60х84 1-8 Сарыбаев indd


Атау сөз. Атау сөз болып ескі кітаби сөздер алынады және олар бас әріппен  жазылады.  Мысалы: 1)  АУАЗЫ. AÝAZY. 2) ӘГЕРДЕ. ÁGERDE


бет52/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Атау сөз. Атау сөз болып ескі кітаби сөздер алынады және олар бас әріппен 
жазылады. 
Мысалы: 1) 
АУАЗЫ. AÝAZY. 2) ӘГЕРДЕ. ÁGERDE
ІІІ. 
Түсініктемесі. Ескі сөздердің мағынасын анықтау үшін бірнеше тілдің сөз-
діктері пайдаланылды және ол курсивпен беріліп отырады.
әуезі; егерде
ІV. 
Дәйек сөз. Дәйек сөзге ХХ ғасырдың басына дейін жазылған туындылар 
алынды.
V. 
Дереккөз. Дереккөз жақша ішінде, қажет болған жағдайда қысқартылып бе-
ріледі.
VІ. 
Латынша транслитерациясы. Кирилше жазылған бөлігі сол, латынша бөлі-
гі оң жақта тұрады. Кирилшеде жазылған сөздік мақала латыншаға сөзбе-сөз, сөз-
дік мақала тұтастай аударылады.
Сөздік, мәселен, мынадай үлгіде беріледі.


95
АУАЗЫ – әуезі. Сонан соң сұлу қыз-
дың әсем ауазын естіп өзін сүйетінін біліп 
бала өзінің ата-анасы өскен жерін бұрын 
сол уақытқа шейін ойына салмай жүрген 
мүддем есінен шығып бүтін дүния көзіне 
көрінбей кетіпті (ДУГ. 1889 ж. Урашима. 
102-б.).
AÝAZYáýezi. Sonan soń sulý qyzdyń 
ásem aýazyn estip ózin súıetinin bilip bala óziniń 
ata-anasy ósken jerin buryn sol ýaqytqa sheıin 
oıyna salmaı júrgen múddem esinen shyǵyp 
bútin dúnıa kózine kórinbeı ketipti (DÝG. 1889 j. 
Ýrashıma. 102-b.).
ӘГЕРДЕ – егерде. Бұл баяннама-
ның ақырын тиянақ етіп ұйғарамыз 
һәм шаттықпенен қосып жазамыз, әгер-
де Шоқан Уәлиханов ғылым, өнер иесі, 
халықтың ғадет заңын біліп, даңғыл 
биік жолға шықса да өзінің туған жай-
ын жатырқамады һәм ұмытпады (ДУГ. 
1894 ж. Ш.Ш.Уәлиханов. 517-519-бб.).
ÁGERDEegerde. Bul baıannamanyń 
aqyryn tıanaq etip uıǵaramyz hám shattyqpenen 
qosyp jazamyz, 
ágerde Shoqan Ýálıhanov ǵylym, 
óner ıesi, halyqtyń ǵadet zańyn bilip, dańǵyl bıik 
jolǵa shyqsa da óziniń týǵan jaıyn jatyrqamady 
hám umytpady (DÝG. 1894 j. Sh.Sh.Ýálıhanov. 
517-519-bb.).
ҺӘМ — және. «Дарға тарт, өлтiр!» деудiң себебi сол, Байғұстар бiр жыл жатып 
һәм арыды («Әбуғалисина, Әбiлхарис». Бабалар сөзі. 7-том, 19-б. 2004). Бағдаттың 
патшасы һәм ұлық патша, Бұрын да балаңызды келген сұрай. Лайық Дiләфрузжан 
қосылса оған, Һәм сiзге, ұлы абырой бәрiмiзге («Әбуғалисина, Әбiлхарис». Бабалар 
сөзі. 7-том, 31-б. 2004). Атқанда алтын арай бозарып таң, Жұлдыздар жойылғанда 
азайып һәм («Әбуғалисина, Әбiлхарис». Бабалар сөзі. 7-том, 67-б. 2004). Қазылар 
бұл сауалға сөз таба алмай, Ұялып һәм қорқумен қозғала алмай («Әбуғалисина, 
Әбiлхарис». Бабалар сөзі. 7-том, 101-б. 2004).
Сөздік мақала – сөздіктің сапасын айқындайтын негізгі көрсеткіштің бірі. Сөз-
діктің жасалуы – кешенді ғылыми зерттеу және ғылыми-ұйымдастырушылық мә-
селе. Сөздік құрастырушылар жалпы тілдік және лексикографиялық білімдерімен 
сөздік жасау барысында пайда болған мәселелерді шешеді.
Қорыта келе, айтарымыз, Кирилл және латын графикаларында қазақ ескі жазу 
лексикасының сөздігін әзірлеу тұңғыш рет қазақ тіл білімінде қолға алынып отыр-
ған жұмыс. Бұған дейін бұндай атпен сөздік шыққан жоқ. Әрине, араб, парсы сөзде-
рінің сөздігі шықты. Бұл сөздіктерден біздің айырмашылығымыз, ескі кітаби тілдің 
элементтерін қосу, екіншіден, латын графикасында жазылуы. 
Кез-келген сөздік жасау барысында кездесетін қиындықтар біздің сөздік жасау 
барысымызда да кездесіп отырады. Біз оларды ақылдасу мен анықтау арқылы ше-
шіп отыруға тырысамыз.

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет