95
АУАЗЫ –
әуезі. Сонан соң сұлу қыз-
дың әсем
ауазын естіп өзін сүйетінін біліп
бала өзінің ата-анасы өскен жерін бұрын
сол уақытқа шейін ойына салмай жүрген
мүддем есінен шығып бүтін дүния көзіне
көрінбей кетіпті (ДУГ. 1889 ж. Урашима.
102-б.).
AÝAZY –
áýezi. Sonan soń sulý qyzdyń
ásem
aýazyn estip ózin súıetinin bilip bala óziniń
ata-anasy ósken jerin buryn sol ýaqytqa sheıin
oıyna salmaı júrgen múddem esinen shyǵyp
bútin dúnıa kózine kórinbeı ketipti (DÝG. 1889 j.
Ýrashıma. 102-b.).
ӘГЕРДЕ –
егерде. Бұл баяннама-
ның ақырын
тиянақ етіп ұйғарамыз
һәм шаттықпенен қосып жазамыз,
әгер-
де Шоқан Уәлиханов ғылым, өнер иесі,
халықтың
ғадет заңын біліп,
даңғыл
биік жолға шықса да өзінің туған жай-
ын жатырқамады һәм ұмытпады (ДУГ.
1894 ж. Ш.Ш.Уәлиханов. 517-519-бб.).
ÁGERDE –
egerde. Bul baıannamanyń
aqyryn tıanaq etip uıǵaramyz hám shattyqpenen
qosyp jazamyz,
ágerde Shoqan Ýálıhanov ǵylym,
óner ıesi, halyqtyń ǵadet zańyn bilip, dańǵyl bıik
jolǵa shyqsa da óziniń týǵan jaıyn jatyrqamady
hám umytpady (DÝG. 1894 j. Sh.Sh.Ýálıhanov.
517-519-bb.).
ҺӘМ —
және. «Дарға тарт, өлтiр!» деудiң себебi сол, Байғұстар бiр жыл жатып
һәм арыды («Әбуғалисина, Әбiлхарис». Бабалар сөзі. 7-том, 19-б. 2004). Бағдаттың
патшасы
һәм ұлық патша, Бұрын да балаңызды келген сұрай. Лайық Дiләфрузжан
қосылса оған,
Һәм сiзге, ұлы абырой бәрiмiзге («Әбуғалисина, Әбiлхарис». Бабалар
сөзі. 7-том, 31-б. 2004). Атқанда алтын арай бозарып таң, Жұлдыздар жойылғанда
азайып
һәм («Әбуғалисина, Әбiлхарис». Бабалар сөзі. 7-том, 67-б. 2004). Қазылар
бұл
сауалға сөз таба алмай, Ұялып
һәм қорқумен қозғала алмай («Әбуғалисина,
Әбiлхарис». Бабалар сөзі. 7-том, 101-б. 2004).
Сөздік мақала – сөздіктің сапасын айқындайтын негізгі көрсеткіштің бірі. Сөз-
діктің жасалуы – кешенді ғылыми зерттеу және ғылыми-ұйымдастырушылық мә-
селе. Сөздік құрастырушылар жалпы тілдік және лексикографиялық білімдерімен
сөздік жасау барысында пайда болған мәселелерді шешеді.
Қорыта келе, айтарымыз, Кирилл және латын графикаларында қазақ ескі жазу
лексикасының сөздігін әзірлеу тұңғыш рет қазақ тіл білімінде қолға алынып отыр-
ған жұмыс. Бұған дейін бұндай атпен сөздік шыққан жоқ. Әрине, араб, парсы сөзде-
рінің сөздігі шықты. Бұл сөздіктерден біздің айырмашылығымыз, ескі кітаби тілдің
элементтерін қосу,
екіншіден, латын графикасында жазылуы.
Кез-келген сөздік жасау барысында кездесетін қиындықтар біздің сөздік жасау
барысымызда да кездесіп отырады. Біз оларды ақылдасу мен анықтау арқылы ше-
шіп отыруға тырысамыз.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: