«6М020800 – археология и этнология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы


Орталық Қазақстанның қалалары мен елді мекендері



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата16.10.2023
өлшемі328,38 Kb.
#116005
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
«6М020800 – АРХЕОЛОГИЯ И ЭТНОЛОГИЯ»

32. Орталық Қазақстанның қалалары мен елді мекендері.
Кейінгі ортағасыр 
қалаларының кезеңделуі. Алтын Орда қалалары. Сарайшықтың археологиялық қазбалары. 
Тұрғын үйлер. Қоғамдық құрылыстар. Қазақ хандығы және Сырдария маңындағы қалалар 
– Сүткент, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Яссы, Отырар. Ежелгі Яссы археологиясы. Шавгар-
Яссы-Түркістан. Чары, Аспара және Күлтөбе қазбалары. Материалдық мәдениет. Кейінгі 
қалалар саны, типологиясы, топографиясы. Әлеуметтік қатынастар. Қала тұрғындарының 
демографиясы.
33. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық архитектуралық ескерткіштер. 
Оңтүстік Қазақстанның архитектуралық ескерткіштері. Айша бибі, Бабажа-Қатын 
кесенелері. Архитектуралық композициялар. Архитектура және исламның ықпалы. Қожа 
Ахмет Иассауи кесенесі және Орта Азия архитектурасы. Есімхан, Рабиа Сұлтан Бегім 
кесенелері. Алаша хан, Жошы хан, Домбаул сағаналары, олардың салыну кезеңдері. Қозы 
– Көрпеш ескерткішінің архитектуралық ерекшелігі.
«Этнологияға кіріспе» пәні 
1. Мәселенің дереккөздері мен тарихнамасы.
Археологиялық материалдар. Көне 
және ортағасырлық тұрғын үйлердің, қоныстардың, қалалардың көркем суреттерден, 
ыдыстардан, барельефтерден және т.б. заттардан көрініс табуы. Революцияға дейінгі
тарихи-этнографиялық әдебиет. Шет елдік, кеңестік және қазақстандық тарихшы, 


археолог, этнолог, архитекторлардың зерттеулері. Музей коллекциялары мен мұрағат 
мәліметтері. Революцияға дейінгі суретшілердің еңбектері. 
2. Қола және ерте темір дәуірлеріндегі тұрғын үйлер мен қоныстар. 
Шығысында 
Минусинскіден батысында Оралға дейінгі андрон археологиялық мәдениеті
тайпаларының обалары, қоныстары және тұрғын үйлері. Жер кепелер, жер бетіндегі
тікбұрышты тұрғын үйлер, Солтүстік Қазақстандағы көне қалалардың (Арқайым)
негізін салушы қоныстар. Сырдарьяның төменгі ағысындағы Тегіскен мазарлары. Сақтар 
мен совроматтардың қоныстары мен тұрғын үйлері. Жаңадарьядағы Бәбіш-Молла, 
Шірік-Рабад қалалары мен отырықшы қоныстары. Тянь-Шань таулы аудандарындағы, Шу 
даласындағы үйсіндердің қоныстары мен тұрғын үйлері. Қаңлылардың Ақтөбе, 
Шаушұқым, Жаман-Тоғай, Төребай-Тұмсық қоныстары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет