60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет144/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Салт-дәстүр сөйлейді: отбасы хрестоматиясы / Құраст. С. Керімбай, Б. Бопа-
йұлы, М. Төлеген, Ә. Нәби, А. Тасболат. – Алматы: Орхон, 2014. – 287 б. 
2. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құл-
сариева және т. б. – Алматы: Раритет, 2004. – 320 б. 
3. Қараманұлы Қ. Тәңірге тағзым. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 37-38 б.
4. Уәлиханов Ш. Мақалалар мен хаттары. Қазақтың біріккен мемлекет баспасы, 
-Алматы-1949. 169 б. 


292
5. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. - 6-том / Құраст. : Ж. Қоңыратбаева, Ғ. Қалиев, Қ. 
Есенова және т. б. – Алматы, 2011. 
6. Абрамзон С. М. Рождение и детство киргизского ребенка // Сб. МАЭ. Т. 12. – 
1949. – С. 81. 
7. Қазақ энциклопедиясы. 9-том / Құраст. : Ж. Сыдықов, Ә. Байбатша, Б. Көме-
ков, К. Серікбаев, О. Смағұлов, Т. Ғабитов «Қазақ энциклопедиясының бас редак-
циясы».
Алматы, 2007. – 688 б. 
8. Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана: «Фолиант», 2013. Т. 93: Магиялық фольк-
лор. – 432 б. 
ҚАРСЫЛЫҚТЫ МӘНДЕГІ БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР
Жаңабекова А.
филол. ғ. д., А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы 
лингвистика бөлімінің меңгерушісі
Әтейбай Г.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультеті 
2-курс магистранты 
Бейвербалды қарым қатынас сөздер, тілдік қатынастардың көмегінсіз айтылатын 
ойды ым-ишарамен білдіру. Ым-ишара, сөздерден бұрын қолданыс құралы болған. 
Тілсіз қарым қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алады. Ұлы грек 
философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты шешен 
Цицерон басқа шешендерге: «Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс», 
– деп кеңес береді [1. 136]. Тіпті қарым-қатынас барысындағы беттің сұрлануы, қы-
зарып кетуі де бейвербалды қатынасқа кіреді. Қазақта «бетінен оты шықты, қап-қара 
болып түтігіп кетті» деген тіркестер осы сөзімізді анықтап тұрғандай. Австралиялық 
ғалым А. Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым-қатынастың 7% вербалды 
(сөздер, сөйлемдер); 33% вокалды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс 
әуезділігі, екпіні мен қарқыны, т. б.) және 55% бейвербалды элементтер арқылы жү-
зеге асатын көрінеді [2. 272]. Бұл мәліметтер, бейвербалды амалдардың коммуника-
тивтік актіде прагматикасы әлдеқайда көлемді екендігін дәлелдейді. 
Әр ұлттың өзіне тән ұлттық, мәдени ым-ишаралары болады. Бұл туралы Б. Мо-
мынова, «ым мен ишаралар ұлттық сана тудырған құбылыстар, сондықтан олар 
ұлттық менталитетпен тығыз байланысты, ұлттық мәдениеттің маңызды құрамдас 
бөлігіне жатады. Соған орай, бейвербалды қатынас құралдары – әрбір ұлттың тіл-
дік санасымен байланысты пайда болған және әлемнің тілдік суретін жасаудағы 
маңызды элементтер. Әр ұлтқа тән спецификалық ерекшеліктері көп құралдарға 
жатады» – дейді [3, 7]. 
Ендеше, кинесикалық белгілерді бірнеше топқа бөліп қарауға болады. Оларға: 
қимыл, ым-ишара, қозғалыс, пантонимикалық қозғалыстар, кейіп, жүріс-тұрыстар 


293
т. б. жатады. Мәселен, қазақ ұлтына тән, жағын таяну – торығу, қамығу, мұңаю бел-
гісі. «Жағыңды таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; Таңда-
йын қағу – біреудің ісін жақтыртпау, кінәлау деген мағынада қолданса, кейбір жер-
де диалектілік ерекшелікте қарсылық мәндегі пиғылды білдіру үшін қолданылады. 
Қуаныш, реніш, қайғыру, қарсылығын білдіру барлық адамзатқа ортақ эмоция-
лық сезімдер болса, оны ым-ишарамен білдіру де күнделікті қарым-қатынаста үз-
діксіз жүріп жатқан процесс. Екі ұлттың өкілдері немесе мүмкіндігі шектеулі әлеу-
меттік топтағы адамдармен тілдік емес бейвербалды қатынас құралымен түсінісуге 
болады. Адамдарда дене қалпының мыңнан астам түрі болса, әрқайсысының өзін-
дік мән-мағынасы бар. Қызметіне қарай, айтылған ой беттегі, денедегі бейвербалды 
амалдармен жанданып, айқындала түседі. 
Бейвербалды амалдарды мағынасына қарай бөлуді, түрлі сезім-күйлерді жеткі-
зуіне қарай жағымды//жағымсыз сезімдерді жеткізетін бейвербалды амалдар деп 
бөлінеді. 
Қарсылықты бейвербалды амалдар адам эмоциясы, қимыл іс-әрекеті, ым-ишара-
ларынан көрінеді. Мысалы: «Тс-с-с – деді ол бір саусағымен ернін басып. – оятып 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет