Зерттеудің көлемдік (титрометрлік) әдісі белгілі затпен реакция жүргізу үшін қажетті реагенттің көлемін өлшеуде негізделген сандық әдіс болып табылады. Бұл әдіс бейтараптандыру, тұндыру, ион алмасу, кешен түзу, тотығу-тотықсыздану және т.б. реакциялар жүргізуге негізделеді. Бұл әдістер төмендегі шарттардың орындалуын қамтамасыз ету керек:
Зерттелетін сынамадағы бөтен заттар қосылған реактивпен реакция бермеуі керек, себебі – титрлеу дұрыс нәтиже бермеуі мүмкін.
Гравиметриялық зерттеу әдісінің мәнін түсіндіріп, анықтау тәсілдеріне сипаттама беріңіз.
Физикалық әдістермен мынадай көрсеткіш-терді өлшеуге
болады:
- масса;
- тығыздық;
- тұтақтылық;
- электр өткізгіштік;
- су тегі иондарының концентрациясы;
- рефракция коэффициенті.
Физикалық әдістердің 3 түрі кездеседі:
- гравиметриялық (салмақтық) зерттеу әдістері;
- потенциомертиялық анализ;
- кондуктометриялық аналыз.
Гравиметриялық (салмақтық) зерттеу әдістері;
Гравиметриялық (салмақтық) зерттеу әдістері сандық анализ әдістері болып табылады және анорганикалық немесе органикалық қосылыстар түрінде бөлініп шығарылған зерттелетін заттың массасын жоғары дәлдікпен өлшеуде негізделеді. Анықтау тәсілі болып бөліп шығару (выделение), тұнбаға түсіру (осаждение) және буландыру (отгонка) әдістері табылады. Бөліп шығару әдісі бойынша анықталатын компонентті бос күйінде бөліп шығарады да аналитикалық таразыда салмағын өлшейді. Мысал ретінде тағам өнімдеріндегі күлдің массалық үлесін анықтауды келтіруге болады. Салмақтаманы (навеска) жағып жібереді де соңынан салмағы алдын ала анықталған тильге салып
массасы тұрақты болғанға дейін қыздырады. Тигльде қалған күлдің салмағын өлшейді және оның массасы бойнша тағамдық өнімдегі күлдің массалық үлесін есептеп шығарады. Тұнбаға түсіру әдісінде анықталатын компонентті химиялық реактивтердің көмегімен химиялық құрамы белгілі аз еритін тұнба түрінде бөліп шығарады. Тұнбаны жуады, массасы тұрақтылағанша кептіреді, содан соң өлшейді. Бұл әдіспен тағам өнімдерінде
сульфат, хлорид және т.б. иондарды анықтайды. Буландыру әдісінде анықталатын компо-нентті зерттелетін сынамадан жеңіл ұшатын қосылыс түрінде буландырып бөліп
шығарады. Бұл әдіспен тағам өнімдеріндегі ылғалдың массалық үлесін, оларда көмірқышқылды газ, аммика және т.б. ұшатын заттардың болуын анықтайды.
Салмақтық әдістің көрсетілген түрлерінің барлығы өте жоғары дәлдік береді және бұл жағдай оларды арбитраждық анализ жүргізу үшін қолдануға мүмкіндік береді. Кемшілігі болып көп уақыт жұмсалуын талап ететіндігінде .