. 2012. - 614 б. 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА БАСШЫЛЫҚҚА АЛЫНАТЫН 
ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАР
Мырзакулова Г. 
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Педагогикалық ғылымдар магистрі, сениор-лектор
Тіл үйрету әдістемесі дидактиканың қағидаларына сүйене отырып, тілді оқыту 
әдістері мен тәсілдерін, амалдарын белгілейді, қазақ тілі сабағының теориялық не-
гізін қалыптастырады. Сол сияқты, берілетін білімнің мазмұнын анықтау, оқу мате-


362
риалдарын іріктеу, жаттығулар жүйесін қалыптастыру – бәрі де оқытудың қағида-
ларын дұрыс таңдағанда ғана шешімін табады. 
Тіл үйренушілерге қазақ тілінен тиянақты білім беруде сүйенілетін жалпы ди-
дактикалық принциптер мыналар: ғылыми принцип, жүйелі принцип, көрнекілік 
принципі, саналылық пен белсенділік принципі, теорияны практи-камен байланыс-
тыру принципі және жеке студенттердің психикалық ерекшелігін ескеру принципі. 
Оқытушы бұл принциптерді бір-біріне ұштастырып отырады. Тілді шетелдіктерге 
үйрету мәселесімен көп айналысқан ғалым Е. И. Пассов әдістемешілер тарапынан 
тілді оқытудың 40-қа жуық қағидалары ұсынылғанын атап өтеді. Кейбір ғалым-
дар екінші тілге үйрету қағидаларын жалпы дидактикалық қағидалармен бірлікте 
қарастырса, кейбіреулері тек осы тілдің өзіне тән қағидаларын басшылыққа алу 
керектігін дәлелдейді. Е. И. Пассов мына қағидаларды ұсынады: 
- Ауызша сөйлеу негізіне құрылған (принцип устной основы); 
- Тіл бірліктерін бір-бірімен байланысты үйрету (комплексность); 
- Ана тілінің ерекшеліктерін ескеру;
- Қатысымдық әрекетті жаттығулар арқылы жүзеге асыру; Ғалымның осы пікір-
лерін басшылыққа ала отырып, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытуда мына қағи-
даларға сүйенген дұрыс боларын тәжірибе барысы көрсетеді: 
- саналық қағидасы; 
- грамматикалық құрылымның сөйлеудегі қолданысын ескеру; 
- ана тілінің ерекшелігін ескеру; 
- тіл материалдарының байланыстылығы
- көрнекілік; 
- оқу мен тәрбие ісінің бірлігі; 
- қатысымдық; 
- морфологияны синтаксистік негізде оқыту; 
- белсенділік; 
- тіл үйренушінің жеке басының ерекшелігін ескеру
- беріктілік. 
Сондай-ақ, оқытудың өмірмен байланыстылығы қағидасының мәні ерекше.  Қа-
зақ тілін оқыту үдерісі студенттің болашақ маман ретінде өмірлік қызметіне, қаже-
тіне жарайтын әдіс-тәсілдер мен білік-дағдыларды игеруі үдерісі ретінде ұйымдас-
тыруда аталмыш қағиданың маңызы зор. Қазақ тілін білім алушы студенттерге тек 
қана пән деп оқытпай, қазақ тілінің оның келешектегі қызметінің маңызды бөлшегі 
ретінде оқыту және танытуға байланысты болуын ескере отырып, ілім беру көзде-
леді. 
Оқу-танымдық қызметтің жүйелілігі қағидасы.  Жоғары мектеп дидактикасын-
да жүйелілік дегенде белгілі бір пәннің не оның құрамдас бөліктеріндегі курстың 
біртұтастығы айтылады. Осыған қоса біз мақаламызда қозғалып отырған пробле-
маның мақсаты мен міндетіне байланысты мультимедиалық оқытудағы студенттің 
машық-дағдылары мен әдіс-тәсілдерінің біртұтастығы алынып отыр. 
Оқу материалының ғылымилылығы мен түсініктілігі қағидасы. Ғылымилылық 
қағидасы студенттерге қазақ тілін оқытудағы білім мазмұнының дұрыс іріктелуі 


363
мен сұрыпталуына басшылық етеді. Сонымен қатар студенттерге қазақ тілін оқы-
туда мультимедиалық оқытудың орны мен функциясы, мультимедиалық оқыту-
дағы таңдалатын материалдардың енгізілу жолы да осы қағидаға сүйене отырып 
жасалады. Қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытудың маңызды қағидасының 
бірі – бүгінгі күнгі оқытудың маңызды бағыты болып табылатын тұлғалық-бағ-
дарлық оқыту қағидасы.  Аталмыш қағида белгілі бір мағынада тәрбиелеу арқы-
лы және дамыта оқытумен қатар оқытуды жекелеу қағидасымен байланысты екені 
белгілі. Оқытудың тәрбиелеуші және дамыта оқыту қағидалары қазақ тілі пәнінің 
студенттерді дайындаудағы жалпы білім беру және дамыту компоненттері болып 
табылатындығында. Оны студенттердің қазақ тілі бойынша білім меңгеруі үдері-
сінде өздерінің ойлауын сезініп, ойларын жеткізу тәсілдерін терең түсініп, тілдің 
қарым-қатынас құралы ретіндегі функциясын таниды. Осы қызметтермен қатар 
студенттердің бойында сөйлеу мәдениеті қалыптасып жатады. Ал қазіргі кезде қа-
зақ тілінің қоғамдық өмірдің барлық дерлік саласына еніп келе жатқандығына бай-
ланысты оның шынайы коммуникацияда қолданылуы қазақ тілі бойынша шынайы 
білімді, пікірді, ниетті де қалыптастыру мәселелерін де қарастыруды талап ететіні 
белгілі және де бұл жағдай белгілі бір әлеуметтік шарттардың орындалуын да талап 
етеді. Қазақ тілін мультимедиалық оқытудың дамыта оқыту қыры тілді үйренуші 
студенттің коммуникативтік және әлеуметтік-мәдени қалыптасуымен тығыз байла-
ныста болады. Сонымен қатар студент интеллектуалды және дербес әрекет жасай-
тын индивид деп танылып, оның сөйлеу қызметі өзінің сөйлеу тәжірибесінің және 
тілді, мәдениетті, қарым-қатынасты меңгерудегі тәжірибелерінің өзгеруіне байла-
нысты болады. Жоғарыда көрсетілген қағиданың мазмұны студенттердің бойында 
тек қана қазақ тілінде қарым-қатынас жасай білуді дамыту емес, сонымен қатар 
оның әлемді тануын қазақ тілінде сөйлеу арқылы жүзеге асыруды көздеу болып 
табылады. Осыған байланысты қазақ тілін қазақ халқының мәдениеті арқылы үй-
рету көзделеді. Сондықтан да, А. А. Леонтьевтің айтуы бойынша, тілді оқытудағы 
тұлғалық-бағдарлық қағида мыналарға негізделуі тиіс. Аталмыш тұжырымға қазақ 
тілін оқыту бойынша мына тұжырымдарды көрсетуге болады: 
• 
студенттердің әлеуметтік тәжірибені игеруіне көмек көрсетіп отыру, яғни сту-
денттің бойында болашақ маман болып ел экономикасын дамытушы субъект ретін-
де қоғамда қалыпты өмір сүруіне қажет қазақ тілінде білім, дағды, білік қалыптас-
тырылуы керек; 
• 
студенттің еркін және шығармашылық ойлау қабілетін ынталандыру, соның 
ішінде қазақ тілінде ойлай білу қабілетін дамыту; 
• 
студенттің бойында әлемнің біртұтас суретін қалыптастыру және оның қазақ 
тілінде ойлау қабілетін аша отырып, әлемге деген көзқарасын қалыптастыру; 
• 
студентті қазақ тілін оқуға және қазақ тілін әрі қарай игеруге бағдар беріп жос-
пар құруға үйрету, цифрлық технологияның жетістіктерін пайдалана отырып жа-
салған мультимедиалық оқу құралдарын студентке өзінің болашақ мамандығының 
бағыты мен мазмұнына сәйкес жасалған материалдарды, ақпараттарды қазақ тілін-
де ала білуге, оны өзінің қызметтік әрекетінде пайдалануға үйрету; 
• 
студенттің бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру, соның ішінде өзінің 
мекен етіп отырған ортасының, мемлекетінің тілін игеруге, оны әрі қарай дамыту-


364
ға бағыттау. Сонымен қатар студентті өзін-өзі дамытуға көмек беретін уәждемені, 
рефлексияны, жүйелі білімді әлем суретінің құруындағы бақылаудың құралы ретін-
де пайдалана алатын тұлға ретінде қалыптастыру. 
Жалпы мультимедиалық оқытудың өзі оқыту және оқу үдерісіне экранда немесе 
мониторда бейнеқатарлардың көрінуін қамтамасыз ететін бағдарламалық, аппарат-
тық құралдардың қолданылуы арқылы іске асатын үдеріс болып табылады. Қазіргі 
цифрлық технологияның жетістіктері студенттің шығармашылық әлеуетін ашуға 
және оның табиғи икемділіктерін толықтай дамытуға үлкен мүмкіншілктер беріп 
отырғаны белгілі. Ескере кететіні, мультимедиалық оқыту және мультимедиалық 
құралдар студенттің ғана тұлғасына әсер етіп қоймайды, сонымен қатар олар оқы-
тушының да тұлғасына әсер етуде. Осыған байланысты жалпы мультимедиалық 
оқыту құралдарының өзі барлық білім беру үдерісіне әсер ететін маңызды күш деп 
қарастырылуы керек. 
Қазіргі жағдайдағы оқытудың өзінің интеллекттенуі және оны интеллекттің да-
муы үшін оңтайлы қолдануға бағытталуы ақпараттық технологияның жетістігі 
мультимедиалық оқыту құралдарын білім алушы студенттің тек қана оңтайлы қыз-
меттерді меңгеруі ғана емес, сонымен қатар сол құралды қолдана отырып, ойлау 
арқылы сәйкес әрекет түрін табуға бағыштау қажет. Студенттің өрелік деңгейінің 
машинаға тәуелді болмай, берілген ақпаратты меңгеріп қана қоймай, оқу ақпараты-
ның бірнеше рет қайталанып отыруы нәтижесінде және ол ақпаратқа студенттің өз 
бетінше қайта оралып, игере алатын мүмкіншілігіне орай сол ақпаратты өз бойында 
шығармашылық әрекет тудыруға әкелетін қабілетті тудыратын құрал ретінде пай-
далана алуға әкелуі қажет. Осы жерден қазақ тілінің жоғары оқу орнында оқыты-
луының саналылық қағидасы туындайды. Тілдік материалды меңгеру дағдылары 
мен біліктері саналы негізде қалыптасады. Өзара байланысқан коммуникативтік, 
әлеуметтік, мәдени және когнитивтік дамудың терең негізі оқылып жатқан тілдің 
қарым-қатынас құралы ретінде, игерілетін білім, өзін-өзі таныту құралы ретінде 
саналы түрде пайдаланылуын талап етеді. Тілдік құралдарды саналы түрде игеру 
қарым-қатынас кезінде тілді жеке меңгерудегі үдерістерді саналы басқаруға қызмет 
етеді. Сонымен қатар саналылық қағидасы оқу жағдайында бүгінгі күні жаңа маз-
мұнға ие болып отырғаны ескерілгені дұрыс. Шетел тілін оқыту әдістемесін зерт-
теуші-ғалымдар оның «формалды түрде» берілмей, тілді тасымалдаушы халықтың 
мәдениетін қоса оқыту арқылы меңгеру керектігін айтады. Осы қасиеттер мен бі-
ліктердің барлығын дамыту мына үдерісте іске асады: өздері мекен етіп отырған 
қазақ елінің жағдайын таныстыру және олардың өзіндік ұлттық ерекшелігі бар қа-
рым-қатынастарын үйретуде; 
• 
қазақ халқының әдет-ғұрпымен таныстыруда, қазақ халқында қабылданған 
өмірлік этикалық қағидаларды үйретуде; 
• 
қазақ халқының тұрмыстық, күнделікті мәдениеті туралы ақпарат беру және 
оларды оқытып үйретуде; 
• 
елде болып жатқан әлеуметтік проблемаларды және тенденцияларды сыни тұр-
ғыдан түсінуге үйретуде; 
• 
қазақ халқының жоғары мәдениеті үлгілері мен интеллектуалды еңбектің эмо-
ционалды түйісуі туралы айтуда, үйретуде. 
Тілді тасымалдаушы халықтың мәдениеті арқылы тілді игерту үдерісі өз ретінде 


365
білім алушының тілдік тұлғасын дамытуда мәдениетаралық құзыреттілігін қалып-
тастыруды да көздейтінін атап өткен дұрыс. Қазақ тілін үйренуші студент бірігу, 
өзара сыйластық, мәдениетаралық айырмашылықтарға төзімділік таныту, мәдение-
таралық кедергілерді жеңу ұстанымдары негізінде мәдениет диалогтарына қатыса 
алатын субъект болуы керек. Осының негізінде қазақ тілін мультимедиалық оқыту-
дағы ұстанатын тағы бір қағида тіл мен мәдениеттің біріге қаралуындағы мазмұн-
да болуы. Осыған байланысты келесі дидактикалық қағида мәдениетаралық қаты-
нас құру қабілеттілігін арттыруға бағытталған тілдік білім беруде қарым-қатынас 
жасауға үйрету әрекеті шығармашылық үдеріс ретінде құрылуы керек. Әрбір тіл 
үйренушіге кең мүмкіншілік беретін бұл үдерісте тұлғаның эмоционалды, комму-
никативік, интеллектуалды салаларына көп көңіл бөлінеді. Тілді оқытудың шығар-
машылық сипаты әрбір тілді үйренушінің дербес пікірін іске асырады. Сондықтан 
да меңгерілген материал, қалыптастырылған дағды мен білік міндетті түрде іске 
асырылуы тиіс. Оған толық мүмкіншілік беретін мультимедиалық оқытуда студент 
өзінің оқу қызметін дербес жасай алады және білімнің нәтижесін бірден көре ала-
тын жағдайы да болады. Сондықтан да берілетін оқу материалының құрылымы мен 
мазмұны студенттің когнитивтік дамуына бағытталуы тиіс. Өйткені тілді меңгеру 
тек қана концептілерді кодтау болып қана қоймайды, тілді меңгеру сол тілді оның 
тасымалдаушысының бойындағыдай әлем суретін қалыптастыруды да көздейді. 
Мультимедиалық оқу материалдарымен жұмыс істей отырып, студент оқу проце-
сіне тікелей қатысушы және сол ел туралы алған ақпаратын өңдеуші, таратушы 
сияқты қызметке түрлерін игереді және оған ие болады. Өйткені тілді оқытуды мә-
дениеттану тұрғысынан қарастыру коммуникативтік, когнитивтік, құзыреттілік-
қызметтік, тұлғалық-қызметтік және социомәдениеттік сияқты бағыттардың басын 
қосады. Осыған байланысты жалпы дидактикалық қағидалар негізінде мына әдіс-
темелік қағидаларды да айжыратуға болады: 
• 
оқыту үдерісінің сөйлеуге бағытталуы; 
• 
оқыту үдерісіндегі мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайларын модельдеу; 
• 
саналылық; 
• 
модульдік; 
• 
мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастырудағы оқу материалының жүйелі-
лік, толықтық; 
• 
студенттің тұлғалық қажеттілігін есепке алу. Мұның ішіндегі сөйлеуге бағыттау 
қағидасы жалпы дидактикалық болып табылады. Сөйлеуге бағыттау қағидасын ұс-
тануда оқыту үдерісінде сөйлеуге бағытталған және сөйлеу сипатындағы жаттығу-
ларға аса зейін қойылады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет