Кешенді сараптау жаппай тұтынуға арналып, тізбекпен шығарылатын бір типті тауар тобының сапасын жан-жақты зертгеу және бағалау үшін жүргізіледі. сондықтан мұндай сараптауды жүргізу сараптаушыларды бағалау нысанын жүйелі де кешенді талдау жасауға бағыттайды. Бағаланатын нысан тұтынушы адаммен және оны қоршаған ортанын күрделі өзара байланыс тұрғысынан қаралады. сараптау барысында бағалау өлшемдері қалыптасып, базалық үлгілер мен сапа көрсеткіштері таңдалып алынады. Сондықтан кешенді сараптау тек ғылыми, танымдық қана емес сараптаудың басқа да түрлерін жүргізу үшін қажетті нақтылы әдістемелік және нормативтік материал алуға мүмкіндік береді. Жедел сараптау алдын-ала жүргізілген кешенді сараптау нәтижелеріне негізделгендіктен сараптау қорытындысының нақтылық /сенімділік/ дәрежесін сақтай отырып сараптау жұмысының уақытын күрт қысқартуға мүмкіндік береді. Жедел сараптаудың ерекшелігі ең әуелі оны жаңа тауар әзірлеудің негізгі сатыларында /техникалық тапсырма/, жобалау конструкторлық құжаттама, тәжірибелік үлгі/ және өнімді жаппай шығару, тұтыну барысында /бұйымды аттестаттауды қамти отырып/ жүргізу болып табылады. Өнім сапасын жедел сараптау мыналарды қамтиды: • белгілі тауар түрі, оларды тұтынушылар, тұтыну жағдайы, сынау нәтижесі т.б. туралы бұрынғы жиналған мәліметтерді мүмкіндігінше пайдалану; • сараптау жүргізудің қысқартылған уақыты; • тауар сапасының тұтынушылық деңгейі туралы сараптаушылардың коллективтік қортындысын жасау. Алға қойылған мақсат, мәселелерге байланысты кешенді және жедел сараптаумен қатар экологиялық, экономикалық, тауарлық, технологиялық соттық-құқықтық сараптаулар және сертификаттау саласындағы сараптаулар бар.
Экологиялық сараптау әдісінің принципін түсіндіріңіз.
Тауарды экологиялық сараптау жұмысына бұйымдарды сақтау, тасымалдау, тұтыну кезіңде қоршаған ортаға бөлініп шығатын зиянды қоспалардың мөлшерін анықтайтын /бағалайтын/ талдау әдістерінің жиынтығы қолданылады