Пререквизтиттер: Өсімдіктер биохимиясы, Ботаника, Өсімдіктер физиологиясы,
Өсімдіктер генетикасы.
Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты. Орман мəдениетін биотехнология, мəдени селекциясы, өнімдерді өндіру,
жасау əдістерін үйрену.
Мазмұны. Өсімдік жасуша метаболизмнің ерекшелігі. Біріншілік, екіншілік
метаболиттер. Екіншілік метаболиттерді алу үшін тереңдік өсіру.Каллус ұлпасының
морфогенезі. Каллус ұлпасының морфогенезіне əсер ететін факторлар. Суспензия
өсіндісі. Жасушалық суспензияны өсіру. Бал қарағай жəне қылқан жапырақ
мəдениеттердiң биотехнологиясындағы биотехнологияның əдiстерiн қолдануы кезінде
сұрыптау жұмысының ерекшелiктерi АӨК-де биотехнологиялық əдістерді биоқауіпсіз
қолданудың заңды актілері.
Күтілетін нəтиже. Магистрант өсімдік торшасынан теориялық білімі болу керек.
Культиверлеу əдістерін , өсімдіктердің ерекшеліктерімен зат алмасулары, өсімдік
ағзалары туралы білімін жүйелей білуі тиіс. Ғылыми əдебиеттерден алған білімін,
өсімдіктерді олардан болып жатқан процестерді заманауи əдістермен зерттеуді
қолдану. Өсімдік ағзасының жағдайын теориялық материалдарды сауатты түрде
меңгеру, клетка өсіндісін оның осы ортадағы үлкен рөлін, осы курста алған білімін
тəжірбие жүзінде іске асыра білу.
Модуль 9 – Биотехнологияның қазіргі заманғы əдістері
(сала бойынша)
AZhAKAZB 5307 Адамдар жəне жануардың аса қауіпті ауруларының
зертханалық балауы
Пререквизиттер: Микология, Микробиология, Вирусология, Иммунология, Жасуша
технологиясы, Биоөндіріс технологиясының негіздері, Биотехнологиялық құрал-
жабдықтар, Ғылыми зерттеулердің негіздері
Постреквизиттер: Дипломдық жумысты орындау, келешекте мамандықтың іс-
шаралары.
Мақсаты. Биотехнология əдістерімен алынған адаммен жануарлардың жұқпалы
ауруларын диагностикалаудың заманауи əдістерінің жалпылама сұрақтарын
магистранттарға үйрету.
Мазмұны: Жануарлар мен адамдардың аса қауіпті аурулары (антропозоонозы).
Антропозооноздардың мəні мен мəселелері. Қысқаша тарихы. Диагностиканың даму
жолдары жəне күресу шаралары. Комплексті диагностиканың теориялық жəне
əдістемелік негіздері. Негізгі түсініктер. Антропозоонозды аурулардың жоюдың басты
шаралары ретінде диагностикалық зерттеулердің əдістерінің объектілері, облысы,
деңгейі, принциптері, қызметі. Диагностикалық антигендерді, сарысуларды,
иммуноглобулиндерді жəне басқа диагностикалық препаратарды алу, дайындау əдісі
жəне принциптері. Аурулардың диагностикасының экспресс-əдісін əзірлеу.
Диагностикумды қолдану басқаша көзқарастар. Адам мен жануарлардың аса жұқпалы
ауруларын зертханада қолданатын серологиялық реакциялар ГАР, ДПР, КБР, ИФР,
ВБР, ИФА жəне т.б қолданылады.
Күтілетін нəтиже. Магистрант осы оқытудың нəтижесінде адам мен жануарлардың
аса қауіпті ауруларының зертханалық дианостикасының мақсатын, əдістерін
бағыттарын білу тиіс. Адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларының
бактериологиялық, вирусологиялық, иммунологиялық, молекулалық-генетикалық
диагностикасын меңгеру жеке өзі осы əдістерді жүргізе алу керек. Биологиялық жəне
патологиялық материалдарды зертханада зерттеу əдістерін білуі керек.
