60х84 1-8 Сарыбаев indd


диалектологиялық-әдеби сөздік


бет32/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

диалектологиялық-әдеби сөздік. Бұл 
қазақ, татар, өзбек, әзірбайжан диалектологтары жасаған кәдімгі диалектология-
лық сөздік. 
Әдеби-диалектологиялық сөздік. Мұнда әуелі сөздің әдеби тұлғасы 
беріледі, содан кейін барып бірнеше диалект тұлғалары беріледі. Егерде жасалса, 
жақсы, тиімді сөздік болады. Ш. Ш. Сарыбаевтың диалектологиялықсөздіктерді 
түр-түрге бөлуіне сүйене отырып, оны сызба түрінде біз былайша көрсеттік: 
Қорытындылай келе, акад.Ш.Сарыбаев жасаған диалектологиялық сөздіктердің 
тіл мәселелерін зерттеуде маңызы зор екендігіне тағы да көз жеткіземіз. Бұл еңбек-
тер тарихи лексикология саласында, түркі тілдері бойынша жүргізілетін салыстыр-
малы–тарихи зерттеулерде, көне ескерткіштер тіліндегі сөздерді говорлар арқылы 
анықтауда құнды мәліметтер береді. 
Пайдаланылған әдебиет: 
1 Жұбаева О. Қ. Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасы мен лингвистикалық тұ-
жырымдамалары. Филолог. ғыл. канд… диссер. 10. 02. 02 – қазақ тілі. – Алматы, 
2002. – 175 б. 
2 Аймауытұлы Ж. Тіл туралы // Еңбекші қазақ. 09. 03. 1926. – 2 б. 
3 Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Часть пер-
вая. – Алма-Ата, 1959. – 452 с. 
4 Сарыбаев Ш. Ш. Казахская региональная лексикография // Қазақ тіл білімі мә-
селелері. – Алматы: Арыс, 2000. – 621 б. 
5 Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы. – Алматы: Мектеп, 1991. – 200 б. 
6 Жалмаханов Ш. Қазақ лексикасының семантикалық деривациясы. –Қарағанды: 
ҚарМУ, 2003. – 212 б. 
ҮЛГІ ТҰТАР НАҒЫЗ ҒАЛЫМ АТАМЫЗ
Асқар Л.
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Еңбектеріне қазақ тіл білімінде талай пікірлер айтылып, талай шәкірттері тәлім-
тәрбиесін алған филология ғылымдарының докторы Шора Шамғалиұлы Сарыбаев 
атамызды Қазақ ұлттық университетінде алғаш рет көрген болатынбыз. Қазақ фило-
логиясы кафедрасында бұрыннан қызмет ететін профессор ұстаздар да, сабақ ара-
сындағы үзілісте кафедраға кіріп-шыққан жас оқытушылар да Ғылым академиясы 
жақтан университетке келген Шора атамыздың әңгімесіне құлақ түріп, ұйып тың-


59
дап қалатын. Бізге ол кісі жұмсақтық пен өткірлік бойына бірдей дарыған, өмірдің 
күнгей жағынан нәр алған, тумысынан көңілді ада
м болып көрінді. Бірде кафедра 
ұжымы академик атамызды арнайы шақыртып, тіл тарихына және лексикологияға 
қатысты лекциясын Әуезов атындағы аудиторияда студенттерге де тыңдатты. Өзі-
мен бірге Шора атамыз коллекциясының бір кішігірім бөлігін, біраз жасқа келсе 
де, ерінбей ала келген екен. Жалпы коллекция жинау біздің топырақтан шыққан 
деп айта алмаймыз. Айналаға қазақ даласына еліктеген кеңдікпен қарайтын қазақи 
адамдардың көпшілігі ұсақ-түйек деп кейбір дүниелерді құнттамайтыны жасырын 
емес. Алайда Шора Шамғалиұлы атамыз үшін әр нәрсеге мән беру тән екен. Ғалым-
ның коллекциясына ізденіс барысында қолына түскен әрбір конвертті, әрбір марка-
ны бағалап, сақтай білген қасиетіне өз басым қатты риза болдым. Ұқыптылықпен 
ақпарат пен дерек жинау ғалымдардың бірқатарына тән болса да, үлкен коллек-
цияға уақыт арнап, көңіл бөлу айрықша мінез иесін білдіріп тұрғандай. Оған қоса 
материалдық мәдениет үлгілерінің қазіргі электронды хат-хабар алысу заманында 
құны бұрынғыдан да арта түсетіні белгілі. 
Тағы бірде Шора атамыз ғылыми кеңеске кірер алдында кафедрада отырған менен: 
«Ғылыми тақырыбың қандай? Қорғадың ба?» деп сұрады да, кандидаттық диссерта-
циямның тақырыбын, қорғаудың шамамен қай кезге қойылғанын жазып алды. Мен 
ғалым атамыздың қазақ тілі мамандығы бойынша библиографиялық анықтағышты 
құрастырып, ыждағаттылықпен басып шығарып жүргенін білсем де, академик дәреже-
сіндегі адамның менің жұмысыма деген бұндай ықылас танытқанына қуанып қалдым.
Библиографиялық көптомдықты университетте сабақ берген кезімізде де, ғылыми 
мақала жазу барысында материал іздестірген кезімізде де пайдаланып, оның қан-
шалықты ыңғайлы әрі пайдалы екендігіне көзіміз жеткен еді. Шора Сарыбаев ата-
мыз серіктес автор ретінде құрастырған, 1966 жылы шыққан этимологиялық сөз-
дік таптырмас басылымдардың біріне айналды. Ұзақ жылдар бойғы ізденістердің 
нәтижесін қамтитын этимологиялық зерттеулер асқан жауапкершілікті талап етеді. 
Бұндай типтегі сөздіктерге тілші ғалымдар өте зәру. 
Соңғы жылдары аудармамен айналыса жүріп, Шора атамыздың аудармаға қа-
тысты пікіріне де көңіл бөлдік. Диалектизмдерді қазақ тіліне аудару жайлы ғалым 
мынандай ұсыныстар айтқан екен: «Біздіңше, түпнұсқада кездесетін диалектизм-
дерді аударудың үш жолы бар: 1) түпнұсқадағы сөздер қазақ тіліндегі сөздермен 
мағына жағынан, дыбыс жағынан әуендес болса, оларды қазақ тіліндегі сөздермен 
беру керек. Мысалы, «Тынық Дон» шығармасында кездесетін чекмень, чирики, бур-
сак сияқты сөздер осы принциппен шекпен, шәрке, бауырсақ болып дұрыс ауда-
рылған. 2) түпнұсқадағы диалектизмдердің әдеби тілде баламалары болса, олар-
ды әдеби тілдегі сөздермен аудару керек. 3) әдеби тілімізде баламасы жоқ орыс 
диалектизмдерін аудармай түпнұсқадағы қалпынша сақтап, сілтемеде немесе тү-
сініктер бөлімінде қысқаша түсініктер беріп отырған жөн. Бірақ осы айтылғаннан 
жергілікті сөздерді мүлде қолданбау керек деген ұғым тумауы керек. » [1, 135-б.] 
Шора атамызға бірізділік оның әкесінен – білім беру ісінің майталманы Шамға-
ли Харесұлы Сарыбаевтан – дарыған деп ойлаймыз. Шамғали Харесұлы елді екі 
ақ патша мен кеңес үкіметінің төрт басшысы басқарған кезеңдерді басынан ке-
шірген, туған тіліміздің үш графикасын бірінен-соң бірін меңгеріп, еңбектерін 
сол үш түрлі графикада (араб, латын, кириллица) жазып қалдырған адам. Қиын-
қыстау заманға қарамастан ағарту ісін білім-ғылымға ұштастырған бұндай қа-
жырлық пен ізденімпаздықтан үлгі алуға болады. Бір өмірінің өзінде күнделікті 


60
үйреншікті жазуын үш мәрте ауыстырғаны қазіргі жас филологтарға қызық дерек 
емес пе? Атасының еңбек жолына шолу жасаған ағылшын тілінің маманы, фи-
лология ғылымдарының кандидаты Майра Шорақызы «Время. Судьба. Миссия» 
деген мақаласында Шамғали Сарыбаевтың өмірін тарихи оқиғалармен байланыс-
тырып, дерекнамасын кітаптардан ғана емес, ғаламтордағы сайттардан да алған.
Шора Шамғалиұлы атамыз өзінің естеліктерінде әкесінің оны Алматы қаласын-
дағы №12 қазақ орта мектебіне жетектеп апарғанын жазады. Қала орталығында, 
ол кездегі Киров және Красин көшелерінің қиылысында орналасқан, талай қазақ 
зиялылары білім алған бұл мектептің аты аңызға айналған десек артық айтпаймыз. 
Біздің өзіміз де осы мектепте оқығанымызды мақтан тұтамыз. Шора атамыздың 
ұлы, белгілі дипломат Қайрат Сарыбаев та әкесі оқыған осы қазақ мектебінің тү-
легі. №12 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, біздің сыныптың же-
текшісі марқұм Үбайда Исмағұлқызы бірде сабақ үстінде «біздің мектепті бітірген 
Қайрат Сарыбаев қазақ класында оқыса да, Ленинградтағы ( Санкт-Петербургтегі) 
оқу орнына, шығыстану бөліміне шығарманы орыс тілінде жазып оқуға түсті» деп, 
бізге үлгі етіп, ерекше толқып айтқан болатын. Мәселе біздің оқушының қазақ мек-
тебіндегі орыс әдебиетінің қысқартылған бағдарламасы көлемінен тыс, яғни толық 
материалды өз бетімен меңгергендігінде еді. Мектептің ролімен қатар Шора Шам-
ғалиұлы атамыздың отбасындағы үлгісі осы эпизодтан көрініс тапқандай. 
Сөз соңында тағы бір естелік ойға оралады. Шора атамыздың менің әкемнің 
Қазақстан Жазушылар одағындағы мәжіліс залында өткен мерейтойына арнайы 
келіп: «Мен Оразақынды өте жақсы көремін» деп айтқан сөзі мәңгі есімде қалды. 
Диалектология, лексикология, тіл тарихы, лексикография салаларында тынбай ең-
бек еткен филология ғылымдарының докторы Шора Сарыбаев атамыздың пікірле-
рін қазіргі жас филологтар іс жүзінде пайдаланып, өміршеңдігін жаңғырта түссе 
деген тілек білдіреміз. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет