60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет48/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

т айтылатын жерде д айтылуы (теңіз-деңіз, тізе-дізе, төрт-
дөрт т. б), 
г айтылатын жерде к айтылуы (үзеңгі-үзеңкі, үгіт-үкіт, жауынгер-жауынкер 
т. б.) – қазақ тілінде сақталып қалған оғуз тілдерінің (қазіргі түрікмен, азербайжан т. б. 
тілдердің) негізгі белгілері болып табылады. Ал бұл тілдік формалардың тарихы көне 
VII-VIII ғасырларда жатыр. Бұл айтылған мысал-дар қазіргі тілдегі диалектілік аз сақ-


87
талған қазақ тілі сияқты тіл үшін оның өткен тарихын зерттеуде бірден-бір нақты тілдік 
материалдар болып табылады. 
Тіліміздегі диалектілер, жергілікті ерекшеліктерді зерттеп, танудың қазақ тілі үшін 
зор маңызы бар. Тіліміздің тарихын оның халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасу кезеңде-
рін оқып-білуде, қазақ әдеби тілінің даму заңды-лықтарын ашуда мәні зор болары сөз-
сіз. Тілдегі жергілікті ерекшеліктер қаз-іргі тіл категорияларының қалыптасу тарихын 
зерттеу үшін де құнды матер-иал береді. Төл тіліміз бірнеше ғасырларға созылған даму 
жолдарын өз басынан өткерді. Ондағы тілдік құбылыстардың, диалектілердің барлы-
ғының даму жолдары да бірдей емес. Кейбір диалектілер тарихи дамудың түрлі болуы-
на байланысты қазір басқа диалектілерде, әдеби тілде кездеспейтін өте көнедегі тілдік 
элементтерді бойына сақтап қалған. Осы күнгі тіл заңдылық-тарының тарихын, қалып-
тасу сырын ашу үшін диалектілерде сақталып қалған бұл сияқты өзгешеліктердің мәні 
зор болады. Мәселен, әдеби тілде өздік етіс тумайтын кейбір сөздерден диалектілерде 
-
ын жұрнағы арқылы өздік етіс жасалуы (болыну, оқыну, қалыну т. б.), жатыс, шы-
ғыс, барыс сияқты септік жалғауларының толықтай сараланбауы, кейбір лексикалық 
өзгешеліктер (есік – 
қапы, бастан – бастанғы т. б.) ескі түркі тілдерінің жазба ескерт-
кіштерінде кездеседі [6]. 
Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктерді айқындау – тек әдеби тілді қал-ыптастырып, 
нормалау үшін ғана емес, сонымен бірге, оның тіл тарихы үшін де маңызы зор болмақ. 
Осы себептен де тілдері ғылыми тұрғыда зерттеле бастаған халықтардың барлығы да 
өз тілінің диалектілік ерекшеліктерін зерт-тейді. Қазақ тіл білімінің де диалектология 
саласын өмірге келтірген осы айтылған қажеттіліктер болды. Диалектілік жергілікті 
тілдік ерекшеліктер бұл жергілікті халықтың жергілікті тіл ерекшелігіндегі сан алуан 
сөздері, сөз тіркестері болып табылады ол өз халқымыздың төл тіл байлығы, ұрпақ-
қа қал-дырар бай тілдік мұрамыз. Диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер арқы-лы 
халық яғни ұлт тілінің сол аймаққа тән мол тілдік бірліктері, тілдік мұра-лары қалып-
тасып, дамып, қажетінше жалпыхалықтық тілдің мол тілдік қор-ына әсер етіп, оларды 
байытып, толықтырып отырады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет