Пайдаланылған әдебиет:
1. Сарыбаев Ш. Тіл-ғұмыр. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы, 2018. – 312 б.
61
БІР ӨЛЕҢ – БІР ТАРИХ
(Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың
«Молда Мұса Байзақовқа» атты өлеңі туралы)
Жунисова М.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің профессоры, филол. ғ. к.
Бейбарыс М.
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және
әлем тілдері университетінің 1-курс студенті
Рухани құндылықтарымызды бағалап қана қоймай, өзіміздің қалыбымызбен қа-
былдаудың тағы бір саласы – поэзия әлемі. Қазақ халқының көркем өрнекке толы
қаншама тамаша туындылары қазіргі ұрпақты да қайран қалдырады. Небір орамды
сөздер мен көркемдік әсемдік әлемі, бізді табиғаттың саялы көркін суреттеген ерек-
ше әлемге жетелейді.
Біздің зерттеу нысанымзға алғанымыз, яғни бүгін сөз еткелі отырған мәселе
адамтанымдық ғылым алға шыққан мына заманда дәл өз бет-бейнесін жалғастыра-
тын, арасы ешқашан үзілмейтін, жылдар бойы сақталып өз авторын күткен, сөйлеуі
тиіс шығарма еді.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп ұлы Абай ақын айтқандай, жасынан көркем
сөздің кестесін қалт жібермей, кім қалай айтқан, қалай жеткізген, қайтіп түсіндір-
ген деген мың сауалдың жетегінде жүрген ірі ғалым, тілші маман Сарыбаев Шам-
ғали атамыздың жеке мұралық қорынан: «1917 ж. ақпанның 16-20-лары шамасында
төмендегі бұл өлеңді молда Мұсаға арнап жазып едім... » деп басталатын машин-
камен басылған құжат қолымызға тиген соң, бұл материалды оқып, ондағы рухани
құндылықтардан бас алмадық.
Алдымен өлеңнің алдында оған автор түсініктеме жазған, ондағы ақпарат мы-
надай: «Бұл өлеңде кездескен Мәуленқұл Байзақов – Молда Мұсаның інісі, Садық
Өтегенов Түркістандағы қазақ интелегенцияларының бірі. Бұл екеуі сол бір жыл-
дарда Орынборға барып, Хусейн медресесінде оқып жүрген біздерге жолығып, оқу-
дан босағаннан кейін Түркістан крайына келіп, Түркістанға келіп жалдама мұғалім
болатындығымызға ырзалығымызды алып кетіп еді. Бұл өлең осы уәдеге байланыс-
ты Түркістанға келгеннен кейін жазылған еді. Бұл өлеңде айтылған үш жолдас де-
генім Ғабит Сарыбаев, Шамғали Сарыбаев (өзім) және Елмес Кәрменов болатын».
Осы қысқаша түсініктемеден біз автордың Бауыры Ғабит Сарыбаевпен бірге
Хусейін медресесінде оқығандығын, Мәуленқұл Байзақов пен Садық Өтегеновке
Түркістанға барып, ағарту ісімен шұғылдануға уәде бергенін, сол уәде бойынша
Түркістанға барғанын аңғарамыз. Ал өлеңнің алғашқы шумағында алты Алашқа
танымал Молда Мұса ақынды көруге келдік десе, екінші шумақта Орынбор Рус-
сияның зор шаһары дейді, мұнда Руския (Ресей). Орынбордың 1917ж. Ресей қаласы
болғандығын дәлелдейді. Біз сөз бердік адамдарыңа дейді. Шамғали Харесұлының
жігіттер арасында уәдесіне берік болғандығын аңғартады. Үшінші шумақта «жақ-
62
сыға жанаспаққа құмар едік, әр жерде жақсыларды сұрастыратынын, төрт ай «Ху-
сайния» ашылғанша, «хум болады» елге қайтпай тұрам дедім. Қазақта адам сапасы
болып қалыптасқан нәрсе: жақсы мен жаманды ажырату – адамның саналылығы-
ның белгісі. Мұнда жақсылар дегені сөзді талғап қолданатын айтыскер, танымал
ақындар.
Үш жолдас мамырдың бас жағында осында келіп, Сіз бенен душарласпай (жо-
лықпай) біраз жүрдік, Алыстан құмар болған жездекеме, Үш-төрт ай өткеннен соң
көріп жүрдім. Бірінші беттің соңына: Молда Мұса кіші жүзден қыз алған екен, мен
де кіші жүз едім: сондықтан Молда Мұсаны жездеге, өзімді балдызға санаушы едім.
Жездем деуімнің себебі осы болады. Бұл мәліметтен Шамғали Харесұлының қазақ-
тың ру, елін таныған, әрі жезде мен балдыздың жөнін білетін кісі екенін аңғара ала-
мыз. «Есіттік сөзіңізді көріп жүріп, Көрсеттің алтыныңды келіп жүріп, Көңілімде
ғышқым артты, сол-ақ екен, Көре-көре көргім келді ріп жүріп» деген шумақта сөзі-
ңізді естіп, алтынды сөзді тікелей тыңдап, көруге келдік, Сізге еріп жүргім келді деп
ашығын айтқан. «Сөзіңіз үйлесімді терең ойға, анау-мынау келте бойларға сыймай-
тындай болса, өзіңіз жыйһаннан табылмайтын қымбат кенсіз, мұндай жүйрік сойға
тартып туар ма» дейді («Сой» деп Бөкей елі тұқым-нәсілді айтады деп түсіндіреді).
«Жұлдыздың бәрі жұлдыз көрер көзге...» деген Молда Мұсаның сөзін келтіреді,
сөйтіп бұл сөзді сізден өзге айта алмайды дейді. Ішінен Қаратаудың шығыпсыз, ба-
ласы мылқау, жым-жырт кезінде шығыпсыз. Аспанда жанып тұрсаң, ай-күнді (қос-
шылық) қоңсы-көршілікке Ай-күнді алсаң, лаухул махфуз рухына уәлилердің (тү-
сініктемеде Уәлилер – әулиелер деген сөз, лаухул махфуз – сақтаулы тұрған тақтай
деген сөз. Екеуі де араптың сөзі). Бұрынғы кезде мұндай сөздерді арапша оқырман-
дар ғана айтатн еді. Ескі әдебиетте мұндай сөздер көп кездеседі дейді. «Бір ашып
омырауың таныттырсаң» дегені омырау деген сөздің мәні көкірегіңді бір ашып та-
нытсаң, уәли рухына бағыштап деп сұраған.
Біз сөзіңнің «өнеге ізі атқан таңдай» теңеу өте әдемі, бұрын кездеспеген. Барлық
адам Сізден шалғайда, алыста, Мақтауыма таңдайым тақылдап жетпей тұр дейді.
Келесі шумақта: Бір сөзіңнен екінші сөзің асып тұр, әркімнің қышығанын қасып
тұр, басқалар да сөз өгіз жасап, сүйреңдейді, бірақ оның Сізден айырмашылығы
жер мен көктей дегенді айтады. Балдызың сөзге шорқақ болғандықтан, айтқан сөз-
ге оралып тұрып, «асылды аздап тұтып» деген еді, қысылғаннан Сізге солай деді
дейді.
Молда Мұса – айтыскер ақын, сондықтан бұл өлең шумағынан аңғаратынымыз,
айтысқаннан естіп, не оқып сол туралы айтқан. Екінші жақтың аты-жөнін қайталай
бергенін айтады. Оқуда талапанып жүрген біреу ғана едім, Жақсының сөзін ұғып
теріп жүретінмін, біразын көңілім сүйіп өзін көрсем, біразының жазғанын оқыдым
дейді. Астрахан ішкі ордасынанмын, 1801 жылдан сонда көшірілген еді. Жайықтың
шығысынан 5000 үймен Бөкей ханы бағынған еді орысқа деген ақпараттар беріп
сөйлейді. Дулат ұлы, рта Сіз кішіңіз біздер боламыз. Аралы аз, түбі жоқ, көк те-
ңізде көшіп жүрміз. Бөкейхан Нұралыұлы деген хан болған, Бабамыз ханға жақын
жан болған, Ту десе түкірігі жерге түспей тұрғанында дұшпандары көре алмай даң
болған екен. Хан еліне 12 олда қойыпты, бабамыз 17 жаста молда екен. Өмірінің
63
соңына дейін халқына адал қызмет еткен, өз елінің жарлығы қолында болыпты.
Сарыбай атамыз, хат жаза алған, оқи алған, Бұғанай деген жерде шешен сөзді
болған екен, халыққа инабаттылығымен жағыпты. 70 жаста қайтқан екен, ол кісі
туралы елі: «Адам еді ел ұстаған, тетік еппен» деп дейді. Бай ұлының ішінде Бай-
бақтысымыз, бабам аты Харес ай сайын біздерге хат жазып жібереді, яғни ол кісі де
сауатты, көзі ашық адам болған екен. Жездеке жақсы сау саламатта болыңыз, мен
баласы Байұлының Сарыбаев деп аяқтайды.
«Өлеңінің соңында Бұл өлеңдегі кейбір сөздердің мағыналары:
Апта – парсының һафта деген сөзінен өзгертіліп алынған. Оңтүстік Қазақстан-
ның тілі;
Фәни – араптың сөзі. Ескі әдебиеттің бәрінде де бұл сөз көп кездеседі. Мағынасы
жалған және құбылмалы деген сөз. Сондықтан бұрынғы арапша оқығандар не бол-
маса солардың әсерінде болғандар «дүние пәни, ақырет бақи» деседі. Мұның мәнісі
дүние жалған, өтірік, о дүние мәңгі деген сөз. Әрине бұл ескі көзқарас».
Бұл жолдардан ұғатынымыз, сол кезеңдердің өзінде діндегі кейбір сөздің мағы-
наларының ара-жігін ажыратып, ой-өрісін кеңіте талдап, талғап қана сөз қолданған
ғалым болғанын көреміз.
Қорыта келгенде, өлең жолдарын қарау барысында аңғарғанымыз, сөздің мәні-
не, философиялық ауқымдылығына, яғни кең өрістілігіне көңіл бөлген Шамғали
Харесұлы – өзі де ақынжанды кісі болғаны.
Шамғали Харесұлының 21 шумақтан тұратын осы өлеңдерінен анықтағанымыз:
1) ең алдымен туған жерін айтуы, оның қадірін білуі, Молда Мұсаның шыққан
жерін де білуі, жертану ғылымын терең меңгергендігі, Түркістанды айтуы, оған
өлең бойындағы ономастикалық атаулар мен олар туралы мәліметтер куә. Мысалы,
Орынбор, Түркістан, Астрахан ішкі орда, Қаратау.
2) ғалымның туған текті білуі тектану, елтану ғылымы немесе әрбір адамның
өз елі мен руын білуі, «жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» болуы, үш
жүзді туысқан тұтуы, бірлік пен ынтымақтың туын жоғары көтергенін көрсетеді:
Ұлы жүз: дулат, Орта жүз Сіз, Кіші жүз Байұлының Байбақтысы.
3) осы шумақтарда ол кісінің имандылық жолын білуі, жөн-жолды білуі, дінтану
ғылымын терең меңгергендігінің көрінісі бар: Хусайния медресесінде оқуы, лаухул
ахфуз, фәни, фарқы, т. б.
4) өлеңнің ішінде Молда Мұсабек ақынның сөздерін талдауы, ол кісінің шығар-
машылығын білуі, адамтанымдық ғылымды дамытуы, ғалымның сөз саптауын-
да сөз қадірін білетін адамның нағыз ғылыми санада сөз сапасын тануы, сөзтанып
қолдану деген түрлі қасиеттері көрініп тұр.
64
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |