5. 6М020700 – «Аударма ісі» мамандығы талапкерлерінің мамандық бойыншатапсыратын емтихан жауаптарын бағалау критерийлері
6М020700 – «Аударма ісі» мамандығы талапкерлерінің мамандық бойынша тапсыратын емтихан жауаптарын бағалау критерийлері 09-16 ЕҰУ Бұйрығы Ережесіне сәйкес әзірленіп, төмендегідей жүйеде жүргізіледі:
Балл бойынша қорытынды баға
Баллдардың сандық эквиваленті
Әріптік жүйе бойынша бағасы
Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы
Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы
Емтихан, диффер. сынақ
сынақ
95-100
4,0
А
Өте жақсы
Сынақтан өтті
90-94
3,67
А-
85-89
3,33
В+
жақсы
80-84
3,0
В
75-79
2,67
В-
70-74
2,33
С+
қанағаттанарлық
65-69
2,0
С
60-64
1,67
С-
55-59
1,33
D+
50-54
1
D
0-49
F
қанағаттанарлықсыз
Сынақтан өтпеді
6М020700 – «Аударма ісі» мамандығы талапкерлерінің мамандық бойынша тапсыратын емтихан жауаптарын бағалауда комиссия мүшелері төмендегі шарттарға көңіл бөлулері тиіс:
«Өте жақсы» деген баға (90-100 %) талапкерге:
1) теориялық сұраққа толығымен жауап беріп, оған мысалдар келтіріп талдағанда;
2) қарастырылып отырған мәселе бойынша ғылыми еңбектер мен оқулықтарға сілтеме жасай алғанда;
3) тіл білімінің және аударматанудың әдіс-тәсілдерін қолдану дағдыларын меңгергенде;
4) түпнұсқа және аударма мәтіндерге салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасау дағдыларын меңгергенде;
5) қойылған теориялық және практикалық сұрақтарға нақты жауап бергенде;
6) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді аудару дағдыларын меңгергенде;
7) аударма барысында кездесетін мәселелерді анықтап, оларды шешудің жолдарын және өзіндік аударма нұсқасын ұсына алғанда қойылады.
«Жақсы» деген баға (75-89 %) талапкерге:
1) теориялық сұраққа толығымен жауап беріп, оған мысалдар келтіріп талдағанда;
2) қарастырылып отырған мәселе бойынша ғылыми еңбектер мен оқулықтарға сілтеме жасай алғанда;
3) зерттеудің кейбір әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оларды нақты қолдана алғанда;
4) түпнұсқа және аударма мәтіндерге салыстырмалы-салғастырмалы талдау дағдыларын меңгергенде;
5) қойылған сұрақтарға сенімсіздеу жауап бергенде;
6) ақпараттық мәтіндерді қазақ тілінен ағылшын тіліне жазбаша аударудың дағдыларын меңгергенде;
7) аударма барысында кездесетін мәселелерді толықтай анықтай алмаған, дегенмен өзіндік аударма нұсқасын немесе мәтінді өзгертіп берудің жолдарын ұсына алғанда қойылады.