60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет50/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

 – ерекше қасиет, кие, тылсым күш. Қайран қалды балаға ғарiп қатын, 
Көрген соң баласының кепиетiн [1, 17]. 
Жұрағат, жұрат
 – ұрпақ, бала. Бiр қапасы болып зар жылайды, Көрген соң қо-
лындағы жұрағатын [1, 17]. 
Қисап, хисап – есеп. Қайта-қайта апарып сата берiп, Ендi бұлар қисапсыз ақша-
ланды [1, 21]. 
Һәрне – әрне. Һәр уақытта Құдайдан жәрдем тiле, Һәрне нәрсе Құданың жәрдемi 
де [1, 26]. 


91
Налыс, налаш(т.) – қайғы-қасірет, мұң-шер. Отыр едi Құдайға налыс қылып, Жан-
жағына бұрылып қарай берiп [1, 27]. 
Һештеме– ештеме. Ұрайын десе қолында һештеме жоқ, Аяғымен өлтiрдi оны 
басып [1, 27]. 
Һешбір – ешбір. Осы тауға һешбiр тау жете алмас-ты, Адам шығып ол тауға кете 
алмас-ты [1, 113]. 
Симия– химия. Аты – Ақап, симия, ғылым нүжүм, Көкiрегiнде баршасы толған 
екен [1, 48]. 
Сәрке
 – iшiмдiк. Бiрiнде сүт, бiрiнде сәрке екен, Адам ұғлы бiледi жамандықты 
[1, 54]. 
Қисым – бөлік. Еуропа, Африка, Америка, Төртiншi қисымы оның Азияда [1, 87]. 
Сафа
 – пәктiк, тазалық; шынайылық; сау-саламат. – Әй, қонағым, қош келдiң, 
сафа келдiң, Қалай жүрiп бұ жерге келе бiлдiң [1, 90]. 
Бiлән, бiрлән, бiрлә, илән (түрк.) – мен, бірге. Хамду бiрлә мақтаймыз Тәңiрiмiздi, 
Тағам берiп тойғызды бүгiн бiздi [1, 91]. 
Әсiл (а) – түбi, тамыры, түп негiзi. Айтып едiң, Балқия, бiзге сөздi, Сұрадың жа-
ратылған әсiлiмiздi [1, 92]. 
Құдауанда
 – Құдай. Күнәһар пенделерге азап үшiн, Жаратыпты оларды Құдауан-
да [1, 93]. 
Бағыр – бауыр. Тағы Жамсыб ант етiп қылды зарын, Айдаһардың күйдiрдi бағыр-
ларын [1, 105]. 
Биқисап 
– сансыз, өлшеусiз, өте көп. Құдайдың тағдырына сабыр етсең, Биқисап 
көп табарсың сауаптарын [1, 119]. 
Гәп, кеп – сөз, ірі әңгiме; хикая; бiр нәрсенiң сыры, мәнi; бiр iстiң, нәрсенiң се-
беп-салдары, тетiгi. Ортасына аралдың келгеннен соң, Балқияекең тағы да көрдi 
гәптi [1, 120]. 
Бұғаз – тамақ, мойын, бұғақ. Ол Намруд имансыздың атқан оғы Балықтың бұға-
зына келiп батты [1, 122]. 
Банағы– манағы. Шақпа жағып сол жерде отты жағып, Пiсiрдiлер банағы киiк 
етiн [1, 141]. 
Ғалым Р. Сыздық «Абай тіліндегі негізгі морфологиялық ерекшеліктер» атты 
кандидаттық дәреже алу үшін жазылған диссертациясында сөз қолданудың көне 
құбылысы болып табылатын һәш, һер, ғақыл, ғарыз, ғайыпталу тәрізді «кітаби сөз-
дердің» әдеби тілден негізгі айырмашылығын көрсетеді. Сонымен бірге ғалым әде-
би тілдің қазіргі даму кезеңінде мүлде қолданылмайтын -мыш, -дүр, тұғын, бірлән 
сияқты морфологиялық көне тұлғаларды талдады. Көне -дүр ескілігінің белсенділі-
гі мынадай лексикалық тілдік бірліктерде байқалады: сөз-дүр, хикмет-дүр, атым-
дүр, Мұхаммед-дүр, Балқия-дүр, аманат-дүр, алма-дүр, діні-дүр, шаһары-дүр, 
аманат-дүр, ғашығы-дүр, құдіреті-дүр, қисабы-дүр, көкте-дүр, жақұттан-дүр, 
яхуда-дүр, әскерім-дүр, ұғлы-дүр, аты-дүр т. б. Кейде есімдіктермен де қосарла-
на жұмсалады: бұ-дүр, не-дүр, осы-дүр, қайда-дүр т. б. [1]. Ескі қазақ жазба үлгі-
лерінде -дүр тұлғасының етістіктермен белсенді түрде қатар келуі де байқалады
екен-дүр, жүрген-дүр, жаратып-дүр, ала-дүр, қойғанлар-дүр, келе-дүр, ұша-дүр, 


92
бола-дүр, айта-дүр, айыршы-дүр, жаратты-дүр, бола-дүр, салад-дүр, жейе-дүр, 
жаза-дүр т. б. [1]. 
Тілдің қалыптасу үдерісінде -дүретістіктің келер шағын білдіретін тұлғасы, көне 
түркі тілдерінен келе жатқан құбылыс. Дүр араб тілінде дербес мағына да берген. 
Дүр (а) (дүрр). 1. Інжу, маржан. 2. Ауыс. даңқ, атақ, абыроймағынасын береді. Субс-
тантивтенген (зат есімге айналу) заттық мағынада да қолданған. Е. Жұбанов дүр өз 
алдына лексикаланып, заттанып кеткен. Одан дүрдей, дүрдию секілді туынды түбір 
сөздер де жасалады. Тегінде -дүр (-дыр//-дір) формантының есім сөзге, тіпті, кісі 
атына жалғанып айтылуы түркі поэзиясының әрідегі нұсқаларында да тән болса ке-
рек деген болатын. Р. Сыздықова да дүр тұлғасының көнеден келе жатқанын, түрлі 
морфологиялық қарым-қатынасқа түсетінін айта келе: «Сірә о баста бұл сөз зат 
есім болғанға ұқсайды» – дейді [5, 27]. 
Ескі қазақ тілінде тұғын қосымшасының белсенділігі жоғары: «Ажал дәруi бо-
латұғын шөп бар екен», – деп ол халайыққа хабар бердi [1, 11]; «Ажалға ем бола-
тұғын шөп таптым», – деп, Халайыққа хабарды бермес бұрын [1, 11]; Бiразырақ 
тоқта бiрақ, тұра тұршы, Сұрайтұғын сөзiм бар саған, – дедi [1, 12]; Патшалардың 
қасында қылатұғын Қызметтiң жөнiн бiлген естiсi едi [1, 29]; Адамның баласына 
бермейтұғын Иесi бұ бақтардың кiм болады? [1, 85]. 
Тұғын тұлғасы ауызекі сөйлеу тілінде, қазақ әдебиетіндегі кейіпкерлер тілінде 
бүгінде де жиі қолданысқа ие. Алайда, қазақ әдеби тілінің нормасында тұғын тұл-
ғасының бірте-бірте жойылу үдерісінде, оның орнына ықшам тұлғасы қазіргі есім-
шенің (ауыспалы келер шақ) жұрнағына айналған -тын//-тін көбірек жұмсалады. 
Е. Жанпейісовтің пайымдауынша, -тұғын тұлғасының орнына қазіргі әдеби тілі-
мізде -атын тұлғасы субстантивтеніп те, атрибут орнына да, шақтық мағынада да 
аралас қолданылады. Ғалым тұғынтұлғасының Октябрь алдындағы прозалық шы-
ғармаларда субстантивтеніп те кетеді, яғни есім сөздер ретінде септелетінін, тәуел-
денетінін жазды. И. Ильминский, М. Терентьевтер тұғын қосымшасының тұрған 
дегеннен ықшамдалғанын да жоққа шығармайды. Тұғын тұлғасының көне толық 
түрі тұрған адьективтену арқылы сын есімге айналған. 
Артық тілдік тұлғалармен берілу сипаты басым, бүгінде олар біршама ықшамдал-
ған: Жәбiрейiл перiште: – Әй, адам, -дедi, Барарсыңыз қай жаққа таман, – дедi [1, 
12]; Тым болмаса бiр өнер бiлсе екен деп, Бердiлер бiр өнерлi өнерпазға [1, 12]; 
Баршалары ол тасты қопардылар, Қарасалар, астында бiр құдық бар [1, 12]; «Жеп 
көрейiн» деселер бәрi қорқып, Баршалары Жамсыбқа қылды қулық [1, 20]; Мүлде 
сатып бiреуiн жiбердiлер, Бiреуiн апардылар отын салып [1, 24]; Шаһимаран: – Қо-
нағым, алың, – дедi, Жемiстерден аузыңа салың, – дедi [1, 32]; Балаңыз бiздiңменен 
бiрге жүрдi, Бiздiңменен бiр жүрiп тауға кiрдi [1, 24]; Келдi ғой осы шаян жолын 
түзлеп, Һешбiр жаққа бұрылмай, менi көздеп [1, 27]; – Сұлтаным, қайда кеттiң 
тастап бiздi, Сондан берi таппадық iздеп сiздi [1, 63]; Андан соң ол аралға кiрмедiк 
бiз, Маңдайында ендi аралдың жүрмедiк бiз [1, 63]; Адам сақтап қасыңда не қыла-
сың, Кете берсiн қоя бер, тез құтылың [1, 65]; Мақлұқаттың қасында Пайғамбар-
дың Құрметiнi бiлгiзбек үшiн шығар [1, 119]; Жылға шейiн қозғалмай тұрып ердiм
Әдiл хүкiм жұртыма қылып ердiм [1, 136]; Ол киiктi соңындан қуып кеттiк, Бәрiмiз 


93
у-шу болып айқайласып [1, 136]; Ендi жеттiк, мiне жеттiк дейе-дейе, Бiр теңiздiң 
шетiне барып жеттiк [1, 136]; Тағам жейүп тұрғанда көп халайық, Жиылысып үстi-
ме келiп кiрдi [1, 163]; Адамдардың арызы тұғрысындан, Мақлұқаттың бәрiне ха-
бар бердi [1, 178]. 
Сондай-ақ ықшамдалған тілдік бірліктер байқалады: бұ, ап, сұрды, жалбарды, 
болад т. б. Мысалы: Бұ қиссаның iшiнде һәр орында, Расулдың шариф есiмi болған 
үшiн [1, 10]; Жамағат, бұ дүниеге алданбаңыз, Нешелердiң түбiне дүние жеттi [1, 
23]; Тым болмаса бiр-екi көлiкпенен, Жүрiп барып таулардан ап кел отын жаһанда 
[1, 18]; Жолдастардан үмiтiн үзген соң, Дұға қылып Құдайға көп жалбарды[1, 26]; 
Балқия «Ендi халiм не болад», – деп, Бiр Құдайға сиынып, зарлық еткен [1, 41]; Ан-
лар айтты: – Жәрдемшiң бiз болайық, Қызметiмiз бар болса аямайық [1, 87]. Қазақ 
ескі жазба тілінің өзіндік ішінара ерекшелігі бар. Қазіргі қазақ тіліне қарағанда, ол 
дәуірдегі тілдің азды-көпті лексикалық, фонетикалық, грамматикалық, синтаксис-
тік, стильдік т. б. ерекшеліктері болды. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет