64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсіздік кезең философиясы 71. Орта ғасыр философиясындағы діни дүниетаным



бет28/99
Дата10.05.2022
өлшемі244,65 Kb.
#33920
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   99
37) С.Кьеркегор философиясы

Серен Кьеркегор бұл Даниядан шыққан атақты жазушы, психолог және де діни философ. Экзистенциализмның негізін қалаушы бұл ойшылдың өмірі тек адамның ішкі рухани сырларын зерттеумен және оның Құдаймен тікелей байланысын көрсетумен өтті. Оның философиялық көзқарасы мен жалпы дүниесезімінің қалыптасуына әкесінің діни дүниетанымы қатты әсерін тигізген еді. Ол толығынан діни сезімге беріліп, әкесінен дарыған өнермен үйде жазушылық ісімен айналысып, оның артынан қалған барлық қаражатты өзінің жазған бар шығармаларын халыққа жарық етуге жұмсайды.

Жалпы Кьеркегордың филсофиясындағы басты мәселе болып әрқашан адамның бірлік ретінде, ішкі жандүниесі және уақытқа тәуелділді өмір сүруі саналған. Экзистенциядағы оның идеясы 3 принциптан тұрған: эстетикалық(ләзәт), этикалық(парыз) және діни(сенім). Эстетикалықты Кьеркогер ауқымды түрде Канттың түсініктеріне сәйкес ой-санадан бөлек сезімдік қабылдау мен раххат алу ретінде көрсетеді. Қоғамдағы көпшілік осы сатының шеңберінде өмір сүреді. Ол әлем әсемдігіне құмарту, алғаш көргендегі сезімдідердің негізінде кездейсоқ байланыстарға түсу,яғни әр күннен және әр сағаттан, әрбір орнаған сәттен ләззат алу. Егер эстетикалык өмір салты ләззат алуға бағытталған болса, этикалық сатыға келгенде адамның ізгілік жолына түсе білуі, қоғам алдындағы парызды орындай білуі, соның кепіліне айналады. Діни сатыны айқын суреттейтін еңбек «Үрей мен қалтырау» деп аталады,онда Кьеркогер Библияның сюжетін толығынан егжей-тегжей талдап, діни және этикалық сатылардың арасындағы шешілмейтін терең қайшылықтарды көрсетеді.

Филсофиядағы жаңа ұғымды орнатқан ол рационалды филсофияға үлкен сын айтатын, әсіресе Гегелдің тұжырымдарына ол былай дейтін: «Философия тек адамның өзіне тәуелді, субьективті ұғым, ол ешқандай ғылыммен салыстыруға келмейді». Гегель болса ақиқаттың ақылға қонымды, жалпыға тәуелді сипатқа ие және оны тек ғылым арқылы толық игеруге болады деп санаған. Мәселен өмір сүру адамның алдындағы мүмкіндіктердің біреуін ерікті түрде таңдап алып, өзінің қайталанбайтын ерекше болмысын іске асыру, тобырға ұқсамау, одан бөліну. Гегельдің айтып кеткен ұғымына тоқталсақ – идея барлық шындықтың тіршілік беруші жаны және ол абсолютты. Осы мәселеге байланысты Кьеркегор адамның өміріндегі ең басты сұрақты “Болу немесе болмау?”-ды алып мынандай мысал келтіреді, «Құмарлық бұл субьективтіліктің нағыз көрінісі, егер оны обьективті қарастырса ол мүлде жоқ», демек бұл сұраққа жауап тек субьективтілік сипатта ғана мағынаға ие бола алады. Оның ойынша филсофиядағы экзистенцияалды ақиқатқа жеті мүмкін емес, тек қана соның астарында өмір сүруге ғана болады. Обьективті ақиқатқа субьект немқұрайлы, яғни онда ол тіршілік ете алмайды. Сонымен өмір сүру дегеніміз - ішкі шектелген және шексіздіктің арасындағы тұлғаның өзіндің ерікті таңдаулары, соған байланысты үрейі, шешімі және секірісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет