6М070100 Биотехнология мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата02.01.2017
өлшемі0,67 Mb.
#1021
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Мазмұны: Дəрілік формаларды дайындау технологиясы. Дəрілік заттардың химиялық 

құрылысы  мен  физикалық  қасиеттері.Дəрілік  препараттарды  алудың  көздері  мен 

əдістері. Олардың сапасын бақылау мен сақтау шарттары. Рецепттер негізінде дəрілік 

формаларды  дайындау  жəне  олардың  сапасын  бағалау,  рецепт  ингредиенттерінің 

үйлесімділігін  тексеру.  Дəрілік  заттарды  əзірлеудің  негізгі  этаптары.  Дəрілік 

өсімдіктер жəне өсімдік тектес дəрілік шикізат. Жаңа дəрілік заттарды іздестіру жəне 

іздеудің аспектілері; жаңа дəрілік заттардың клиникаға дейін жəне клиникалық сынау 

əдістері; дəрілік істің ұйымдастырылуы мен экономикасы; ветеринарлық препараттар 

маркетингінің 

негіздері. 

Биофармация 

анықтамасының 

фармацевтикалық 

технологиядағы  бағыт  ретінде.  Пайда  болу  алғышарттары.  Дəрілік  заттардың 

терапевтикалық  эквиваленттілігінің  жоқ  болуы.  Биофармацевтикалық  зерттеулердің 

бағыттары.  Ұнтақтар  дəрілік  форма  ретінде.  Анықтамасы.  Сипаттамасы.  Жіктелуі. 

Ұнтақтарға  қойылатын  талаптар.  Дəріхана  жағдайында  ұнтақтарды  дайындаудың 

технологиялық  сұлбасы.  Дəріхана  жағдайында  ұнтақтарды  дайындаудың  ережелері. 

Сұйық  дəрілік  формалар.  Анықтамасы,  сипаттамасы.  Жіктелуі.  Тазаланған  су. 

Дəріхана жағдайында алу.    



Күтілетін  нəтиже:  Фармацевтикалық  ғылымының  жəне  тəжірибесінің  жетістіктері; 

заманауи  деңгейде  фармация  мен  медицинаның  дамуының  концепциялары;  дəрілік 

заттар  технологиясының  биофармацевтикалық  концепциясы;  фармацевтикалық 

факторлардың  дəрілік  заттардың  биологиялық  қол  жетімділігіне  əсері  (дəрілік 

форманың  түрі,  дəрілік  заттардың  бөлшектерінің  көлемі,  дəрілік  жəне  қосымша 


заттардың  физико-химиялық  қасиеттері  мен  концентрациясы,  технологиялық  үрдіс 

жəне технололгиялық үрдістердің механизациясында қолданылатын құралдыр, т.б.). 



 

FMFN 5308 Фармакокинетиканың жəне  молекулярлық фармакологияның 

негіздері  

 

Кредит саны –3 

Пререквизиттер:  Химия,  Биология,  Биохимия,  Физиология,  Патологиялық 

физиология, Микробиология. 



Постреквизиттер: Диссертацияны орындау, болашақ кəсіби қызмет.

 

Мақсаты:  Магистранттарға  молекулярлы  фармакология  бойынша  білімдерді 

меңгерудің  əдістемесін  ғылыми,  анықтамалық  əдебиеттер,  статистикалық  шолу, 

Интернет  ресурстары  жəне  дəлелдеу  принциптері  көмегімен  оқыту,  дəрілік 

қоспалардың  фармакологиялық  қасиеттерін  жəне  олардың  əсерінің  механизмін 

меңгерудің дағдыларына ие болу.  

 

Мазмұны:  Жаңа  дəрі-дəрмектерді  əзірлеудің  заманауи  технологиялары.  Химиялық 

құрылымы  мен  заттардың  тəуелділігін  зерттеу  негізінде  жаңа  дəрілік  заттардың 

синтезі.  Жаңа  дəрілік  заттардың  бағытты  синтезі  кезінде  хемоинформатика, 

молекулярлық  дизайн  əдістері.  Фармакокинетиканың  анықтамасы.  Дəрілік  заттарды 

енгізудің  жолдары.  Мембраналар  арқылы  дəрілік  заттарды  тасымалдаудың 

молекулярлы  механизмдері.  Заттардың  сіңірілуін  өзгертетін  факторлар.  Организмде 

дəрілік  заттардың  таралуы,  биологиялық  баръер,  таралуға  əсер  ететін  факторлар 

түсініктері.  Дəрілік  заттарды  депонирлеу.  Организмде  дəрілік  заттардың 

биотрансформациясы.  Бауырдың  микросомалы  ферменттердің  түсінігі.  Дəрілік 

заттардың  шығарылуы.  Клиникалық  тəжірибеде  фармакокинетикалық  зерттеулердің 

маңызы. Фармакокинетиканың негізгі параметрлері (дəрілік заттардың абсолютті жəне 

салыстырмалы  биожетімділігі,таралу  көлемі,  жалпы  жəне  органдықклиренс, 

элиминация  жылдамдығының  константасы,  жартылай  шығару  кезеңі),  дəрілік 

заттардың  оптималды  дозалау  режимін  дайындауда  практикалық  маңызы. 

Фармакокинетиканың  жас  ерекшеліктері.  Фармакодинамиканың  түсінігі.  Дəрілік 

заттар  əсерінің  негізгі  нысанасы.  Əсер  етудің  рецепторлы  механизмдері, 

рецеепторлардыңмолекулярлы табиғаты, рецепторлардың түрлері (трансмембраналық 

жəне  жасушаішілік),  олардың  молекулярлық  ұйымдастырылуы,  рецепторлық 

сигналдың  берілуінің  принциптері,  пострецепторлы  реакциялардың  молекулярлы 

механизмдерінің  түсініктері.  Ішкі  белсенділіктьің  түрлері,  агонистер  жəне 

антагонистер.  Дəрілік  заттар  əсерінің  рецепторлы  емес  механизмдері.  Дəрілік  заттар 

əсерінің  потенциалды  нысаны.  Дəрілік  заттар  əсерінің  түрлері.  Фармакологиялық 

эффектілер (негізгі, жанама, токсикалық). Фармакодинамиканың жас ерекшеліктері. 

 

Күтілетін  нəтиже:  фармацевтикалық  ұйымдарды  басқару  əдістерін,  медициналық 

мақсаттағы  дəрілік  заттардың  жəне  басқа  да  дəріханалық  тауарлар  ассортиментінің 

сапасын 


бақылау 

əдістерін, 

дəрілік 

препараттарды 

дайындаудың 

жаңа 


технологияларын, қызметкерлерді басқару əдістерін, ассортиментті басқару əдістерін, 

фармацевтикалық  ақпаратты  іздеу  жəне  қолдану  əдістерін  меңгеру,  алғашқы  есепті 

ұйымдастыру, медициналық мақсаттағы дəрілік заттардың жəне басқа да дəріханалық 

тауарларды  сақтау  мен  сату,  санитарлық-гигиеналық  режимін  ұйымдастыру, 

фармацевтикалық консультация  жасап үйрену  дағдыларына ие болу.

 

 



AShDZhMA 5308 Ауыл шаруашылық дақылдарын жақсарту жəне 

модификациялау əдістері  

 

Кредит саны –3 

Пререквизиттер:  Биология,  Биохимия,  Органикалық  химия,  микробиология, 

Физиология, Генетика. 



Постреквизиттер:  Биотехнологиялық  бейін  пəндері,  магистрлік  диссертацияларды 

дайындау, болашақ кəсіби қызмет. 



Мақсаты:  Заманауи  тыңайту  жүйелерінің  ғылыми  негіздері,  əзірлеу  əдістері  мен 

тəсілдері,  бағалау,  меңгеру,  бақылау  бойынша  жүйелі  түсініктерді,  көзқарастарды, 

теориялық білімдерді, практикалық шеберлілік пен дағдыларды қалыптастыру.

 

Мазмұны:  Қазақстанда  өсетін  ауылшаруашылық  өсімдіктердің  түрлері,  олардың 

Қазақстан 

Республикасы 

халық 


шаруашылығындағы 

маңызы.  Негізгі 

ауылшаруашылық  дақылдарының  биологиясы,  морфологиясы,  егу  технологиясы 

мəселелерін 

зерттеу. 

Ауылшаруашылық 

дақылдарды 

жақсарту 

мен 

модификациясының  дəстүрлі  жəне  заманауи  əдістері.  Дақылдарды  өсіру  ғылым 



ретінде  жəне  оның  дамуының  негізгі  кезеңдері.  Ауылшаруашылық  дақылдардың 

өнімдерімен  тұрғындарды  қамтамасыздандырудың  жолдары.  Жұмыс  жəне  оның 

ауыл  шаруашылық  дақылдары  өнімділігін  жоғарылатудағы  жəне  ауыл 

шаруашылық  дақылдарын  интенсификациясындағы  маңызы.  Конституционалды 

типтердің  жіктелуі  жəне  оның  дақылдардың  саулығымен,  өнімділігімен, 

темпераментімен,  жылдам  жетілуі  жəне  тұқымдылығымен  байланысы.  Экстерьер 

туралы  ілім.  Экстерьерді  зерттеудің  əдістері.  Көзбен  жəне  баллдық  бағалау, 

дақылдарды өлшеу. Дене бітімінің индекстері.  Дақылдарды фотоға түсіру. Интерьер 

жəне  оның  зоотехниялық  жұмыстағы  маңызы.  Болашақ  өнімділігін  болжау 

мақсатымен  өсіп  жатқан  дақылдардың  интерьерлік  ерекшеліктерін  қолдану 

мүмкіндігі.

 

Күтілетін  нəтиже:  Түрлі  тыңайтқыштар  мен  мелиоранттардың  комбинациялары  мен 

арақатынастарын,  дозаларын  анықтау  жүйелерінің  жəне  əдістерінің  анықтамаларын, 

қасиеттерін,  əдістемелік  негіздерін,  оптималды  құрылымы  мен  жіктелуін, 

агроценоздардың  дақылдарында  оларды  қолдану  мерзімдері  мен  əдістерін; 

агроценоздар,  агроландшафтардың  топырағы  жəне  дақылдарының  қасиеттері  мен 

жіктелуін;  тыңайту  жүйелерінің  принциптері  мен  əдістерінің  агрономиялық, 

экономикалық  жəне  экологиялық  тұрғыдан  дəлелдеу  əдістерін;  тыңайтқыштарды 

қолдану  технологияларын  дəлелдеу;  тыңайтудың  түрлі  жүйелерін  меңгерудің 

кезеңдерін білу.

 

 

MShAShBShORK 5308 Мал шаруашылығындағы, аң шаруашылығы жəне 

балық шаруашылығы өнімінің радиациялық  қауіпсіздігі  

 

Кредит саны–3 

Пререквизиттер:  Физика,  Химия,  Жасуша  биологиясы,  Морфология,  физиология, 

Жануарлар Патологиясы, Фармакология негіздері, токсикология, Экология, Қоршаған 

ортаны қорғау, Еңбек қорғау. 

Постреквизиттер:  Тағам  биотехнологиясы,  ББЗ  өндірісінің  биотехнологиясы, 

диссертация жұмысын орындау, болашақ кəсіби қызмет. 



Масқаты:  Теориялық  білімдер,  əдістерді  меңгеру  жəне  агроөнеркəсіптік  кешен 

саласында  радиологиялық  бақылауды  ұйымдастыру  жəне  өткізуге  қажетті,  қоршаған 

ортаның 

радионуклидтік 

ластануы 

жағдайында 

мал 

шаруашылығындағы 



ұйымдастырушылық  жəне  арнайы  шаралар  кешенін  өткізу,  радионуклидтермен 

ластанған  территорияларда  қауіпсіз  өмір  сүру  жəне  ауылшаруашылық  өнімдерін 

өндіруді  қамтамасыз  ететін  бақылау  шараларын  өткізуге  арналған  практикалық 

дағдыларға ие болу.



 

Мазмұны:  Радиобиологияның  негізгі  бөлімдері:  ядролық  физиканың  элементтері, 

радиометрия,  дозиметрия,  радиоэкология  жəне  радиотоксикология,  ионизациялаушы 

сəулеленудің  биологиялық  əсері,  сəулелі  зақымданулар.  Сəулелі  күйіктер.  Сəулелі 

ауру.  Биологиялық  зерттеулерде  радиоактивті  изотоптарды  пайдалану,  ветеринарлық 

қадағалау  объектілерінің  радиометриялық  экспертизасын  ұйымдастыру  мен  өткізу, 

радиациялық  гигена.  Қоршаған  ортаның  радиациясы  деңгейінің  жоғарылауы  мен 

ауылшаруашылық  өнімдерінің  (ет,  сүт,  жұмыртқа,  т.б.)  радиоактивті  ластанудан 

шығатын  жабайы  жануарлар  үшін  қауіптілікті  болжау.  Жабайы  кəсіптік  жануарлар 

организмін  сəулеленуден  жəне  зақымданулардан  пострадиациялық  қалпына  келу 

жолдарынан қорғау құралдары. 

Радиоэкология жəне оның міндеттері. Сыртқы ортаға радионуклидтердің кіру көздері 

мен  жолдары.  Суда,  топырақта,  жемде,  жануарлар  органдары  мен  ұлпаларында 

радионуклидтердің  физико-химиялық  жағдайы.  Радионуклидтердің  биологиялық 

тізбектермен  миграциясы:  топырақ – өсімдік – мал – мал  жəне  өсімдік 

шаруашылығының 

өнімдері – адам. 

Мал 

шаруашылығы 



өнімдеріне 

радионуклидтердің  өтуі.  Балық,  ара,  аң  жəне  кəсіптік  жануарлар  шаруашылығы 

өнімдерінде  радионуклидтердің  жиналу  ерекшеліктері.  Жем  мен  мал  шаруашылығы 

өнімдеріне  радионуклидтердің  түсуін  болжау.  Жем,  ауылшаруашылық  малдардың 

организміне жəне өнімдеріне радионуклидтердің түсуін нормалау. 

 

Күтілетін  нəтиже:  Радионуклидті  ластанудың  деңгейі  мен  изотопты  құрамына 

байланысты нақты радиациялық қауіптіліктің деңгейін дəлелдеу;  радионуклидтермен 

ластанған территорияларда тұратын халық үшін сыртқы жəне ішкі сəулеленуді өлшеу 

жəне бақылау жүргізу. 

 

 



EUSA 5308 Экстракорпоралдық ұрықтандыру жəне  

суррогаттық аналық  

 

Кредит саны –3 

Пререквизиттер:  Биология,  Цитология,  Генетика,  Молекулярлы  биология, 

Молекулярлы  генетика,  Жануарлар  биотехнологиясы,  Жануарлардың  көбею 

биотехнологиясы. 

Постреквизиттер: Болашақ кəсіби қызмет, магистрлік диссертацияны орындау. 

Мақсаты:  Биоэтиканы  оқытудың  негізгі  мақсаты  клиникалық  практикада  тиімді 

талдау  жүргізе  алатын  жəне  этикалық  мəселелерді  шешуге  бейім  мамандарды 

дайындау болып табылады. 

 

Мазмұны:  Ауылшаруашылық  жануарларды  клондау.  Аналық  жасушалар. 

Эмбриональды  бағаналы  жасушалар.  Морула  жəне  бластуласатылары.  Эмбриондар. 

Донор,  реципиент  жануарлар.  Донор  жəне  реципиент  жануарларын  дайындау. 

Эмбриондарды  көшіру.  Əйелдерді  экстракорпоральды  ұрықтандыру.  Болашақ  ана 

организмінде  гормональды  өзгерістер.Суррогат  аналықтың  моральды-этикалық 


мəселелері.  Тірі  организмдерді  клондаудың  тарихы,  əдістемесі,  мақсаты  мен 

міндеттері.  Сүтқоректілерді  клондау  бойынша  Я.Вилмуттың  еңбектері.  Доллиқойын 

клондау:  əдістемесі,  нəтижесі,  салдары,  қорытындысы.  Клондалған  дануарлардың 

картотекасы.  Клондау  техникасынан  пайда  болған  мəселелер.  Клонау  мүмкіндігі 

бойынша  дискуссиялар  жəне  қоғамдық  қызығушылық.  Клондаудың  болашағы. 

Терапевтикалық  клондау:  əдістемесі,  мақсаттары.  Бағаналы  жасушаларды  алу  мен 

қолдану болашағы. Адамды клондау: технологиясы, болашағы, болжамдары. Клондау 

бойынша заңнама. Адамды клондаудың этикалық жəне заңды аспектілері.

 

Күтілетін  нəтиже:  Негізгі  этикалық  терминдер  мен  түсініктер;  негізгі  этикалық 

теориялар; биоэтикада қолданылатын негізгі əдістер; кəсіби этиканың нормалары мен 

принциптері;  негізгі  ұлттық  жəне  халықаралық  этикалық  құжаттар.  Бұл  білімдерді 

оқытудың  келесі  сатыларында  жəне  практикада,  пəнді  меңгеру  жəне  өзіндік 

жұмыстарға дайындалу барысында пайдалану. 

 

 



IMOB 5308 Ірі масштабтық өнеркəсіптік биотехнология  

 

Кредит саны – 3 

Пререквизиттер:  Биология,  Математика,  Физика,  Химия,  Цитология,  Генетика, 

Биоорганикалық химия, Молекулярлық биология, Молекулярлы генетика. 



Постреквизиттер: Болашақ кəсіби қызмет, магистрлік диссертацияны орындау.

  

Мақсаты:

 

Ғылыми-зерттеу жобаларында зерттеу құзыреттіліктерді қалыптастыру мен 



орындау;  ғылыми  зерттеу  əдістемесінің  теориялық  жəне  практикалық  негіздерін 

қалыптастыру;  генетика  саласындағы  білімдерді  тереңдету  мен  кеңейту;  ақпараттық 

технологияларды қолдану жəне зерттеу жұмысын ұйымдастыруын жетілдіру 

Мазмұны:

 

Өнеркəсіптік биотехнологиялық үрдістерінің табиғаты мен алуантүрлілігі.

 

Ферментация үрдістері.



 

Биомассаны бөліп алудың əдістері мен метаболизм өнімдерін 

бөліп  алу.

 

Биотехнологиялық  өндірістерде  асептиканы  орындаудың  техникасы  мен 



технологиялары.  Ферментация  үрдістерінде  масса  алмасуын  бағалаудың  əдістері. 

Антибиотиктер,  вакциналар,  азықтық  ақуыз,  амин  қышқылдарын,  пробиотиктер, 

ферменттер, т.б. өндіру технологиялары. Биотехнологиялық өндірістердің нормативті 

құжаттары.  Ферментті  құрал-жабдықтар.  Молекулярлы-генетикалық  зерттеулерде 

қолданылатын  ферменттер.  Рестриктазалар: I, II жəне III типтері.

     


Изошизомерлер. 

Оптималды  емес  жағдайларда  рестриктазалардың  субстратты  телімділігінің  өзгерісі. 

Рестрикционды  карталарды  құрастыру.

   


ДНК-метилазалар,  оларды  ДНҚ-ның  ірі 

фрагменттерін  алу  үшін  қолдану.  ДНК-лигазалар.  Т4-ДНҚ-лигазамен  ДНҚ  лигирлеу 

механизмі.

   


ДНҚ-ға  тəуелді  ДНҚ-полимераза I. Е.со1i  жəне  оның  Кленов  фрагменті. 

Оларды  ұштық  радиоактивті  белгі  салу  үшін,  ДНҚ  ұштарын  «мұқалау»  жəне  ник-

трансляция үшін қолдану. Термостабильді ДНҚ-ға тəуелді ДНҚ- полимеразалар. РНҚ-

ға  тəуелді  ДНҚ-полимеразалар  (кері  транскриптазалар),  оларды  кДНҚ  алу  үшін 

қолдану.  Жаңа  гендерді  бөліп  алу  стратегиясы  жəне  олардың  экспрессиясын 

оптимизациялау. 

Бактериалды 

жасушаларда 

рекомбинантты 

гендердің 

экспрессиясының  тиімділігіне  əсер  ететін  факторлар.

 

Полимеразалы  тізбекті  реакция 



əдісі (ПТР). ПТР өткізудің қалыпты жағдайлары жəне критикалық параметрлері. ПТР 

түрлері: «ыстық  старт»  əдісі,  КТ-ПТР,  ұзын  ДНҚ  фрагменттерінің  амплификациясы, 

амплификацияның  дəлдігін  жоғарылату  əдістері.  Амплифицирлеуші  үлгілерде 

матрицалы полинуклеотидтердің сандық мөлшерін анықтау мəселесі. Реал-уақыттағы 

ПТР.  Нүктелі  мутацияларды,  делецияларды  ПТР  көмегімен  алу. 

 

Геномның 



генетикалық  жəне  физикалық  карталары.  Саузерн  бойынша  гибридизация.  STS-

маркерлердің  концепциясы.  Контиги.  Нуклеотидті  тізбектерді  компьютерлік  талдау. 

Электронды  ПТР.  Вектор  жəне  оның  көлемі.  Полилинкер.  Векторлардың 

функционалды жіктелуі: экспрессияланатын векторлар, бинарлы векторлар. Плазмидті 

векторлар  құрылысының  ерекшеліктері.  λ  фагының  хромосомасына  негізделген 

векторлар.  Космидтер  мен  фазмидтер  векторлар  ретінде.  Ретровирусты  жəне 

аденовирусты  векторлар,  аденоассоциирленген  вирустар  хромосомаларының 

негізіндегі векторлар. Трансгендерді адрес бойынша жеткізудің принциптері. Нысана-

жасушаларда  трансгендердің  экспрессиясын  бақылау. YАС,  ВАС  жəне  РАС  кең 

көлемді  векторлары.  Дифференциалды  экспрессиялаушы  гендерді  анықтау: 

дифференциалды  дисплей,  репрезентативті  ерекшеліктерін  талдау  (мРНҚ-да) (RDA), 

гибридизация.  Секвенирлеу.  Заманауи  жабдықтар:  құралдар  мен  техникалық 

жабдықтар.

 

ДНҚ клондау. Рестрикция сайттары бойынша, сонымен қатар адаптерлер, 



линкерлер мен коннекторларды қолдану арқылы ДНҚ фрагменттерін клондау.

 

кДНҚ-



ның,  гендер  жəне  нуклеотидті  тізбектердің  қоры  мен  клонотектері. EST-реттілігінің 

қорын  алу.  ДНҚ  қоры  мен  клонотектерін  скринингінің  əдістері.  Зондтар  көмегімен 

гибридизациялау.  ПТР  қолдану.  Антиденелер  мен  функционалды  тесттерді  қолдану. 

ДНҚ-ны жасушаларға енгізу тəсілдері: трансформация, трансфекция, электропорация. 

Генетикалық  талдаудағы  компьютерлік  технологиялар.  Компьютерлік  модельдеу. 

NCBI, KEGG, SWISS-PROT, EMBL жəне т.б. мəліметтер базасы.

 

Зерттеу нəтижелерін 



статистикалық 

өңдеу 


əдістері. 

Генетикалық 

зерттеулердің 

техникалық 

қамтамасыздандыру.  

Күтілетін  нəтиже:  Өнеркəсіптік  биотехнологияның  бүкіл  əдістерін  жəне  ірі 

масштабты  формада  жабдықтармен  жұмыс  істеу  мен  жоспарды  дұрыс  құрастыруды 

меңгеру. 

  

 

AShDKST 5308 Ауыл шаруашылық дақылдарының қор сақтау 



технологиялары 

 

Кредит саны - 3 

Пререквизиттер:  Өсімдік  шаруашылығындағы  диверсификаци,  Биоқауіпсіздіктің 

заманауи мəселелері. 



Постреквизиттер: Магистерлік жұмыс, кəсіби қызмет. 

Мақсаты:  Тыңдармандардың  биологиялық  білімін  арттыру,  өндіру  технологиялары, 

тұқымдарды қайта өндірудің жəне сақтаудың ерекшеліктері. 



Мазмұны:  Ауыл  шаруашылық  өндірісін  қор  үнемдеуші  технологиялар  арқылы 

дамыту.  Қазақстан  Республикасының  агрокомплексінің  дамуының  негізгі  бағыттары. 

Жердегі ылғалдылықтың жиналуы жəне сақталынуы. Дəнді-дақылдарды өндірудің қор 

үнемдеуші технологиялары. Жемдік дақылдарды өндірудің қуат үнемдеуші тəсілдері. 

Қор  жəне  қуат  үнемдеуші  технологияларды  картоп  өндірісінде  қолдану.  Вируссыз 

картоп  тұқымын  өсірудің  технологиялары.  ҚР  жəне  ТМД  арасында  алқапты 

культураларды өндіру мəселесі бойынша тəжірибе алмасу. Қант қызылшасын өсірудің 

маңызы мен биологиялық ерекшеліктері. Қант қызылшасын өндіру технологиясының 

негізгі  элементтері.  Гербицидтер,  оларды  қолданудың  ерекшеліктері.  Сұрып  жəне 

будандар.  Арпа,  сұлы.  Биология  жəне  технология.  Күздік  арпа.  Мағынасы,  қайта 

қыстан өту, өндірудің ерекшеліктері. Тыңайтқыштарды өндіру жүйесінің биологиялық 

негізі  жəне  алқаптық  дақылдарды  өндірудің  технологиялық  тəсілдері.  Аралас  жəне 



бірлескен 

егістіктердегі 

компоненттердің 

бірлесуі 

туралы 

теориялардың 



негізі.Жарыққағарлар. 

Алқаптық 

дақылдарды 

жинау 


бағдарламасының 

мүмкіншіліктері мен беріктігі. Биологиялық азоттың экологиялық, агрохимиялық жəне 

экономикалық маңызы.  

Күтілетін нəтиже:  Дəнді дақылдарды, бұршақ дақылдарын,  техникалық дақылдарды 

өндіру 


технологияларының 

негізгі 


операцияларын 

жобалау. 

Минералды 

тыңайтқыштарды  жəне  гербицидтерді  қолданудың  технологиялық  операциялары. 

Дəндерді  жəне  жасыл  массаны  жинау  барысында  агрегаттардың  қозғалыс 

сызбанұсқасын  құрастыру.  Ауыл  шаруашылық  машиналарымен  жұмыс  жасау 

барысындағы техникалық қауіпсіздік. Ауыл шаруашылық өндірісінің экологиясы. 

 

OShD 5308 Өсімдік шаруашылығының диверсификациясы 



 

Кредит саны - 3 

Пререквизиттер: Биоқауіпсіздіктің заманауи мəселелері. 

Постреквизиттер:  Өсімдіктерді  қорғаудың  заманауи  технологиялары,  ауыл 

шаруашылық өнімдерді өндірудің қор үнемдеуші технологиялары. 



Мақсаты:  Негізгі  географиялық  түсініктер  жайлы,  табиғаттың  географиялық 

артықшылықтары 

жайлы, 

əртүрлі 


шекара 

тұрғындары 

жайлы, 

табиғат 


компоненттерінің бірізділігі жайлы білімді қалыптастыру. 

Мазмұны:  Елдiң  топырақ-климаттық  жəне  экологиялық  жағдайын  есепке  алып, 

егістік  дақылдары  мен  олардың  əр  алуандығын  терең  зерттеу.  Егістік  дақылдардың 

(дəстүрлі  емес  өндіріс  үшін)  морфологиясы,  биологиясы  жəне  оларды    өңдеу 

технологиясы.  Егіс  жерлердің  құрылымын  өзгерту  үшін,  елдің  стратегиялық 

қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  үшін,  өсiмдiк  шаруашылығы  өнімінің  əр  алуандығын 

жоғарлату  үшін  маңызды  мəні  бар.  Курстың  оқытулы  кезінде  егістік  дақылдары  мен 

олардың тұқымдарын қарқынды өңдеу технологиясымен байланысқан агротехникалық 

тəсілдеріне  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Бұл  бөлімде  білім  алушылар  Ресейдің  бедерді 

орналастыру заңдылықтарының негізімен таныс болады. Тектоникалық картамен жəне 

геохронологиялық  кестемен  жұмыс  істеу  дағдысына  үйренеді.  Бедердің  пішінін 

келтіретін пайдалы қазба байлықтар туралы негізгі түсінік беріледі.  

Күтілетін  нəтиже:  Белгілі  бір  мекен  ортасын  нақты  бағыттай  білу;  картографиялық 

біліктілікті  дамыту,  визуалды  бақылауды  жүргізу  дағдысын  қалыптастыру, 

географиялық  жəне  картографиялық  ақпараттарды  дұрыс  қолдана  білу;  түрлі 

құбылыстар мен процесстердің пайда болуында географиялық білімді дұрыс пайдалана 

білу. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет