60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет47/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

жергілікті тіл (провинциа-
лизм)деп атайды» [4]. Ж. Аймауытұлы қазақ тілінде жергілікті тіл ерекшеліктері яғни 
диалек-тизмдер бар екенін, оның қандай сипатта екенін айтып қана қоймай, сонымен 
қатар оның әдеби тілге (өз сөзімен айтқанда, «әдебиет тілі») қатысын, пай-дасы мен 
залалын ашып көрсетеді. Атап айтқанда, жергілікті сөздердің әдеби тілге кері әсерін, 
біріншіден, бір ойды, бір нәрсені әр түрлі етіп айту көпші-лікке түсініксіз болатынын, 
екіншіден, сөздің тұрақсыз, құбылмалы болуы сауаттандыру, хат таныту ісінде бірқатар 
кедергі болатынын айтады. Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби тілге: «Ол тіл қара халықтың 
сөйлеп жүрген тілінен өзгеше, ойдан шығарылған, көктен түскен тіл емес, сол қара 
халықтың сөйлеп жүрген тіліндегі ең қолайлысы, қонымдысы, таңдамасы, пернелісі 
болуы керек», – деп анықтама бере келіп, жергілікті сөздерді әдеби тілге қатысына қа-
рай: 1) пайдалы сөздер, 2) зиянды сөздер, 3) даулы сөздер деп бөліп, жіктейді. Дау-
лы сөздердің қатарына ғалым көрім, оспадар сияқты сөздерді келтіре отырып, оны бір 
жақта жағымды, екінші бір жақта яғни аймақта жағымсыз мәнде қолданылатындығын 
айтып, ондай сөздерді түрік, парсы, араб тілдерінің мамандары зерттеп, түбірін, әуелде 
қай мәнде қолдан-ылатындығын анықтау керектігін айтады. Әдеби тілге зиянды сөздер 
ретінде Ж. Аймауытұлы кеуіл-көңіл, пысқан-піскен, бұратана-бұралқы, зарар-залал-
зиян, күнімейін-күні бойы-күн ұзын-күн ұзаққа-күн ұзайын, абыйұр-әбійір-абырой т. с. 
с. лексикалық, фонетикалық вариант сөздерді жатқызып, бір сөз-дің осылайша әр түрлі 
болып жазылуына тілімізге келер пайда жоқ екенінін айта келіп, оның ішінен бірінші-
ден, әуелгі шыққан түбіріне жақынын, екін-шіден, көбірек айтылатынын, үшіншіден, 
тіл заңына сәйкес өзгерген түрін, төртіншіден, жазуға жеңілін таңдап алу қажеттігін 
айтады. Ал әдеби тілдің өркендеуіне, баюына жәрдем ететін пайдалы сөздер ретінде 
ғалым басқыш – баспалдақ – тепкішек, тағдыр – пешене, кереге – дуал – қабырға, шал-
бар – сым, сыпайы – сыпа – кірпияз т. с. с. сөздерді атайды. Бұл сөздер өзара мәндес, 


86
синонимдес болғанмен, әрқайсысы әр түрлі түбірден шыққанын айта келіп, оларды да 
қалай болса солай қолданбай, сұрыптап қолдану қажеттігін айтады. Ж. Аймауытұлы 
қазақ тілінде бұрыннан бар сөздің орнына басқа тілден енген сөзді алуға болмайтынын, 
ол тілімізді байытпайтынын, керісінше, шұбарландыратынын, аздыратынын айтады. 
Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасу процесін, әдеби тіл-дің даму заң-
дылықтарын жете толық түсіну үшін, қазіргі тілдегі жеке кате-гориялардың тарихын 
зерттеу керек. Ал бұған керекті тілдік материалдар бұрынғы заманнан қалған тарихи 
жазба ескерткіштерде, көне нұсқаларда, туыстас түркі тілдерінде және осы күнгі халық 
тілінің өзінде, оның жергілікті диалектілері мен говорларында жатыр. Жалпы қазақ ті-
лінің, ондағы диалек-тілер мен говорлардың даму жолы біркелкі емес. Осыған байла-
нысты халық тілінің жергілікті ерекшеліктерінде қазіргі кезде әдеби тілде жоқ, әлде-
қашан жойылып кеткен көне тілдік белгілер сақталып қалған. Олардан қазақ тілін-дегі 
көптеген тілдік категориялардың тарихына, өткеніне қатысты материал-дар табуға бо-
лады. Осы жерде бір ескерер жай, осылардың дені түркі тілдерінің көне ескерткіштері 
мен нұсқаларындағы тіл құбылыстарымен үн-десіп келеді. Бұлар тіл тарихына тікелей 
қатысты десек те болады, мұның өзі тілдің өткен тарихын, оның тарихи фонетикасын, 
грамматикасын және лексикологиясын жасау жұмысын едәуір жеңілдетеді. Мысалы, 
кей еңбектерде дыбысы, қазақ тіліндегі в, ф, ц, щ дыбыстары сияқты, орыс тілінің әсе-
рінен пайда болған деп айтылады. Қазіргі әдеби тіліміздің нормасы жағынан осылай 
болғанмен, қазақ тілінің жалпы дыбыс жүйесі даму жағынан көз жіберсек, 
ч дыбысы 
түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде бұрыннан бар. Тарихи жазба нұсқаларға қа-
рағанда оның көне түркі тілдерінде кең тарағаны көрінеді. V-VIII ғасырларда орхон-е-
нисей жазуларында – чур (титул – оғлан чур), чаб (даңқ), чығай (кедей), көңлүнчә (көңі-
лінше), XI ғасырдағы М. Қашғаридің белгілі Түркі тілдерінің сөздігінде чадан (шаян), 
чечек (шешек), черіг (шерік), күч (күш) т. б. сөздерді кездестіруге болады. 
Ч дыбысы 
қазіргі көптеген түркі тілдерінде де (қырғыз, түрікмен, өзбек, ұйғыр, азербайжан т. б.) 
жиі қолданылады. Ал қазақ тілінде бұл дыбыс Маңғыстау түбегінде және оңтүстік-шы-
ғыс аудандардағы жергі-лікті халық тілінде кездеседі. Көбіне сөздің басында, кейде ор-
тасында мұрын жолды сонор дыбыстардан соң қолданылып, әдеби тілдегі 
ш дыбысы 
орнына қолданылып айтылады: чикі, чана, чығу, чыдау, енчі, қамчы, сонча, келгенче т. 
б. Әрине, қазіргі түркі тілдерінде, сол сияқты қазақ тілінің жергілікті говорларында бұл 
дыбыстың қолдану, айтылу дәрежесі бірдей емес [5]. 
Сөйтіп, ч қазіргі әдеби тіліміздегі ш дыбысымен қатар жарыса қолданылып, көне 
түркі заманынан келе жатқан дыбыс екенін көруге болады. 
Тілдегі диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктерді зерделеп, зерттеу арқылы қазақ 
тілінің басқа түркі тілдерімен туыстығын, жақындығын көрсе-тетін нақты деректер-
дің көлемі кеңейеді. Оған тағы да мынадай мысалдарды келтіруге болады: Кей батыс 
говорларында кездесетін алажақ (алашақ, алатын), бережақ (берешек, беретін) фор-
малары немесе әдеби тілде 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет