104
Бағанадан қыздары мен Нұралының аяқ алысын
бақылап отырған Шәді сөзге
араласып:
– Тілің өткір екен, бірақ өлеңіңнің жастығы жоқ – деп, баяғы Майлының сөзін
бұл да қайталап айтыпты. «Жастығы жоқ» дегені – «өлең құрылысында арабша аят,
Пайғамбар Хадисінен сөз қоспайсың, шариғат кітаптарының тілімен сөйлемейсің»
дегені екен. Міне, осыдан бастап, Нұралы мен Шәдінің қарым-қатынасы, сыйлас-
тығы өмірден қайтқанша үзілмеген.
«Пайғамбардың Әбу Жәһилмен күрескені» (Қырықбала), «Кесікбас», «Пай-
ғамбардың ғарға кіргені», «Әбу Шаһма», «Саудагер Марқұм», «Әмір Әмзе», «Ұры
мен Аяр», «Назыгүл», «Күнім хан», «Байрашы», «Әңгүр», «Түснама», «Әбу Жә-
һіл», «Шын патшасы», «Кейқауыс», «Мамыр патша», «Мәлік Раян патша», «Са-
ғираһ и Мұшбуһ», «Ағалық», «Даһия шаһ», «Қоқан патша», «Шайқабір патша»,
«Қожа Мәнсүр», «Сегіз патша», «Үш мұңлы», «Мұңлы-Сейіл», «Сәдуақас сақы»
– Нұралы ақын осы аталған дастандарының алғашқы 7-нің мазмұнын Майлықожа-
дан алады, ал бұдан соңғы 3 дастанның мазмұнын Италмас ақыннан алады. Қалған-
дарын араб, парсы, иран, түркі тілдердегі кітаптардан алып, қазақ тіліне аударып,
дастанға айналдырған. Майлықожа мен Италмас ақын нұсқаларын Нұралы ақын
өзінше өзгертіңкіреп, өңдеп жазып шығарған. Сондықтан да аталған екі ақын мен
Нұралы ақын дастандары арасында мазмұн жағынан да алшақтық бар, оқиға құры-
лысы, тіл көркемдігі жағынан да айырма бар.
Жалайыр елінен шыққан Италмас ақынды Нұралы «Қыйма ақын» деп мойындап,
«Әттең молдалығы жоқ, ауам адам ғой, әйтпесе Италмас бұл жүрген ақындардан
күшті даңғайыр ақын. Оның жақсы қасиеті сол, қандай болыс, би, ояз, губернатор-
ларыңның алдында да айтатын сөзін іркілмей айтады, жасқануды, риягерлікті, суы-
рыпсалма өлеңге іркілуді білмейді, – деп, қатты құрметтеген екен», – деген дерек
беріліпті.
ХІХ ғасырдың соңында сол Жалайыр Италмас ақын Нұралыға төмендегідей тұ-
щымды баға берген екен:
«Шоқайдан шықты Нұралы,
Шәкірттерге сөз беріп,
Ақынның болды ұраны.
Түпсіз терең көл болды,
Жайқалған жасыл құрағы.
Жүз шәкірті жұлдыздай,
Ұстазы – айдай шырағы.
Ікаят жазып әртүрлі,
Әсіл боп тұр мұрады».
Нұралы – дүниеге келіп, кетіп жатқан көптің бірі болғанымен, Оңтүстік өңірінде-
гі өз әдеби мектебін қалыптастырған ақын екендігіне көз жеткізуге болады. Ол – қа-
зақ әдебиеті тарихына мәңгі өшпес мұра қалдырған белгілі адам. Тарих Нұралының
еңбектерін әлдеқалай кездейсоқ тудыра салған жоқ. Оның әдебиеттік талантының
эволюциялық өсу заңдылығы, эпикалық-ақындық шыңға сатылап шығу жолдары,
105
соқтықпалы кезеңдері бар. Соларының бірі және негізгісі өз уақытындағы ақындар-
дың сөздерін есітуі, оларға еліктеуі, олардан әсер алуы, үлгі-өнеге көруі болатын.
Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдебиет мектебінің ірі өкілі Нұралы ақынның отыз екі
діни термесі, мысалдары мен сегіз айтысы, оннан астам діни қиссалары көптом-
дықта жарияланды.
Қорыта келе, қазақ әдебиетінің ХІХ ғасыры мен ХХ ғасырдың алғашқы шире-
гінде өмір сүріп, діни қисса-дастандар жазумен шұғылданған Нұралы Нысанбайұ-
лы, сол заманның өзінде-ақ Алланың ақиқат жолын шығармалары арқылы жырлап,
саналы ұрпақ жалғастығының үзілмес көпірі бола білді. Аталған ақынның бұрын
әдебиетшілер тарапынан зерттеу нысанына алынбаған дін тарихына қатысты қис-
са-дастандары жайлы тың деректерді алдағы зерттеулер еншісіне қалдырдық.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: