OKBN 5308 Өсімдік қорғаудың биологиялық негіздері
Кредит саны – 3
Пререквизиттер: Филосифия жəне ғылым тарихы; Ауылшаруашылық өсімдіктерінің
аурулары; Биопрепараттарды өндірудің экологиялық аспектілері; Биоқауіпсіздіктің
заманауи мəселелері.
Постреквизиттер: Өсімдік шаруашылығы, жеміс-жидектер шаруашылығы, көкөніс
шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау, ауыл шаруашылығының химиялық экологиялық
мəселелері,
агроценоздың
химиялық
ластануы,
өсімдік
шаруашылығы
биотехнологиясының заманауи мəселелері, биотехнологияның заманауи əдістері.
Мақсаты: Өсімдіктерді биологиялық қорғаудың негіздерімен теориялық түрде танысу
жəне зиянды түрлерді жоюға бағытталған экологиялық қауіпсіз əдістерді практика
жүзінде қолдану.
Мазмұны: Аса қауіпті жəне зиянды ағзалармен күресудің заманауи жолдары мен
əдістер. Əр дақыл жəне оның егістік алқабы үшін өсімдікті қорғаудың əртүрлі əдісін
интеграциялауға негізделген кешенді шаралар жүйесі. Топырақ пен себудің
фитосанитарлық жағдайын бақылаудың ықпалданған бағдарламалары. Өсімдіктерді
қорғау технологиясы. Өсiмдiктердiң заманауи биологиялық қорғау тəсілдері. Зиянды
ағзалардың көбеюін шектейтін паразиттік жəне жыртқыш жəндіктер мен басқа табиғи
жаулар, ауыртатын микроағзалар. Зиянды ағзалармен күресудің заманауи жолдары
мен заманауи əдістер, биопрепараттарды қолдану. Қазақстан Республикасының
биологиялық күресу тəсілдері құралдарының шешiлген тiзiмдерi. Өсімдіктерді
зиянкестерден қорғайтын микробиологиялық заттар. Жəндіктердің санын қадағалап
отыратын биологиялық əдістер. Арамшөптердің санын биологиялық реттеу.
Өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғаудың жетілдірілген гендік инженерлік əдістері.
Вирусты энтомопатогенді препараттар. Өсімдіктерді аурулардан қорғаудың
биологиялық əдістері. Саңырауқұлақты энтомопатогенді препараттар. Өсімдіктерді
қорғау мақсатында қолданылатын биологиялық қосылыстардың тиімділігі жəне олар
тудыратын мəселелер. Өсімдіктерді биологиялық қорғаудың экологиялық негіздері.
Күтілетін нəтиже: Өсімдіктерге зиян келтіретін ағзалардың биологиялық
ерекшеліктері, фитофагтың экологиясы. Фитопатоген популяциялардың биологиялық
ерекшеліктері, аурулардың этиологиясы, фитоиммунология негіздері. Өсімдіктерді
зиянкестер мен аурулардан қорғаудың экологиялық бейімделген жүйелердің негізгі
принциптері.
Модуль – 10 Мақсатты өнімді өндіру технологиясы
TBOMN 5309 Тағам жəне биотехнология өндірістерінің микробиологиялық
негіздері
Кредит саны - 3
Пререквизиттер: Биология, Математика, Физика, Химия, Цитология, Генетика,
Биоорганическалық Химия, Молекулалық биология, Молекулалық Генетика.
Постреквизиттер: Магистерлік диссертацияны орындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты: Тыңдаушылардың тағам биотехнологиясы саласында алынған білімдерінің
жəне тəжірибелік дағдыларының негізінде, заманауи тағам өнеркəсібінің саласындағы
əлеуметтік жəне экономикалық мəселелерін тəжірибе жүзінде шешу арқылы кəсіби
қызмет нəтижелерін бағалау арқылы ең қолайлы шешімдерді қабылдау.
Мазмұны: Микроағзаларды өсіру жəне өсу заңдылықтары мен олардың метаболизмі.
Микроағзалардің тіршілік əрекетінде негізделген биотехнологиялық өндірістер: етті
жəне сүтқышқылды өнімдерді алу, ашу өндірістері, дəрілік жəне профилактикалық
препараттардың өндірісі. Дəрумендер, ферменттер, бояғыштар, еріткіштер, беткейлік-
белсенді заттар өндірісі. Консервілеу технологиясы. Микроорганизмдердің өндірістік
штаммдарын алу əдістері. Өндірістік жағдайларда өсірілетін микроорганизмдерге
қойылатын жалпы талаптар. Өндірістік штамм продуценттерінің алыну көзі. Бағалы
қнімдерді алу үшін ашыту өндірісінде қолданылатын микроорганизмдер жəне
олардың
биохимиялық
жұмысы.
Тағам
өндірісінде
ашытқыларды,
зең
саңырауқұлақтарын
жəне
бактерияларды
қолдану.
Ферментті
препараттар
технологиясы жəне оларды тағам өндірісінде қолданыу. Ферментті препаратар
технологиясының даму мүмкіншіліктері жəне қазіргі жағдайы. Ферменттерді алу
көздері. Ферментті препараттардың классификациясы мен номенклатурасы. Ферментті
препараттардың белсенділігінң бірлігі. Өсімдік жəне жануар текті шикізаттардан
ферментті препараттарды алу технологиясы. Ферменттердің продуценттерін тереңдік
жəне беткейлік əдістер арқылы өсіру процессінің аппараттық жабдықталу,
технологиясы. Тағам өндірісінде ашытқы өсінділерін алу жəне қолдану технологиясы.
Ашытқы өндірісі. Ашытқы жасушаларының биохимиялық мүмкіншіліктері. Ашытқы
өндірісінің негізі жəне технологиялық процесстің негізгі сатылары. Спирт өндірісі.
Спирт өндірісінде қолданылатын микроорганизмдер. Сыра ашыту жəне шарап
дайындау. Ашу процессінің биохимиялық негіздері. Өндірістің негізі жəне
технологиялық процесстің негізгі сатылары. Нан өндірісі. Нан ашытқыларын алудың
технологиялық сызбасы. Тағм биотехнологиясының əр түрлі салаларында ашытқы
өсінділерін қолдану. Ашытқылардың метоболизмінің анаэробты жəне аэробты
өнімдерін талдау əдістері.
Күтілетін нəтиже:
биотехнологиялық өндірісті түсіну үшін негізгі тағам
биотехнологиясының, генетикалық жəне жасушалық инженерияны, инженерлік
энзимологияның түсініктері; қоршаған ортаны қорғау жəне өндірістің экологиялық
қауіпсіз əдістері; процесстің (технологияның) болашағын экологиялық қауіпсіздігін
жағынан жəне тиімділігін бағалау.
BDBOT 5309 Балау жəне дауалау биопрепараттарын өндіру технологиясы
Кредит саны - 3
Пререквизиттер: Биология, Органикалық химия, Биоорганикалық химия,
микробиология, Вирусология, Генетика, Молекулалық биология, Молекулалық
генетика, Иммунология.
Постреквизиттер: Магистерлік жұмыстың орындалуы, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты: Биопрепараттарды өндірістік жағдайда өндіру үшін теориялық білімін жəне
практикалық біліктілігін қалыптастыру, бөліп алу, тазалау, биологиялық белсенді
заттарды, табиғатта жоқ жаңа белсенді ағзалардың пішінін құрастыру.
Мазмұны: Түрлі микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталарды дайындау
технологиясы, микробтық процесті жақсарту жағдайлары, микроорганизмдердің
өндірістік штаммдарын бөліп алу, селекциялау жəне қолдану
əдістерін практикалық
қайталау. Антибиотик, пробиотик жəне т.б. дəрілік препараттардың алу
технологиясын зерттеу, оларды қадағалау əдістері, стандартизация жəне
сертификация. Ветеринарлық препараттардың биотехнологиялық негізі – тірі жəне
инактивирленген вакциналарды, емдік-профилактикалық иммунды қан сарысулары
мен иммуноглобулиндерді, диагностикалық антигендер мен аллергендерді өндіру.
Биопрепараттарды
лиофилизациялау
жəне
оның
сапасын
қадағалау.
Биопрепараттарды сақтау жəне тасымалдау. Микроорганизмдер экологиясы. Экология
микроорганизмов. Экожүйе, экологиялық қуыстар. Симбиотикалық серіктес ретіндегі
микроорганизмдер: мутуализм, комменсализм, паразитизм, антагонизм. Қарашірік
микрофлорасы. Түрлі қарашіріктің микрофлоралық құрамы. Қарашіріктің түзілу
процесі кезіндегі микрофлораның атқаратын ролі. Ризосфера аймағындағы өсімдіктер
мен микроорганизмдердің арақатынасы. Судың микрофлорасы. Түрлі су
қоймаларының (өзендер, көлдер) микробтық экожүйесі. Ауаның микрофлорасы.
Ауаның
микроорганизмдермен
контаминациялануының
жолдары.
Ауада
микроорганизмдердің тіршілігін қамтамасыз ететін факторлар. Жыл мезгілдеріне
қарамастан микрофлораның сандық жəне сапалық құрамы, жəне олардың қара жер
бетінен жойылып алынуы. Жануарлар тұратын жердің ауасының микрофлорасы.
Жануарлар денесінің микрофлорасы. Тері жамылғысында микроорганизмдердің
орналасуы. Көздің кілегейлі қабықшасының, тыныс алу жəне зəр-жыныс жолдарының,
желіннің микрофлорасы. Асқорыту жолының микрофлорасының сапалық құрамы.
Микрофлораның асқорыту процесі кезіндегі атқаратын ролі. Жас ерекшелігіне
байланысты асқорыту жолының микрофлорасының қалыптасуы. Дисбактериоз, оның
пайда болу себебі жəне емдеу жолдары. Қалыпты микрофлора туралы түсінік жəне
оның қорғаныштық қызметі. Ветеринарлық қолданыстағы пробиотиктер.
Күтілетін нəтиже: Зертханалық құрал-жабдықтарды қолдану; микроскопиялық
зерттеулерге арналған препараттарды дайындау жəне бояу;жарық, люминесцентті
жəне электронды микроскоптардың көмегімен микроскопиялық зерттеулерді жүргізу;
микроорганизмдерді культивирлеуге арналған қоректік негіздерді, орталарды жəне
қосымша ерітінділерді дайындау; микробтық культуралардың өмір сүру қабілетін
үнемі қолдап отыру; түрлі қоректік орталарды пайдалану арқылы микроорганизмдерді
культивирлеу; түрлі сынамаларды алу арқылы ондағы тірі жасушалардың санын
анықтау əдістері; статистикалық жаңартуларды жүргізу жəне алынған мəліметтердің
дұрыстығын тексеру.
BBZ OB 5309 ББЗ өндіру биотехнологиясы
Кредит саны - 3
Пререквизиттер:
Биология,
Органикалық
химия,
Биорганикалық
химия,
микробиология, Вирусология, Генетика, Молекулярлық биология, Молекулярлық
генетика
Постреквизиттер: Дипломдық жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты: Студеттерде микробтық синтез негіздері туралы, антибиотиктердің,
витаминдердің, ферменттердің, гормондардың жəне тағы басқа биологиялық белсенді
заттардың продуценттерін селекциялау пинциптерін жəне өндірісте қолдануын жайлы
ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Мазмұны: Микробтық синтез негіздерін жəне биологиялық белсенді заттардың
(витаминдердің,
органикалық
қышқылдардың,
алкалоидтардың
жəне
т.б.)
продуценттерін селекциялау пинциптерін жəне өндірісте қолдану. ББЗ продуценттері
– əр түрлі микроорганизмдерді өсіруге арналған өндірісітік қоректік орталарды
дайындау технологияларын, көптеген биотехнологиялық процесстер жəне оның
табиғаты. Микробтық процесстің жағдайларын оңтайландыру, микроорганизмдердің
өндірісітік штаммдарын алу жəне олардың селекциясы мен қолданылуы. ББЗ алу
технологиясы мен оларды бақылау əдістері, стандарттау мен сертификаттау. ББЗ
негізіндегі ветеринария мен медицинада қолданылатын биопрепараттар, олардың
сипаттамалары. Қазақстанда, Ресейде жəне басқа да мемілекеттерде өндірілетін
гормондар, ферменттер, витаминдер жəне басқа да ББЗ нарығы. Дəрілік түрінің
сипаттамасы. Дəрілік түрінің технологиясы. Фармацевтикалық сəйкессіздік. Дəрілік
формаларды дайындаудың технологиялық процессі. Дəрілік препаратты бақылау.
Дəрілік формаларды дайындаудың технологиялық процессінің негізгі технологиялары.
Ұсақтау, бөлу жəне араластыру технологияларындағы негізгі технологиялық
қондырғылар. Ферментті препараттарды алу технологиясы. Витаминдерді алу
технологиясы. Стероидтарды алу технологиясы. Пенициллин алу технологиясы.
Стрептомицин алу технологиясы. Пробиотиктерді алу технологиясы. Фитонцидтерді
алу технологиясы. Жануар текті ББЗ алу технологиясы.
Күтілетін нəтиже: Жұмыс орындарында дезинфекция мен жинау жұмыстары,
қондырғылар мен қолданылуы керек, зертханалық ыдыстарды жинау мен стерильдеу,
қоректік орталардың дайындалу əдістерін əзірлеу, микроорганизмдердің эталонды
жəне өндірістік штаммдарын өсіру жəне бояу, олардың қміршенділігін анықтау, ББЗ
бөліп алу əдістерін меңгеру, ББЗ бар биопрепараттарды стерильдеу жəне қораптау
жəне олардың сапасын бақылау жұмыстарын жүргізуі керек.
ZhTEPON 5309 Жертыңайтқыштары жəне энтомопатогендік
препараттардың өндірістік негізі
Кредит саны - 3
Пререквизиттер: Биология, Математика, Физика, Химия, Цитология, Генетика,
Биоорганикалық химия, Молекулалық биология, Молекулалық генетика.
Постреквизиттер:Келешек кəсіби қызмет, магистерлік диссертацияның орындалуы.
Мақсаты:Үлкен масштабты микробиологиялық өндіріс негізінде жатқан (азықтық
ақуыздарды, тығайтқыштарды, ферменттерді, вакциналарды, түрлі қышқылдарды алу)
микробиологиялық процестерді зерттеу жəне дамуын қамтамасыз ету.
Мазмұны:Өсімдіктерді
қорғауға
арналған
микробиологиялық
заттар
мен
бактериалдық тыңайтқыштар. Жер тыңайтқыштарын жəне энтомопатогенді
препараттарды өндіретін штамм-продуцент микроорганизмдер. Жер тыңайтқыштарын
жəне энтомопатогенді препараттарды өндірудің биотехнологиялық процестері,
жүргізілу принципі, систематикасы, сатылары. Жер тыңайтқыштарын жəне
энтомопатогенді
препараттарды
өндіруге
арналған
шикізаттар,
қоректік
орталар.Себінді
материалын
алу.
Бионысандарды
культивирлеу
əдістері.
Микроорганизмдер - энтомопатогендер. Препараттарды алу технологиялары.
Бактериалдық тыңайтқыштарды алу: нитрагин, ризотрофин жəне т.б. Ақуыздық
заттардың өндірістік биосинтезі. Өндірістің пайда болу ерекшеліктері, заманауи
жағдайы жəне болашақ дамуы. Ақуызды-дəруменді концентратты алуға негізделген
субстраттың бірінші ұрпағы. Қант қосылған субстраттар: қант, спирт, целлюлоза
өндірісінің қалдық заттары, өсімдік текті өндіріс заттарының қалдықтарының
гидролизаты. Ақуызды заттарды өндірудің технологиялық сызба нұсқасы.
Ферментация процесінің типтері: бір жəне екі сатылы ағынды жүйе. Өнімнің құнды
заттарына жəне қауіпсіздігіне баға беру критерилері. Екінщі ұрпақты субстраттар:
көмірсутектер. Микроб биомассасының көмірсутекті ортада өсу жылдамдығы жəне
ферментация процесінің ерекшеліктері. Өнімнің шығарылуы жəне оның құрамы.
Папринді өндірудің экологиялық негізі. Үшінші ұрпақты субстраттар: бір жасушалы
ағзаларды спирт жəне табиғи газ ортасы бар қоректік ортада өсіріп, олардан ақуызды
алу ерекшеліктері. Бір жасушалы ағзалардан ақуызды алу үшін фото жəне
хемосинтетиктерді қолдану артықшылықтары.
Күтілетін нəтиже: Биотехнология саласындағы жаңа əдіс-тəсілдерді оқып-үйреніп,
оларды заманауи мəселелерді шешуге қолдану дағдысын қалыптастыру;
биотехнология саласының өндірістік микробиология, инженерлік энзимология,
генетикалық жəне жасушалық инженерия саласындағы қолдану аясын зерттеу.
ZEMOAPT 5309 Заттың екіншілік метаболизм өнімдерін алу процесінің
технологиясы
Кредит саны - 3
Пререквизиттер: Биотехнологиялық өндірістің негізі, Ботаника, Биология, Генетика,
Биохимия, Өсімдік селекциясы, Генетикалық инженерия.
Постреквизиттер: Магистерлік жұмыс, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты:Студенттердің бойында технологиялық жəне химиялық ғылымдар жайлы
нақты білімдерді қалыптастыру.
Мазмұны: Медицина, өсімдік шаруашылығын қорғау, ветеринария, жемдік өндіру
саласы, парфюмерия, азықтық өндірісінде кеңінен қолданыс тапқан, екінші реттік
метаболизм өнімдерін түзетін оңашаланған жасушаларды, ұлпаларды зерттеу.
Микробиологиялық, өсімдік жəне жануар жасушаларынан екінші реттік
метаболиттерді бөліп алу процестерінің технологияларын зерттеу. Өсімдіктердегі
екінші реттік зат алмасу процесінің ерекшелігі. Өсімдіктер – биологиялық белсенді
заттардың продуценті ретінде. Штамм-продуценттерді культивирлеудің негізгі
жолдары. Іn vitro жағдайында екінші реттік метаболиттерді алу процесінің
технологиялары. Екінші реттік метаболиттерді алудың өндірістік технологиялары.
Ақуыздар жəне олардың биологиялық функциялары. Аминқышқылдарының жалпы
құрылымдық ерекшеліктері. Пептидтік байланыс. Ақуыз молекулаларының
құрылымдық жүйесінің сатысы. Глобулялы жəне фибриллярлы ақуыздар.
Гемоглобиннің құрылысы жəне функциясы. Ферменттер. Михаэлис-Ментен
кинетикасы. Белсенді орталық. Аллостериялық регуляция. Кофакторларжəне
коферменттер. Метаболизм. Биохимиялық процестің регуляциясы (3 сағат).
Катаболизм жəне анаболизм. АТФ, оның құрылысы жəне қасиеттері. Гликолиз. Май
қышқылдарының тотығуы. Лимон қышқылының циклі. Көмірсулардың, липидтердің,
аминқышқылдарының жəне нуклеотидтердің биосинтезі. Гормондар жайлы жалпы
түсінік. Стероидтық гормондар. Биогенді аминдер. Жасушаішілік жауаптың
механизмі. Екіншілік мессенджерлер.
Күтілетін нəтиже: Дəрілік байланыстардың пайда болуы үшін жасалатын заманауи
əдістер; фармакологиялық белсенділіктің түрлері; биологиялық белсенділіктің пайда
болу механизмдері, биологиялық қасиетті көрсететін құрылымдық байланыстар.
Билологиялық белсенділікті компьютерлік модельдеу; биологиялық белсенділікті
болжайтын эмпирикалық əдістер.
KBZhKOKAPB 5309 Кəсіптік балықтарды жəне жабайы құстарға өсіру жəне
көбейтуге арналған препараттар биотехнологиясы
Кредит көлемі -3
Пререквизиттер: Биология, Органикалық химия, Бейорганикалық химия,
микробиология, Вирусология, Генетика, Молекулалық Биология, Молекулалық
генетика.
Постреквизиттер: Магистерлік диссертацияны орындау, болашақ кəсiби қызмет.
Мақсат: Қыр құстары мен кəсіптік балықтардың өсуі мен дамуына арналған
биологиялық препараттарды зерттеу.
Мазмұны: Биологиялық белсенді заттардың (дəрумендер, органикалық қышқылдар,
алкалоидтар жəне т.б.) продуценттерін өндірістік өсіру жəне сұрыптау принциптері,
микробтық синтез негіздері. Биотехнологиялық үрдістердің əр алуандығы мен
жаратылысы, ББЗ-ды түрлі микроағзалар-продуценттерді өсіру үшін өндірістік
қоректік орталарды дайындау технологиясы. Тауартану, биологиялық қауіпсіздік пен
тауар сараптамасы. (Пəн, мақсат, есеп, қағида жəне тауартану əдісі. Тауартану
объектілері мен субъекттері. Классификациясы. Тауар сапасы мен қауіпсіздігі. Өмір
мен адам денсаулығы, жануарлар мен қоршаған ортаның күзетілуі. Ауру
қоздырғыштарымен тасымалданатын - патогенді вирустар, микроорганизмдер, зиянды
жəндіктер арқылы шақырылатын аурулармен карым-катынастағы қауіпсіздік.
Тауарлық сараптаманың есептері мен мақсаттары. Сараптаманың объектілері мен
субъектілері. Сараптаушыларға қойылатын талаптар. Тауарлық сараптаманың əдістері
мен керек-жарақтары. Ет, құс, сүт, азық-түліктердің қайта өңделуде кəсіпорынға
түсетін шикізат мінездемесі. Ет жəже ет өнімдерінің, сүт жəне сүт өнімдерінің
тауартануы. Жем - шөптердің жəне жем – шөп қоспаларының тауартануы).
Микробтық процесті оңтайландыру шарттары, өндірістік микроорганизм штаммдарын
бөліп алу жəне олардың селекциясы мен қолданылуы. БАЗ алу технологиясы, басқару
əдістері, стандартталуы мен сертификатциялануы. БАЗ-ды қыр құстары мен кəсіптік
балықтардың өсуі мен дамуы үшін пайдалану.
Күтілетін нəтиже: білуі керек: математикалық моделдеу; сақтау əдістері, өңдеулер
жəне ақпараттар білу; ауылшаруашылық өндірісте физика жəне химияның
фундаментальды заңдарын қолдану мүмкіндіктері; атом ядроларының, элементарлық
бөліктерінің, физикалық, химиялық жəне биологиялық зерттеу əдістерін; табиғи
ғылымның қазіргі жетістігі, техникалық құрылғы жұмысының физикалық
ұстанымдары; экологиялық принциптердің табиғи қолданылымы, əлеуметтік
мəселелерді шешудің биологиялық маңызы.
BBZKEOOT 5309 Биологиялық белсенді заттар қосылған ет-сүт өнімін
өндіру технологиясы
Кредит саны – 3
Пререквизиттер: Биология, Математика, Физика, Химия, Цитология, Генетика,
Бейорганикалық химия, Молекулярлық биология, Молекулярлық генетика.
Постреквизиттер: Келешек кəсіби қызмет, магистерлік диссертацияның орындалуы.
Мақсаты: Ауыл шаруашылық жануарлардың алғашқы өнімдерін өндіру, құс
шаруашылығында қайта өңдеу барысында түрлі технологиялық мəселелерді шешуде
студенттердің бойында кəсіби білім мен біліктілікті қалыптастыру.
Мазмұны: Ет жəне сүт өнімдері тағамдық өнім ретінде. Түрлі жануарлардың ет жəне
сүт өнімдерінің түрлік ерекшеліктері. Сүттің жəне еттің химиялық құрамы. Ет жəне
сүт өнімдерінің шикізаттарын өндірудің ерекшеліктері. Тағамдық қоспалар. Тағамдық
антибиотиктер, консерванттар, дəрумендер, тəттілендіргіштер, қоюландырғыштар
жəне т.б. Биологиялық белсенді заттардың қосылуымен ет-сүт өнімдерін өндірудің
технологиясы. Сүт сусындары, йогурттар, жұмсақ ірімшіктер. Балалар тағамы.
Шұжықтар, сосискалар, зельцалар, шошқа еті жəне тағы да басқа қоспалары бар ет
өнімдері. Ет өнімдерін өндіру барысында өндірілетін шикізаттардың ерекшеліктері.
Салалардың құрылымына заманауи анализ жасау. Ауыл шаруашылық жануарлардың
жəне құстардың өнімдерін қайта өңдеу технологиялары. Өндірістің негізгі құрылымы.
Технологиялық сызбанұсқа туралы түсінік. Ірі қара жəне құс өнімдерін алғаш өңдеу
сатыларының технологиялық ерекшеліктері. Өңдеудің негізгі өнімдері. Ірі қара
малдарды интенсивті технология бойынша азықтандыру жəне күтіп бағу арқылы
алынған PSE, DFD, NORқасиеттері бар ет шикізаттарының сапаларының
артықшылықтары. Жануар жасушасында кездесетін өзгерістер. PSE жəне DFD
еттеріндегі автолитикалық процестердің ерекшеліктері. Дəстүрлі емес қасиеттері бар
еттерді интенсификациялау. Кошер етін өндірудің технологиялық ерекшеліктері.
Сойымның жəне жануар өнімінің ритуалды əдістері. Ауыл шаруашылық
жануарлардың қандарын қолданудың жəне жинаудың заманауи тенденциялары.
Тағамдық мақсатқа жіберілетін ауыл шаруашылық жануарлардың қандарын
тазалаудың алдын ала техникасы мен технологиясы. Қанды өңдеудің əдістері мен
олардың сипаттамалары. Ет өнімдерін өндіру барысында қанды жəне оның бөліктерін
қолдану. Өңдеудің дəстүрлі емес əдістері. Суық өңдеу барысында ет өнімдерінде
байқалатын өзнерістер. Буланған, суытылған, мұздатылған, ерітілген, салқындатылған
ет туралы түсінік. Жануарларды жəне құстарды комплекстік өңдеу туралы түсінік.
Екіншілік өнімдер мен қалдықтарының сипаттамалары; майлы шикізаттар,
субөнімдер, ішектік комплекстер, ФЭС, қан, перо жəне құс өнімдері, мүйізді
тұяқтылардың шикізаттары.
Достарыңызбен бөлісу: |