AShDAB 5307 Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары балау
Кредит саны – 3
Пререквизиттер:
Биопрепараттарды
өндірудің
экологиялық
аспекттері;
Биоқауіпсіздіктің заманауи мəселелері.
Постреквизиттер:
Өсімдіктерді
қорғаудың
заманауи
технологиялары;
Микроорганизмдердің өнеркəсіптік штамдарын сұрыптау; Өсімдіктерді биологиялық
қорғау; Өсімдіктанудағы биотехнологияның заманауи мəселелері; Биотехнологиядағы
заманауи əдістер.
Мақсаты: Ауылшаруашылық дақылдар мен өсімдіктерді балау бойынша білімдер мен
дағдыларды қалыптастыру.
Мазмұны:Өсімдіктердің аурулары туралы түсінік. Өсімдіктер ауруларының жіктелуі.
Өсімдіктердің жұқпайтын аурулары. Қоректік заттардың жетіспеуінен немесе
артықшылығынан пайда болатын аурулар. Жағымсыз температура факторларынан
туындайдын аурулар. Топырақта жəне ауада ылғалдылықтың жетіспеуінен немесе
артықшылығынан пайда болатын аурулар. Химиялық заттардың əсерінен пайда
болатын аурулар. Өсімдіктердің сəулелі аурулары. Өсімдіктердің жұқпалы аурулары.
Өсімдіктерді қорғау жəне ауруларын балау əдістері. Далалы, көкөніс, жеміс-жидек
дақылдары мен жүзімнің негізгі аурулары. Аурулардың таралуы, зияндылығы,
ауруларды сиппаттайтын белгілері, қоздырғыштарының циклдары, алғашқы жəне
екіншілік індет көздері. Өсімдіктер ауруларының эпифитотияларын дамуының себеп
болатын жəне оларды болдырмайтын факторлары.
Күтілетін нəтиже: Білім алушылар негізгі дақылды өсімдіктерді, олардың шығу тегін,
дəстүрлі жəне заманауи агротехнологияларды (топырақты өңдеудің жүйелері;
топырақтанудың зоналы жүйелері; ауылшаруашылық дақылдарының негізгі түрлерін
егу технологиялары), өсімдіктер ауруларын балаудың əдістерін білуі тиіс. Жеке
ауылшаруашылық дақылдарын олардың биологиялық қасиеттерін ескере отырып
өсірудің ерекшеліктерін анықтау; дақылдардың ауруларын балау əдістерін анықтау.
ZhOMZhBBAA 5307 Жануарлар, өсімдік жəне микробтық жасушасының
биологиялық белсенділігін айқындайтын əдістер
Кредит саны – 3
Пререквизиттер: Биология, Математика, Физика, Химия, Цитология, Генетика,
Биоорганикалық химия, Молекулярлық биология, Молекулярлық генетика.
Постреквизиттер: Болашақ кəсіби қызмет, магистрлік диссертация орындау.
Мақсаты: Магистранттарда тірі организмдердің биологиялық белсенділігін
анықтаудың əдістері саласында білімдерді қалыптастыру.
Мазмұны: Фармакологиялық заттардың, медициналық мақсаттағы пленкалар, азық-
түліктерді, құнарлы қоспалар, фитосусындар, ішетін судағы қосындылар, түрлі
органикалық жəне бейорганикалық заттар мен материалдардың биологиялық
белсенділігін анықтау. Заттардың биологиялық белсенділігін анықтаудың əдістері.
Цитокиндердің секреторлы формаларын зерттеу үшін поли- жəне моноклоналды
антиденелерді пайдаланатын иммуноталдау əдістері. Ағынды цитофлюорометрия,
вестерн-блотинг жəне insitu иммуногистохимия əдістері. Цитокиндердің мРНҚ
экспрессиясын, цитокиндердің мРНҚ изоформаларының бар болуын, табиғи анти
мəнді нуклеотидтік тізбектерін зерттеуге арналған генетикалық əдістері. Цитокиндер
гендерінің аллельді варианттарын зерттеу. Адамның лимфоциттерінің миграциясының
факторын жəне ингибицияфакторын анықтау. Интерлейкиндердің белсенділігін
анықтау. Биорезонансты балаудың əдісі. Спектральдіталдау. Фолль əдісі (ЭАФ-
диагноз). Спектральді-корреляционды тест (СКТ).
Күтілетін нəтиже: нəтижесінде білім алушылар жануарлар, өсімдіктер жəне
микроорганизмдердің жасушаларының биологиялық белсенділігін анықтаудың
əдістері туралы мəлімет алуы тиіс, алған білімдерді тəжірибеде қолдану.
EEOB 5306 Ет жəне ет өнімдерінің биохимиясы
Кредит саны – 3 кредит
Пререквизиттер: бейорганикалық химия, биохимия, физиология, жануарлардың
патологиясы.
Постреквизиттер:бейінді пəндер.
Мақсаты: магистранттарда ет жəне ет өнімдерін өндірудіңфизико-химиялық жəне
биохимиялық негіздері саласында білімдер мен дағдыларды қалыптастыру.
Мазмұны: Еттің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығы. Ақуыздар, липидтер,
көмірсулар, витаминдер, минералды жəне еттің экстрактивті заттары. Еттің
функционалды қасиеттері. Еттің пісіп-жетілу негіздерінің биохимиялық негіздері. Ет
түрлерінің ерекшеліктері: сиыр, шошқа, жылқы, қой, құс еті. Еттің бұзылуы.
Тоңазытылған еттің өзгеруі: мұздату, сақтау, еріту. Етті суыту əдістері. Олардың
мақсаты. Автолитикалық, микробиологиялық үрдістері жəне суыту, мұздату жəне
тоңазытқышта сақтау кезінде ет жəне ет өнімдерінің органолептикалық, физико-
химиялық, технологиялық қасиеттерінің, тағамдық құндылығының өзгеруі. Етті
мұздату жəне сақтау кезінде судың кристалдану, рекристалдану жəне мұздың
сублимациясы үрдістерінің етті ерітуден кейінгі көрсеткіштеріне əсері. Еттің сапасын
қалыптандыру мақсатында етті суыту кезіндегі заманауи жағдайы мен қолдану
перспективалары. Ет өнімдерін өндіруде микрофлораны қолданудың биохимиялық
негіздері. Тұздау, сүрлеу, жылу өңдеу. Ет пен ет өнімдерінің мемлекеттік
стандарттары.
Күтілетін нəтиже: Оқу пəнін меңгеру нəтижесінде білім алушы ет пен ет өнімдерінің
химиялық құрамын анықтау; сапалық жəне сандық талдауларды өткізу; ет пен ет
өнімдерін салқындату жəне сақтау кезінде автолитикалық үрдістердің көріну деңгейін
бағалау; тірі организмдердің химиялық құрамын; ақуыздар, липидтер, көмірсулар
жəне нуклеин қышқылдардың қасиеттерін; ферменттердің сипаттамасын білуі тиіс.
VG 5307 Ветеринарлық гематология
Кредит саны – 3
Пререквизиттер: Физиология, Жануарлар патологиясы, Биохимия, биофизика,
Клиникалық балау мен рентгенологиямен ішкі жұқпалы емес аурулар.
Постреквизиттер: Ішкі жұқпалы емес аурулар, Ветеринарлық хирургия,
Ветеринарлық акушерлік, Паразитология, Эпизоотология.
Мақсаты: Магистранттардың теориялық білімдерді меңгеру, ветеринарлық
гематология саласында кəсіби білік пен дағдыларға ие болу.
Мазмұны: Қанды зерттеу. Эритроциттер мен лейкоциттерді санау. Жағынды, бояу
дайындау. Лейкограмма (лейкоцитлық формула. Лейкоздардың гематологиялық
балауы. Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ).Гематокрита – қандағы
эритроциттердің жалпы санын анықтау. Қан сарысуында ақуыздың жалпы құрамын
рефрактометрлік əдіспен анықтау. Қан сарысуында «Са» жалпы санын кешенді
метриялық анықтау. Қан сарысуында бейорганикалық «Р» анықтау (С.А. Ивановский
модификациясында Бригс бойынша). Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар:
эритроциттердің ферментопатиялары, Г-6-ФДГ дефициттері, гемоглобинопатиялар.
Талассемия. Орақ тəріздес жасушалы анемия. Клиникалық жəне гематологиялық
біліну. Балау. Дифференциалды балау. Гемолитикалық криз. Гемолитикалық
криздерді алдын алу жəне емдеу. Аурудың өтуі. Емдеу. Нəтижесі. Пайда болған
гемолитикалық анемиялар.Пайда болған гемолитикалық анемияларың жалпы
сипаттамасы. Пароксизмалды түнгі гемоглобинурия. Себептері. Клиника. Балау.
Аутоиммундық гемолитикалық анемиялар. Этиопатогенез. Клиникалық көрініс. Қан
көрінісі. Кумбс сынамасы (тікелей жəне жанама) жəне оның диагностикалық маңызы.
Күтілетін нəтиже: қан зерттеуде, гематологиялық балауда білімдер мен дағдыларды
қолдану, білімдерді тəжірибеде пайдалану.
BOSTA 5307 Биотехнология өнімдерін сақтау жəне тасымалдау əдістері
Кредит саны – 3
Пререквизиттер: Өсімдіктану, Азық өндіру, Көкөніс шаруашылығы, Жеміс-жидек
өсіру, Тұқым шаруашылығы, Ауылшаруашылық өнімдерін сақтау мен тасымалдау
үрдістерін автоматтандыру жəне механикаландыру.
Постреквизиттер: Болашақ магистр-биотехнологта биотехнологиялық өнімдерді
сақтау жəне тасымалдау саласында биотехнологиялық білімдер кешенін қалыптастыру
үшін қажет.
Мақсаты: Биотехнологиялық өнімдерді сақтау жəне тасымалдау саласында білімдер
мен дағдыларды қалыптастыру.
Мазмұны:Биотехнология өнімдері сақтау жəне тасымалдау объектілері ретінде.
Сақтау жəне тасымалдау кезінде биотехнологиялық өнімдердің физикалық жəне
физиологиялық қасиеттерінің өзгеруі, ұзақ мерзімді сақтау жəне тасымалдау кезінде
биотехнологиялық өнімдерде жүретін үрдістер. Биотехнологиялық өнімдерді сақтау
əдістері мен режимдері. Биотехнологиялық өнімдерді сақтаудың ерекшеліктері.
Биотехнологиялық
өнімдерді
сақтау
қоймаларына
қойылатын
талаптар.Биотехнологиялық
жаңа
өнімдерге
қоймаларды
дайындау.
Биотехнологиялық өнімдерді сақтау жəне тасымалдау кезінде табиғи шығындардың
нормалары. Биотехнологиялық өндірістерінің құжаттарын дайындау, биологиялық
белсенді заттардың биохимиялық синтезінің негізгі кезеңдері, биотехнологиялық жəне
химиялық-фармацевтикалық өндірістерінің типтік жəне арнайы қондырғылары,
оларды таңдап алу мен есептеу, биохимиялық өнеркəсіп кəсіпорындарының
қалдықтарын утилизациялау əдістері.
Күтілетін нəтиже: Технологиялық сұлбалар, технологиялық жəне техникалық
құжаттарды дайындау принциптерін; негізгі жəне қосымша қондырғыларды таңдап
алудың критериялары мен есепке алу; биотехнологиялық жəне химиялық
өндірістерінің жылу жəне материалды баланстарын құру əдістерін меңгеру. Өндірістің
технологиялық есептерін жасау (материалды жəне энергетикалық баланстарды құру)
жəне өндірістердің технологиялық сызықтарын құру; биотехнологиялық жəне
химиялық-фармацевтикалық өндірістерінің қондырғыларын жобалау; технологиялық
үрдістерінің, негізгі қондырғылардың жəне цехта негізгі қондырғылардың
құрастырылуының сұлбаларын дайындау.
TZhAZBA 5307 Төлдердің жұқпайтын ауруларын
заманауи балау əдістері
Кредит саны – 3
Пререквизиттер:Цитология,
Гистология,
Жануарлар
мен
өсімдіктердің
морфологиясы, Физиология, Химия, Физика, Математика.
Постреквизиттер: Молекулярлық клиникалық балау, гендік инженерия, адамның
жұқпалы емес ауруларының эпидемиологиясы, нанобиотехнология.
Мақсаты: Төлдердің жұқпалы емес ауруларын балаудың əдістерін меңгеру.
Мазмұны: Зертханалық балаудың заманауи əдістері. Қанның биохимиялық
көрсеткіштерінің түрлі факторлардың əсерінен өзгеруі. Қанның жалпы клиникалық
талдауы (қанның ЖКТ). Жануарлар қанын биохимиялық талдау. Қан құрамында
гормондарды анықтау. Несептің жалпы клиникалық талдауы (несептің ЖКТ). Рентген.
Ультрадыбысты талдау. Эхокардиография. Созылмалы жұқпалы емес ауруларды
скринингті балаудың инвазиялық емес əдістерін (пневмотахометрия, оксигемометрия
спирометрия жəне т.б.). Жұқпалы емес аурулар кезінде қанның биохимиялық
көрсеткіштерінің
динамикасы.
Бұзаулардың
диспепсиясы,
алиментарлы
остеодистрофия, рахит, А, Д, В
12
гиповитаминоздары, пневмония, бронхопневмония,
асқазан-ішек жолдарының аурулары, жарақаттар, буындардың қабынуы кезінде
қанның биохимиялық көрсеткіштері.
Ақуыз-көмірсулы жəне витаминді-минералды алмасулардың бұзылуларының
зертханалық балауы. Ақуыз-көмірсулы жəне витаминді-минералды алмасулардың
бұзылуы кезінде қанның, қан сарысуы мен несептің биохимиялық қасиеттерінің
патогенезі. Бауырдың клиникалық биохимиясы.
Жоғары өнімді жануарлардың зат алмасу бұзылуының зертханалық балауы –
төлдердің жағдайына əсер етуші фактор ретінде.
Күтілетін нəтиже: алдын алу шараларын білу жəне инвазиялы мен жұқпалы
ауруларды алдын алу жоспарын құру дағдыларына; алдын алу мен емдеуге арналған
биологиялық жəне химиотерапевтикалық əдістерін қолдана білуі тиіс.
ZABPZA 5307 Зооантропоноздық аурулардың балаулық жəне
профилактикалық заманауи əдістері
Кредит саны – 3
Пререквизиттер:
Микология,
Микробиология,
Вирусология,
Иммунология,
Жасушалық технология, Биоөндірістер технологиясының негіздері, биотехнологиялық
қондырғылар, Ғылыми зерттеу негіздері.
Постреквизиттер: Магистрлік диссертацияны орындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты: Студенттерге жануарлардың ауруларының зооантропонозды пайда болу
шарттары, көрінісі жəне таралуы, оларды алдын алу шаралары мен əдістерін, күресу
жолдары бойынша білім беру.
Мазмұны: Жануарлар мен адамдардың аса қауіпті аурулары (зооантропоноздар).
Зооантропоноздардың болмысы мен себептері. Қысқаша тарихы. Балаудың даму
жолдары мен күресу жолдары. Кешенді балаудың теориялық жəне əдістемелік
негіздері. Негізгі түсініктемелер. Балау зерттеулер əдісінің объектілері, салалары,
деңгейлері, принциптері, функциялары антропозоонозды ауруларды жоюдың негізгі
бір
шарасы
ретінде.
Диагностикалық
антигендер,
қан
сарысулары,
иммуноглобулиндер жəне басқа да диагностикалық препараттарды алу, дайындау
принциптері мен əдістемесі.Ауруларды балаудың экспресс-əдістерін əзірлеу.
Диагностикумдарды қолданудың нұсқаулары. Эпизоотологиялық диагноз негіздері
жəне оның маңызы. Эпизоотологиялық көрсеткіштерді есептеудің, статистикалық
өңдеуден өткізудің негізгі əдістері. Өлекселерді жару мен патологиялық материалды
зертханалық балау. Эпизоотологиялық, табиғи, антропоургиялық жəне синантроптық
ошақтардың шекаралары мен көріну сипатын анықтау, індет қоздырғышының тірі
тасымалдаушылары. Дəстүрлі вакциналар. Жаңа вакциналар: өсімдік тектес
вакциналар, мукозальды вакциналар, ДНҚ-вакциналар, рекомбинантты вакциналар.
Күтілетін нəтиже:мал шаруашылығында алдын алу, сауықтыру, емдеу шаралар
кешенін дайындау мен іске асыру; жануарларды зертханалық зерттеу жəне
диспансеризациялау
үшін
клиникалық
зерттеу,
аллергиялық
зерттеулер,
патматериалдың сынамаларын алуды жүргізу.
TKAAAZA 5307 Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алатын
заманауи əдістері
Кредит саны –3
Пререквизиттер: Биология, Математика, Физика, Химия, Цитология, Генетика,
Биоорганикалық химия, Молекулярлық биология, Молекулярлық генетика.
Постреквизиттер: Болашақ кəсіби қызмет, Магистрлік диссертацияны орындау.
Мақсаты: Тұқым қуалайтын аурулар саласында емдік-диагностикалық, алдын алу
жəне медико-ағартушылық қызмет атқаруға дайындық.
Мазмұны:Тұқым қуалайтын аурулар, қант диабеті, онкологиялық ауруларды алдын
алудың заманауи əдістері. Бағаналы жасушалардың типтері. Эмбрионалды,
гемопоэтикалық жəне мезенхималды бағаналы жасушалар. Бағаналы жасушалармен
жүргізілетін терапия. Бағаналы жасушалардың хоумингі. Фармакогеномика. Гендік
терапия. Онкологиялық ауруларды емдеу мен алдын алуда моноклоналды
антиденелерді қолдану. Рефлексотерапия. Жұқпалы емес ауруларды алдын алудағы
энзимодиагностика. Ауруларды балауда ферменттердің белгілі бір изоферментті
формаларын ашу. Миокард инфарктісі кезіндегі энзимодиагностика. Адам геномы
туралы заманауи түсініктерінің клиникалық аспектілері. Моногенді аурулар. Жіктелуі.
Этиология. Генетикалық гетерогенділік. Молекулярлы деңгейдегі патогенез. Жұқпалы
емес аурулардың клиникалық полиморфизмі жəне оның себептері. Гендік деңгейде
импритинг көрінісі. Қан туыстық некелер жəне балалардың денсаулығы. Балаларда
тұқым қуалайтын аурулар. Негізгі топтардың патогенезінің сипаттамасы. Негізгі
нозологиялық формалардың клиникасы. Дифференциалды балаудың принциптері.
Аурулар жəне гетерозиготалы жағдайларды биохимиялық жəне молекулярлы-
генетикалық балау əдістері. Зат алмасудың тұқым қуалаушы аурулары. Моногенді
этиологияның дамуыныңтұқым қуалаушы ақауларының синдромы. Негізгі
нозологиялық формалар. Дамудың тератогенді табиғи ақаулары. Фенокопеялар туралы
түсінік. Негізгі тератогендер. Балаларда моногенді баяу созылмалы аурулар (өкпе
аурулары, асқазан-ішек жолдарының аурулары, бүйрек, қаңқа, эндокринді жүйе, қан
аурулары). Клиникалық айқындаудың ерекшеліктері мен дифференциалды балау. Баяу
дамитын формаларды емдеудің патогенетикалық принциптері. Ауру адамдардың
əлеуметтік бейімделуі мен емделуі.
Күтілетін нəтиже: Негізгі жиі кездесетін тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің
заманауи əдістерінбілуі тиіс. Тұқым қуалайтын ауруларды этиологиялық емдеудің
теориялық негіздерін білуі тиіс.
DTDTF 5308 Дəрілік түрлердің дəріханалық технологиясы жəне
фармациясы
Кредит саны – 3
Пререквизиттер: Химия, Ветсанитария негіздері мен зоогигиена.
Постреквизиттер:
Экологиялық
биотехнология,
Диссертацияны
орындауға
дайындық.
Мақсаты: Дəрілік заттардың түрлі дəрілік формаларда дайындау мен сапасын
бақылау бойынша білім алушыларда жүйелі білімдер мен дағдыларды қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |