60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет27/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

ОмонимдерҚазақ сөйленістері жүйесінде бір-бірімен тұлғасы бірдей, мағына-
сы әр түрлі сөздер қатары мол кездеседі. Әдеби тілмен салыстырғанда аймақтық 
омонимдердің ерекшелігі бар. Бұл олардың таралу шегіне байланысты, сол себеп-
ті Ш. Сарыбаев аймақтық омонимдерді әдеби омонимдермен салыстыра отырып, 
диалектілік омонимдік қатарлар және әдеби-диалектілік қатарлар деп екіге бөледі 
[13, 23-24-б.]. Мұндай қатарлар азық-түлік, тағам атауларында да ұшырасады. Ай-
мақтық омонимдік қатардың мағыналары тек сөйленіс жүйесіне тән болады. 
Ақсаулақ -1. Қонаққа берілетін жұқа нан (Қарақ); 2. Қауыннан істелген тамақ 
(Ақсаулақ істеуге көп күләбі қауын әкелдім (Қарақ). Омонимдік мағыналары бір 
сөйленісте кездесетін мұндай қатарлар ішкі диалектілік омонимдік қатарлар деп 
аталадыҚымыран– 1. Ашытқан көже (Қымыраның шие татып тұр екен (Маңғ); 2
Шұбат (Жамб. : Мер., Қ. орд. ). Мұндай қатарлар диалектаралық омонимдік қатар-
лар деп аталады. Тосап-1. Қайнатқан сүтке сары май, қойдың майын араластырып 
жасаған тамақ (Павл., Леб. ); 2. Сүт, жұмыртқа, май т.б. қосып, қайнатып жаса-
ған тамақ. (Тосапты босанған әйелге және жел ауруы бар адамдарға береді (Сем., 
Абай). Мәйек -1. жұмыртқа (Түрікм., Шымк., Өзб. ). 
2. сүт еміп жүрген қозының 
ұлтабарындағы сүтке уыз қосып жасайтын тамақ (Сем. Ақс., Көкп.) мағыналарын 
білдіреді. Мұндай ерекшеліктер диалектілік омонимдер қатарын құрайды. 


52
Көпмағыналылық. Сөйленістер жүйесінде көпмағыналық құбылысы да үлкен 
орын алады. Мұндай ерекшеліктерді Ш. Сарыбаев біртұтас диалектілік полисе-
мия және шашыраңқы диалектілік полисемия деп екіге бөледі [13, 250-б.]. Шашы-
раңқы полисемия құрайтын мағыналар әр сөйленістен құралады. Көп мағыналық 
сөз мағынасын ауыстыру заңдары арқылы жасалады. Диалектілік лексикада да по-
лисемия жасайтын негізгі тәсілдер: метафора, метонимия, синекдоха, қызмет бірлі-
гі болып табылады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет