186
Лайфха́к. неол. («life» және «hack» – «өмірді бұзу) – уақыт үнемдеуге көмекте-
сетін пайдалы, қолайлы кеңес немесе қулық. Лайфха́к практикалық міндеттердің
шешімдерін өте ықшам мәтінде немесе ақпарат графикте, түсіндірме суретте тү-
сіндіру болуы мүмкін.
Логин (login) – бұл өзіңіз әлдебір форумға тіркелген кезде жазуға тиісті, өзіңіз
ойлап тапқан сөз. Кейіннен тіркелген сайтқа кіргіңіз келгенде әрқашан жазып оты-
расыз.
Бұл сөзді ешкім көрмейді, ол сайттың немесе форумның кілті тәрізді.
Маркетинг – (ағыл.
marketing «нарықтық қызмет») сатып алушыларға өнім не-
месе
қызметті жасау, ілгерлету мен ұсынуды және
ұйымға пайда әкелу арқылы
олармен өзарабайланысты ұйымдастыратын қызмет және үдерістер жиынтығы.
Барынша қысқаша, маркетинг – пайда табу мақсатында
нарықтық қажеттілікті
қанағаттандыруға бағытталған қызмет. Кең мағынасында, маркетинг қолданысы
«
адами және қоғамдық қажеттіліктерді анықтау мен қанағаттандырудан» тұ-
рады.
Мейнстрим (ағыл. «мainstream» – негізгі, басты ағым) – бұл адам тіршілік әре-
кетінің (мәдениеттану, көркем әдебиет, театр, музыка және т. б.) белгілі бір сала-
сындағы қоғамның даму векторын, басым мүдделі саласын, танымал бағытын бел-
гілеу үшін қолданылатын заманауи термин. Бұл – әлдебір жаппай үрдіс. Синоним-
дері: тренд, бренд, хайп.
Мем – (ағыл. meme) ақпарат мәдениетіне арналған маңызды бірлік. Мем – адам-
нан адамға сөйлеу, хат, бейне, жоралғы, ым және т. б. арқылы берілетін кез келген
идея, символ, әрекет манері мен бейнесі. «Мем» термині мен оның түсінігін эво-
люция биологы Ричард Докинз в 1976 жылы «Эгоистік ген»
кітабында енгізген
болатын.
Менеджер (ағыл. manager – басқарушы) –
жалдамалы басқарушы,
өндірісті
ұйымдастырушы маман. Ол негізінен кәсіпорындағы
немесе фирмадағы барлық
жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру, басқару мәселелерімен айналысады, ұйым ал-
дындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: