281
«қамыс артқан» «сарт-сұрт» деп, «кең қолтық тәжік» деп, кекету басым болыпты.
«Бірақ, »- дейді Абай атамыз: – «орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті.
Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық – бәрі со-
ларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға
да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал та-
будың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын
тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз». Жаңағы сынап отырған
халқының бәрінің қазақтан озық екенін, өз ұлтының да алға ұмтылып, «өнер-білім
үйреніп, өркениетке жақын болғанын қалайды. «сасық қазақ» дегенін ар көреді.
Бірақ бүгінде қазақ осы аталған халықтан да биік тұр деп санаймын. Абай атамыз-
дың арманы орындалды деп ойлаймын. Енді осыны әрдайым есте ұстап, Абай сөзін
шамшырақ етіп, ұстауымыз керек. Олай болмаған жағдайда, Абай атам айтқандай,
«өз сөзі» өзіне де қалды, біз де пайдаланып, талдау жасап, эссе жазып, түйсініп,
тұшынып,
өз керегімізге жаратып, ата сөздерінен,
даналық ойларынан дән теріп
отырмыз. Мен терген дәнім Сізге ұнады ма, құрметті оқырманым?! Сіздің Абай ата-
мыздың жүрекке егіп кеткен егінінен Сіз не ордыңыз, қаншалықты дән таптыңыз?
Сіз де жазыңыз. Сіздің де «Даналық ойыңыздан дән іздейін»!
Абай атамызға өзі өмір сүрген уақытты, кезеңді сынау қаншалықты қажет? Сы-
намай-ақ байдың баласы ретінде өз өмірін «іші толған у мен өрт» етпей-ақ, қызық-
шылықпен өткізсе, болмас па еді? Абай атамыз үшінші қарасөзінде өз заманының
ащы шындығын жазады. Соған күйінеді, қазақтың болашағы қандай болар екен
деп уайымдайды.
Айналасындағылардың билік, байлық, мәртебе үшін таласын кө-
ріп, оларға қарны ашады. Ел ішіндегі арызқойлық, бірін-бірі азғыру, бірін-бірі жеп
қоярдай жек көру, аяқтарынан шалу, құлап жатқан қазақты орынан тұрғызудың ор-
нына үстінен таптап өтіп кеткісі келіп тұратын қазақ қоғамын түзелсе, жөнделсе
деп армандайды. Ел ішіндегі даудың көбеюін де шешуге тұрарлық адамның болма-
ғанымен түсіндіреді. Ал шешеді деген билердің өздері де жақ-жақ болып, салғыла-
сатынына наразылық білдіреді. «Ет сасыса, тұз себер, тұз сасыса не себер» деген
қазақ мақалының осы жерде айтылар тұсы деп білемін. Елдің қаймағы, тұтқасы деп
жүрген билердің өздері осындай болса, өзгелерге не жорық деп қатты толғанады,
терең күрсінеді. Абай атамыздың Абайлығы сонда, тек қана өзі сүрген
кезеңнің
ғана мәселесі емес, әр дәуірге лайық келетін, адамзатпен бірге қатар жүретін алаң-
даушылық екен. Абай атамыздың осы сөздерін, менің ойымша, көңілге түю керек.
Ал егер түймесек, Абай атам айтқандай, «өз сөзі» өзіне де қалды, біз де пайдала-
нып, талдау жасап, эссе жазып, түйсініп, тұшынып, өз керегімізге жаратып, ата сөз-
дерінен, даналық ойларынан дән теріп отырмыз. Менің терген дәнім Сізге ұнады
ма, құрметті оқырманым?! Сіздің Абай атамыздың жүрекке егіп кеткен егінінен Сіз
не ордыңыз, қаншалықты дән таптыңыз? Сіз де жазыңыз. Сіздің де «Даналық ойы-
ңыздан дән іздейін»!
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: