60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет122/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Лурия А. Р. Основные проблемы нейролингвистики. − М. : Либроком, 2009. – 
256 с. 
2. Лурия А. Р. Язык и сознание / Под редакцией Е. Д. Хомской. − М. : Изд-во МГУ, 
1979. −
320 с. 
3. Тіл біліміне кіріспе. В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамс. ауд. М. Жаңабекова, Б. 
Мизамхан, Ұ. Ісләмова // Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілін-
дегі 100 жаңа оқулық. – Алматы, 2018
4. Введение в нейролингвистику: Учебно-методическое пособие / Сост. В. В. 
Кузьмич, О. И. Ревуцкий. – Мозырь, 2000.


244
ДЕРБЕС МАҒЫНАЛЫ ОМОНИМДІК
ҚАТАРЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Адишева А. 
«Тұран» университетінің филол. ғ. к., доцент
Процестің шарықтау шегіне жетіп, о бастағы бір түбірден, не жеке-дара бір сөз-
ден екі, үш, тіпті одан да көп – сол күрделіліктің айқын айғағы. Әдетте, сөз өзінің 
табиғатына тән ішкі даму заңдылығы бойынша тұлға жағынан ғана емес, мағына 
жағынан да ылғи өзгеріп, жаңғырып, жаңаланып отырады. 
Бұл өзгеріс ең алдымен бір сөздің екі, үш, тіпті одан да көп бір-біріне жақын ма-
ғыналар мен мағыналық реңктерге жіктеліп, ара қатынасының алшақтай түсуіне 
әкеліп соқтырады. Бұл мағыналардың түбірлері де, пайда болу тетігі мен тәсіл-
мотивтері де (уәждері) әр алуан. Қалай болғанда да, оларды үлкен екі топқа бөліп 
қарауға болады. Олардың бірі – сөздің негізгі (денотативті) мағынасы да, екіншісі 
– сол сөздің өз бойынан туындаған қосымша (коннотативті) мағыналары мен мағы-
налық реңктері. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, яғни қосымша мағына, 
не мағыналар (оны «ауыс мағына» деп те атайды) cөздің өз басына тән ең алғашқы 
байырғы да тірек мағынасы негізінде дамитындығы белгілі. Сөздің қосымша ма-
ғынасы туралы ғылыми әдебиеттерде мынандай анықтама беріледі: 
Сөздер мен сөз тіркестерінің семантикалық даму процесінде пайда болатын 
«ауыс мағына», «қосымша мағына» деп аталатын ұғымдардың ауқымы, шеңбері 
өте кең. Арнайы зерттеулерге қарағанда, коннотативті мағыналар, әдетте, болмыс-
тағы заттар мен құбылыстардың өзара қарым-қатынастарын салыстыру, салғасты-
ру, саралау арқылы анықтап, қалыптастырады екен және олардың түрлері де өте 
көп болмақшы. Мәселен, осы мағыналарды өзіндік ерекшеліктеріне қарай: заттық 
мағына (вещественное значение), абстракты мағына (абстрактное значение), абсо-
лютті мағына (абсолютное значение), ауыс мағына (переносное значение), туынды 
мағына (производное значение), екінші мағына (вторичное значение), қосымша ма-
ғына (значение добавочное), алғашқы мағына (значение первоначальное), нақтылы 
мағына (значение конкретное), ауытқы мағына (окказиональное значение), шартты 
мағына (значение относительное), астарлы мағына (скрытое значение), тура мағына 
(прямое значение), кішірейту-еркелету мағына (ласкательно-уменьшительное зна-
чение), көрнекті мағына (узуальное значение), фразеологиялық мағына (фразеоло-
гическое значение), кеңейтілген мағына (расширенное значение), тарылған мағына 
(значение сужение), экспрессивті-эмоционалды мағына (экспрессивно-эмоциональ-
ное значение), салыстырма (метафоралық) мағына, метонимиялық мағына, өзара 
байланысты мағына (связанные между собой значения) т. б. Бұлардың қатарына біз 
тағы да: рәмізді мағына (символическое значение), кәделі мағына (ритуальное зна-
чение), дәстүрлі мағына (традиционное значение), күрделі (мақал-мәтел) мағынасы 
(сложное пословично-поговорочное значение) т. б. осы тәрізді мағына түрлерін де 
қосқан болар едік. Бұл мағыналардың барлығы сөзбен бірге туып, біте қайнасып 
кеткен ең бастапқы ұғым-түсінік негізінде қалыптасқан байырғы лексикалық ма-


245
ғынадан туындаған, соның төңірегінен әр түрлі уәждік (мотивтік), мүдделік, се-
беп-салдарлық (стимулдық), т. б. факторларға байланысты өрбіген туынды мағы-
налар. Олар семасиология ғылымында «сөздің көпмағыналылығы» деп аталып, 
полисемия құбылысына [1]жатады. Семасиологиялық процестерді, оның ішінде 
полисемия құбылысы мен мағына түрлерін сөз етіп, тәптіштеп жатуымыздың бас-
ты себебі – бұлардың бәрі тіліміздегі омонимдердің пайда болуы процесіне тікелей 
қатысы бар құбылыстар. Анығырақ айтқанда, омоним қатарларының дүниеге ке-
ліп, қалыптасуы полисемия процесінен кейінгі деңгейде жүзеге асырылатын, сол 
процестің шарықтау шегіне жетуінің нәтижесі болып саналады. Міне, осы бір объ-
ективті заңдылыққа байланысты гомогенді омонимдердің семасиологиялық стату-
сын анықтауда ең алдымен бір-біріне тікелей қатысы бар екі мәселенің басын ашып 
алу қажет сияқты. Оның бірі – гомогенді омоним қатарларының полисемантика-
лық қатарлардан басты айырмашылығын анықтау да, екіншісі – гомогенді қатар-
лардың әдеби тіл менен жергілікті тілдегі өмірі мен қолданыс өрісін айқындау. Бұл 
екі құбылысты біртұтас семантикалық даму процесінің бірінен-бірі туындайтын 
баспалдақты екі деңгейі деп қараған жөн сияқты. Өйткені шығу тегі бір, түбірлес, 
тұлғалас сөздердің екі, үш, тіпті одан да көп мағынаға іштей жіктелуін семантика-
лық дамудың алғашқы процесі деп қарасақ, олардың мағыналық тұрғыдан екі, үш, 
не одан да көп дербес сөздерге жіктеліп, қалыптасуын, яғни омонимденуін, даму-
дың екінші деңгейіне, яғни «вторичная номинацияға» жатқызуға болады. 
Бұл ғана емес. Бір түбірдің, не туынды тұлғаның омонимденіп, дербес мағына 
иесіне айналуы оның көпмағыналық (полисемиялық) шеңберінен шығып, іргесін 
алыс салуымен ғана шектелмесе керек. «Омонимизация процесіне ұшырау» деген-
ді біз тіліміздегі бірқатар сөздің іштей жіктелуі арқылы сөз қорының мазмұндық 
сапасын арттырып, потенциялды мүмкіншілігін еселей түсуін ғана емес, сонымен 
қатар сол сөздердің қолданыс өрісінің кеңейе түсуінің де бір жолы деп білеміз. Со-
нымен «гомогенді омоним қатарларының қолданыс өрісін кеңейтуі» дегенді біз 
лексемалардың гомогенді омонимге айналып, әрқайсысының өз алдына тақырып-
тық топ құрып, сол бағытта дамып, қолданыс шеңберін кеңейтуін, тұрақты тір-
кес құрамына еніп, дербестік статусын қалыптастыруы деп түсінеміз. Енді осыған 
тоқталайық. Әрбір тілде кездесетін омонимдік ұялардағы қатарлардың саны екіден 
басталып, ұлғая береді. Біздің материалда олардың көбісі 2-3 болып, ал кейбіреуле-
рі 10-15-ке дейін жетеді. Ол қатардың біразы таза омонимдер болып келеді де, енді 
біразы кейде гетерогенді (әр текті) омонимдер ретінде араласып тұрады. Омоним-
дерді өзіміз қарастырып отырған түбірлік, тұлғалық, мағыналық, мотивтік (уәж-
дік) принциптер бойынша омонимдік ұядан бөліп алып, олардың тілдегі «өмірін», 
әр түрлі мағыналық саладағы қолданыс аясын, өзіндік өрнегін айқындау, біле біл-
сек, омонимия проблемасының қиын да нәзік, күрделі де негізгі мәселелерінің бірі. 
Өйткені «гомогенді омоним бе, жоқ гетерогенді омоним бе» деген талас та жоқ емес. 
Демек, бұл мәселенің шынайы сырын ашып, шындықты айту-зерттеу объектісінің 
негізгі мақсатына жатады және ол жоба-жорамалға құрылатын «халықтық этимо-
логияға» емес, ғылыми этимологияға жүгінуді, тілдің қат-қабат лексикалық бай-
лығын саралай түсуді этнолингвистикалық деректер мен жазба әдебиет, жалпыха-


246
лық тіл (соның қатарында жергілікті тіл) ерекшеліктеріне айрықша назар аударуды 
талап етеді. Осыған орай бұл тарауында біз бір-бірімен тығыз байланысты екі мә-
селе туралы сөз қозғауды мақсат етеміз. Олардың біреуі- омонимдердің біз зерттеп 
отырған екі (әдеби және диалектілік) деңгейіндегі мағыналық қатарларының (біз 
оларды «әдеби-диалектілік варианттар» деп атаймыз) пайда болуының мотивтік 
себептерін (уәждерін), оларға тән заңдылықты айқындау болса, екіншісі – бұл құ-
былыстың тіл өміріндегі даму шеңберін, қолданыс өрісін айқындай түсу болып 
саналады. Омоним табиғатына байланысты екі құбылысты-» мотивтік таным» мен 
«әдеби-диалект аралық гомоомонимдік мағына варианттарын (қатарларын)» бір-
бірімен байланыстыра қарастыруымыздың басты себебі: біріншісі – жалпы тіл та-
биғатына тән ортақ құбылыс та, екіншісі – жалпыхалықтық тіл ауқымында жүзеге 
асатын, әдеби тіл мен жергілікті тіл ерекшеліктерінің шым-шытырық араласып 
жататын, ауыс-түйісі мол, заңдылығы ортақ бір құбылыс болуына байланысты. 
Мәселені бұл тұрғысынан қарау қазақ тіл білімінде бұрын-соңды болмауына 
байланысты, біз гомогенді мағына қатарларының пайда болу мотивтері мен мотив-
тік танымды сипаттаудан бұрын бұл құбылыстың пайда болу ұйытқысы, даму өрі-
сі, қолданыс аясы саналатын екі деңгейді, әдеби тіл мен диалектінің өзара қарым-
қатынасы туралы, белгілі пікірлерді қайталасақ та, өз ойымызды айта кеткенді 
жөн көрдік. Шынында да, бір тілдің осы екі деңгейі арасында тұрған бір «белгілі», 
екеуін өзара шектейтін тұрақты меже бар ма, жоқ әлде екеуінің біреуі қолданысы 
жағынан белсенді (актив), біреуі пассив, енді біреуі ортақ дүниенің заңдастырыл-
ған ресми бөлшегі де, екіншісі ол дүниеден шеттетілген, қажетті шамалы, ресмилі-
гі төмен, бір-бірімен араластыруға болмайтын, томаға-тұйық күйінде ұстау қажет 
дүниелер ме? – деген көптеген сұрақтар ойға келеді. 
Байқап, пайымдап қарасақ, олар туралы әр кезде айтылған пікірлерді саралап 
көрсек, бірыңғай тұжырым, тиянақты жауаптың қалыптасуына қарамастан, қан-
дай болғанда да, екі деңгейдегі түп-тамыры тереңде жатқан, бір халықтың жалпы 
да біртұтас тіліне тән бұл құбылысты екеуіне де тең-ортақ, дәл шекарасын айқын-
дау оңай емес тілдік категория деп қарау жөн. Ғалымдардың басым көпшілігі әдеби 
тіл мен жергілікті тіл бір этнос құзырында қалыптасқан, арасында тұрған ешқан-
дай «Қытай қамалы» жоқ, өзара ауысып-түйісіп, сол арқылы өздері дамып, өздерін 
дамытып келе жатқан біртұтас құбылыс деп қарайды. Бұл пікірді қолдамайтындар 
да бар. Әдеби тіл мен жергілікті тіл арасындағы болатын қарым-қатынас қазақ ті-
лінде ғана емес, басқа тілдердің барлығына да тән жалпы құбылыс, ол біреуінде 
тым алшақ жатса, енді біреуінде көзге ұрып тұрмайды. Сондықтан да болар, көп 
жағдайда әдеби тіл мен диалект арасындағы мұндай ауыс-түйістер бірде әдеби тіл-
дің дамып, толығып отыруына қажетті қайнар бұлақ болса, енді бірде диалектінің 
нормаланып, өзіне жақындай түсуіне, кейде мүлдем алшақтап кетуіне себепкер 
болады, ықпалын тигізеді. Осыларға қарағанда әдеби тіл өзін ұзақ даму өрісінде 
жалпыхалық тілінен ат тонын ала қашатын бөтен дүние емес, сол халық тілінің 
өз тілінің ішінен өніп, өсіп, көркейіп, ортақ дүние болып қалыптасқан, бара-бара 
заңдасқан, өзгеруге, толастамай толыға беруге, жаңалықты бойына сіңіре беруге 
бейім сезімтал да сергек құбылыс болса керек. 


247
Қазақ тілінің мамандары да, әсіресе әдеби тіл мен диалектілер қарым-қатына-
сымен шұғылданып келген І. К. Кеңесбаев, М. Б. Балақаев, С. А. Аманжолов, Ә. 
Нұрмағамбетов, Ш. Ш. Сарыбаев, С. Омарбеков, Ж. Досқараев т. б. көптеген ға-
лымдар, негізінен жалпыхалықтық тілінің және жергілікті тілдердің ұланғайыр 
лексикалық байлығын, олардың әдеби тілімізде жоқ элементтерін орынды да дұ-
рыс пайдалану арқылы әдеби тілімізді байыта түсуге, оның даму үрдісін жеделде-
те түсуге болады деген принцип ұстануда. Бұл тәрізді пікір әсіресе терминжасам 
принциптеріне байланысты көп айтылады. Мәселен, М. Б. Балақаев халықаралық 
емес, ұлттық терминологияны жасауда, оларды қалыптастыруда ұлттық тіліміздің 
лексикалық байлығын тереңдей зерттеп, жинай беруіміз керек деген ойын «... надо 
все еще собирать в недрах национального языка, т. к. казахский литературный 
язык в настоящее время еще не вобрал в себе богатство и красоту народного языка, 
процесс обогащения литературого языка еще продолжается» деп қорытады. Міне, 
осыған орай, әдеби тіл мен диалект арасында қатарласа қолданылатын жарыспа-
лы тұлғалардың – варианттар, параллелдер мен дублеттердің дүниеге келетіндігі 
сөз болады. Ш. Ш. Сарыбаевтың пікірі бойынша әдеби-диалектілік қолданыстағы 
жарыспалы тұлғалардың бір түрі – дублеттер, яғни « фонетикалық дублеттер» бо-
лып, төрт топқа жіктеліп, олар өз ішінен тағы параллелді дублеттер мен вариантты 
дублеттер болып топтастырылып, оның екіншісі тағы екі топқа бөлініп: «все ва-
риантные дублеты можно разделить на две большие группы: литературные дуб-
леты и диалектно-литературные дублеты» деп көрсетіледі. Бұл арадағы автордың 
«диалектно-литературные дублеты» деп отырғаны – түбірі, төркіні, мағынасы бір, 
бірақ тұлғасы (айтылуы, жазылуы) әдеби тіл мен диалектілік қолданыста өзгерген 
(мыс. абдыра // әбдіре, риза // разы, ырза, бірдеме // бірдеңе т. б.) сөздер. Сондықтан 
да, әдеби тіл мен жергілікті тіл арасындағы жарыспалы қолданыстың бұл түріне 
біздің зерттеп отырған нысанымыздың жалпы ұқсас жерлері болса да, тікелей қа-
тыстығы жоқ. Өйткені біздің қолданып отырған «Әдеби-диалектілік варианттар» 
деген терминіміз лексикалық параллель деген ұғымды білдірсе де, дублет санаты-
на жатпайтын сияқты. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет