15. Философия тарихындағы болмыс ұғымы.
Болмыс – әлемнің сипатын, түрін, дүниенің түпкі мағынасын, мәнін, айналадағы заттар мен олардың құбылыстарын, дамуын, құпияларын танып білу өажеттілігі болып табылады. 17 ғ.бастап қалыптасқан «Онтология» термині болмыс туалы және бүкіл тіршілік мәні туралы ілімді зерттейді.
Философиялық әдебиеттен «болмыс» терминының екі мағынасын ашуға болады. Біріншісі, тар мағынада, яғни, адам санасынан тәуелсіз, тысқары өмір сүретін объективті материалдық дүние болатын болса, екіншісі кең мағынада, яғни,түсінігі, ой түйсігі бардың барлығы, материалдық дүниемен қоса рухани айналымды да қамтиды деп есептеген.
Философия тарихында болмыс ұғымын ең алғаш рет қолданып, оны маңызды мәселе ретінде қарастырған Парменид болған. Сол уақыттан бастап, «Болмыс-бар болу, өмір сүру, ал болмыссыздық – жоқ болу» концепциясы әр саладағы ғылымдардың пікірлерімен дәлелдене бастады.
Мысалы, Леквипп мен Демокриттің пікірлері бойынша, барлық заттардың түп негізі – бөлшек- атом. Бостық – сан алуан заттардың, құбылыстардың өмір сүруіне – қозғалысқа түсуіне жағдай жасайды.
Платон айтуынша, Болмыс – мәңгі өмір сүретін, өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі. Идеялар – заттар мен құбылыстардың түп негізі бола тұра, оларды анықтап өмірге келтіруші болып табылады деген.Сондай – ақ, «Шынайы болмыс – шексіз табиғат, адам табиғаттың ғажап туындысы» деген идеяны Л. Фейербах өзінің еңбектерінде ұсынған және басқаларға насихаттаған.
Философия тарихындағы болмыс ұғымдарды әртүрлі критерийлер бойынша жүйелеуге болады: тарихи түріне жататын, авторлық. Болмыс әрқашанда санаға тәуелсіз жұмыс жасайды.
Сонымен, оның мәні болмыстың шексіз көптігі (ғалам), немесе - шексіз көп өлшемді күйдегі тіршілік. Адам іс-әрекетінде адам қызметінің көптеген факторларына байланысты белгілі бір жергілікті штаттарда қолданылады және жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |