253
ӨСІМДІК АТАУЛАРЫ – ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ РЕТІНДЕ
Шормақова А.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Ғылым ордасы»
кешенінің базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен білім беру
бағдарламаларының докторанты
Шормақова Б.
Алматы қаласы, №167 Жалпы білім беретін мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың
сапа-қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды,
оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға
саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді, баға
береді. Бұның бәрінің тілдегі көрінісін, әсіресе, мақал-мәтелдерден анық байқауға
болады. Мақал-мәтелдер кіші жанрлардан өзіндік морфологиясымен, лексикалық
және ритмдік-синтаксистік құрылымымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдер – ғасыр-
лар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан халықтық мұра, асқан шебер-
лікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал-мәтелдерден халықтың ақыл-ойы, тапқырлығы
мен даналығын көреміз. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір-ақ ауыз сөзбен айтып,
қорытынды жасаудың тамаша үлгісі,
халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал-мәтелдер әрі көркем, әрі ықшам түрде жаса-
лып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды.
Мақал-мәтелдер ежелгі философтар еңбектерінде шешендік өнер ретінде ри-
ториканың, кейіннен ауыз әдебиетінің жанры
ретінде фольклористиканың, ХХ
ғасырдың екінші жартысынан бастап тіл білімінде фразеологияның шеңберінде
қарастырылып келген [1]. ХХІ ғасыр басында паремиологияның сөйлем түрінде
келетін тұрақты оралымдар туралы ғылымның зерттеу нысанына айналды. Паре-
миологияның негізін қалаушы орыс ғалымы Г. Л. Пермяков: паремиялар – тілдік
тұрғыдан «фразеологиялық орамдарға ұқсас тұрақты тіркестер, ой
тұрғысынан
белгілі бір «байламды, бағамдауды, пайымдауды білдіретін логикалық құбылыс»,
фольклорлық тұрғыдан «шындықты қысқа да нұсқа, көркем де әуезді етіп жал-
пылаушы құбылыс» дейді [2]. Тіл білімінде мақал-мәтелдерді фразеологияға эк-
вивалент деп табудың [3] басты себебі, олардың коммуникациядағы қызметі мен
құрылымдық-мағыналық тұрпатына байланысты еді. Бірақ оларды фразеологизм-
дерден айырмашылығын анық көрсетіп, ғылыми тұжырым жасаған М. М. Копы-
ленко, З. Д. Попова сынды ғалымдар: «Мақал-мәтелдер қанатты сөздер сияқты,
тілдің лексика-фразеологиялық жүйесінің компоненті де, фрагменті де емес, дер-
бес кішігірім көркем мәтін, сондықтан ол –фразеологизм емес» [4] деп санайды.
Осы ойға жалғасты ғалым А. Е. Карлинский: «мақал-мәтелдер, яғни паремиялар
предекативтік типтегі кешенді сөйлесімдік құрылымдар ретінде фразеологияның
254
шеңберінде емес, тілтанымдық дербес пән – паремиологияның зерттеу нысаны
ретінде қарастырылуы керек» [5] екендігін баса көрсетеді. Ғалым өз зерттеуінде
«мақал-мәтелдер басқа тілдік бірліктерге қарағанда этностың тілдік суреті, тари-
хы мен ұлттық-мәдени құндылықтарын толық бейнелеп, бекітеді» [Карлинский]
деген тұжырым жасайды.
Қазақ тіл білімінде мақал-мәтелдердің антропоөзектік парадигма аясында дер-
бес пән ретінде қалыптастырып, теориялық тұжырымдамасын жасаған – академик
Ә. Қайдар. Ғалым тілдің паремиологиялық қорын «халық даналығының қоры» деп
бағалап, тілдің адамның ойлауы мен қабылдауы, танымы мен пайымдауы сияқты
әрекеттермен тығыз байланысына жүгіне отырып,
тілдегі пайда болу, қалыпта-
су, даму үдерістерін анықтай отырып, мақал-мәтелдерді топтастырудың ғылыми
принциптерін айқындап, этномәдени және этнофилософиялық астарын, адам та-
биғатын тануға бағытталған ішкі мазмұнын ашудың жолдарын, амал-тәсілдерін
ұсынады [1]. Ғалымның «Халық даналығы» [6] атты еңбегі қазақ паремилогиясы-
ның фразеологиядан бөлініп шығып, антропоөзектік парадигмада дербес ғылым
саласы ретінде қалыптасуының алғышарттарын жасап беруімен құнды.
Сонымен Г. Л. Пермяковтың дүниенің тілдік бейнесінің паремиологиялық үлгі-
лерін тіл иесінің санасындағы дүниенің тәжірибелік бейнесімен ұштастырып, қыз-
меттерін жіктеген қағидасына сүйеніп, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің мынадай
мазмұндық топтарын көрсетуге болады:
1. Халықтың қажетіне жарайтын кеңес-тағылым түрінде бекіткен тұрақты бей-
нелі орамдар (
Көп жортқан ит күшәлаға жолығар; Жел тұрмаса шөптің басы
қимылдамайды; Ескі байдан жұрт қалмас, жаңа байдан шөп қалмас; Қатты
қыста қамысты сағала, басыңа пана, малыңа қора; Қисық ағаштың түбіне қон-
ба, қыңыр адамның үйіне қонба; Бір қазанға екі бидай қуырылмас; Алабұтаға ат
бекітпе; Ағаш кессең ұзын кес, шаба келе қысқарар, темір кессең қысқа кес, соға
келе ұзарар; Жемісті ағашқа тас атпа; т. б.).
2. Халықты тәрбиелеу, өмірге үйрету, санамалап айтқанда,
тектік болмыстың
тұрақты болатындығын өсиет ету:
Алма ағашынан алысқа түспейді; Арғымақ ат-
тың баласы, аз оттап көп жусайды, азамат ердің баласы, аз сөйлеп, көп тыңдай-
ды; Бабасы еккен ағашқа баласы саялайды, т. б.; ұрпақты артта қалар із деп баға-
лап, тәлім-тәрбиесіне назар аудару:
Қарағайға қарап тал өсер, құрбысына қарап
бала өсер; Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей; Қына тасқа бітеді, білім
басқа бітеді, т. б.; ұлттық этнопедагогикалық құндылықтар жүйесін жасау:
Кім-
нің тарысы піссе, соның тауығы болма; Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлті-
реді; Жаманға шөп батады, жақсыға сөз батады; Іздеген мықан ағашын табады;
Тентек өзін дәу санайды, жантақ өзін бау санайды; Көк шөпті жұлма, көктей
соласың; т. б.; әдептілікке, елін сүюге тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрін сақтауға
үйрету:
Жас құрақ – жердің көркі, ынтымақ – елдің көркі; Ақыл жасқа бітеді,
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: