БАҒДАРЛАМАСЫ Бұл бағдарлама Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6M020700 – «Аударма ісі» (ғылыми-педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша магистратура бөліміне тапсыратын талапкерлерге арналған.
6М020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша қабылдау емтиханының бағдарламасына тіл білімі, лингвистика ілімінің тарихы, аударма теориясы, аударматану, жалпы және жеке аударма теориясы, мәдениетаралық коммуникация мәселелері бойынша сұрақтар енгізілген.
Емтиханның мақсаты мен міндеттері
Қабылдау емтиханның мақсаты 6М020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша талапкерлердің теориялық дайындығы мен практикалық дағдыларының деңгейін анықтау болып табылды.
Талапкерлерге арналған емтиханның міндеттері:
Аудармашылық міндеттерді атқаруда талапкерлердің білімін, дағдыларын қолдана алу қабілетін анықтау.
2. 6М020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша талапкерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 6М020700 – «Аударма ісі» мамандығына түсу барысында талапкер келесі теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болуы тиіс:
Аударма теориясының (жалпы аударма теориясы, жеке аударма теориясы, арнайы аударма теориясы), мәдениетаралық қарым-қатынас, аудармашының кәсіби қызметі, оқытылатын тіл (ағылшын) теориясының (теориялық грамматика, теориялық фонетика, лексикология және ағылшын тілі тарихы) негізгі ережелері мен түсініктері;
Тіл білімінің негізгі ережелері мен ұғымдары ( лингвистика ілімінің тарихы, салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі, тілдік қарым-қатынас теориясы);
Арнаулы-кәсіби ағылшын тілінің шет тілі мәдениетінің өкілдерімен байланыс орнатуға негізделген мәдениетаралық-қарым-қатынас біліктілігі дағдылары;
ақпараттық/көркем мәтінді жазбаша аударудың ерекшеліктері, түрлері, технологиялары жөнінде түсінік;
әртүрлі жанрдағы мәтіндердің ана тілінен шет тіліне (және керісінше) жазбаша балама аудармасын жүзеге асыру дағдылары;
аудармашылық әмбебап жазуды қолданып және қолданбай ана тілінен шет тіліне (және керісінше) ауызша (ізбе-із) аударма жасау дағдылары.