сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып екі
салаға бөлінеді. Сипаттама диалектологияның міндеті – тілдегі диалектілер мен го-
ворлардың дыбыстық, грамматикалық және лексикалық құрылысын сипаттау, сол
жайында жүйелі түсінік беру. Тарихи диалектологияның міндеті – тілдегі диалекті-
лер мен говорлардың, диалектілік ерекшеліктердің пайда болу сырын, пайда болу
тарихын, дамуы немесе жоғалуын зерттеу. Мұның өзі халық, я ұлт тілдерінің ру
тілінен тайпа тіліне, тайпа тілінен халық тіліне, халық тілінен ұлт тіліне ауысып
отырудағы даму жолдарын айқындауға мүмкіндік береді. Диалектологияның бұл
екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты. Тілдегі жергілікті ерекшеліктерді ал-
дымен әбден анықтап, танып, түсініп алмайынша, көлемін белгілемейінше тарихи
диалектологияны жасау мүмкін емес [5, 7]. Тарихи диалектология – қазақ тілінің
диалектологиялық зерттеулерінің ақтаңдағы.
Тарихи диалектология мәселесін жай ғана диалект сөздердің тұлғасы мен дыбыс-
тарының тарихы ғана емес, тілдік жүйеде қалыптасқан диалектілік жүйенің тарихы
деп қарастырғанда ғана оның мәнісі толықтай ашыла түспек. Тарихи диалектоло-
гияның негізгі дереккөздеріне: жазба ескерткіштер, халық ауыз әдебиетінің туын-
Қазақ халқының тілі
қазақ халқы руларының
диалектісі
қазақ халқы тайпаларының
говоры
Қазақ ұлтының тілі
57
дылары, қазіргі заман диалектілері мен говорлары және олардың лингвистикалық
картасы, туыс тілдердің диалектілері жатады. Бұлар бірігіп біртұтас кешенді құрап,
тарихи диалектологияның лексика-семантикалық деңгейдегі диалектілік мәлімет-
терінің мәселелері салыстырмалы-тарихи тұрғыдан, не болмаса шектеулі хроноло-
гиялық аяда қарастырылады.
Зерттеуші-ғалым Ш. Ш. Жалмаханов қазақ халық тілі мен ұлттық тілдің, оларда-
ғы диалектілердің арақатынасын былайша көрсетеді [6, 64 б.]:
Бұл сызбадан ұлт тілінің жасалуы үшін халық тілінің қос тармағы ру диалектісі
мен тайпа говорларының негіз болатынын көруге болады.
Акад. Ш. Ш. Сарыбаев С. Аманжолов пен Ж. Досқараевтың тарихи диалектоло-
гия саласынан алғашқы мәліметтерді беруі, өздерінің диалектілерге жасаған клас-
сификацияларын ұсынуы, қысқаша диалектологиялық сөздіктер жасау еңбектері
диалектологияда ерекше орын алатындықтарын баса айтады [4, 608 б.].
Қазақ тіл білімінде тарихи диалектология мәселесі жайында Т. Айдаров, А.
К. Құрышжанов, Ғ. Ғ. Мұсабаев, Ш. Сарыбаев т. б. ғалымдар сөз қозғады. Ш. Ш.
Сарыбаев 1976 жылы әдеби тілдің диалектілік негізімен байланысты мәселелерді
шешу үшін тарихи диалектология мәселелерін зерттеуді қолға алу керектігін мәсе-
ле етіп көтерді [4, 289 б.; 535 б.].
Ш. Ш. Сарыбаев жалпы лексикографияны әдеби және бейәдебиге бөліп қарас-
тыра отырып, диалектологиялық сөздікті жасау және оған сөздерді сұрыптауды
айтпас бұрын диалектілік лексиканы әдеби лексикадан бөліп қарастыру, «диалект
сөздер» ұғымын анықтау, диалектілік лексикадан қарапайым сөздерді, кітаби тілді
бөліп алу, диалектілік пен кәсіби лексиканың өзара байланысын анықтау қажет [4,
192 б.] дейді.
Ежелгі тайпа тілдерінің сарқыншақтары кірме лексикалық бірліктер, жаңа сөз-
дермен кірігіп ала-құла диалектологиялық картаны көрсетеді. Сан жағынан қазақ-
тың негізгі диалектілік құбылыстары алдыңғы орында тұр. Одан кейін кірме лек-
сика жатады. Ш. Ш. Сарыбаев диалектілік құбылыстардың пайда болуын негізінен
жаңа реалиялардың енуімен байланыстырады. 1940 жылдардан бастап диалектілік
лексикада жаңа туындылардың жасалуы бәсеңдейді, бұның себебі реалиялар бас-
пасөз арқылы атауға ие болғандықтан, варианттылықтың азаюымен түсіндіріледі.
Бұл қазақ әдеби тілінің нормалану үрдісінде баспасөздің рөлі артқанын көрсетеді.
Қазіргі жағдайда көп диалектизмдер нормаланған лексикамен «еріп, бірігіп» бара
жатыр. Егерде Қазан төңкерісіне дейін говорлар тұрақты, орнықты сипатта болса,
енді баспасөздің кең етек алуымен, радио, теледидар, көлік байланысының дамуы
нәтижесінде әдеби тіл нормалары ауызша-сөйлеу қарым-қатынасына белсенді түр-
де енді. Ал бұл диалектілік ерекшеліктердің бейтараптануына, тегістелуіне, ерек-
шеліктердің азаюына, лексикалық диалектизмдердің деградациясына әкелді дей-
ді. Ғалым этнографиялық диалектизмдер мәселесін де көтереді. «Тілдің жергілікті
ерекшеліктері – терең ескіліктің жанды куәгерлері» [4, 187 б.] деп таныған диалек-
толог ғалым Ш. Ш. Сарыбаев говорлардан көнерген сөздер, тарихи сөздерді кездес-
тіруге болатындығын баса айтады. Диалектизмдердің құрамында сөздің тарихына
қатысты мол мағлұматтар беретін көнерген сөздер, тарихи сөздер кездесетіні бел-
гілі. Кейбір сөздер жазуға түспегенімен, диалектілік сөйленісте сақталып қалды.
Сондықтан олардың тілдің тарихы, этимологиясы үшін беретін маңызы зор. Осы
лексикалық бірліктерді атай отырып, акад. Ш. Ш. Сарыбаев көнерген сөздерді екі
топқа ажыратады: 1. әдеби тілдегі жалпылама қолданыс сипатындағы көнерген сөз-
дер; 2. жергілікті қолданыстағы көнерген сөздер. Бұл топта қарастырылып отырған
58
көнерген сөздер мен тарихи сөздер белгілі бір тар аймақта қолданылады.
Диалектологиялық сөздік тіл тарихының кейбір мәселелерін зерттеуде маңызы
зор. Тарихи лексикология саласында, түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи зерт-
теулерде, көне ескерткіштер тіліндегі сөздерді говорлар арқылы анықтау құнды мә-
ліметтер береді.
Сөздіктерді бірнеше түрге бөлуге болады:
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |