Құрғақ минералдауəдісі шикізат немесе өнім сынамасын бақыланатын температуралық режимі бар электр пешінде жағу жолымен органикалық заттарды толығымен ыдыратуға негізделген. Май мөлшері 60% жəне одан жоғары өнімдерден басқа барлық азық- түлік шикізаты жəне өнімдерге арналған. Бұл əдіс мышьяк жəне сынаптан басқа көптеген уытты элементтерді анықтауға қолданылады. Құрғақ минералдаудың артықшылығы заттардың көп санын талдау мүмкіншілігі бар, өнімнің РЕШК деңгейіндегі уытты элементтерін талдау үшін маңызы зор, сонымен қатар талданатын өнімнің реактивтермен ластану қаупін тудырмайды. Əдіс бақылау сынамаларының көп мөлшерін талдауды жəне қызметкерлердің тұрақты бақылауын талап етпейді. Бұл əдістің кемшілігі талданатын элементтің ұшқыштығы (əсіресе мыс, селен, кадмий, сурьма, мышьяк, сынап) салдарынан немесе тигель дайындалған металмен əрекеттесу нəтижесінде тал- данатын элементті жоғалту мүмкіндігі бар. Мысалы, қалайы сияқты кейбір металдар қосылысын шамадан тыс қыздыру барысында ерігіштігі жоғалуы мүмкін, бұл содан кейінгі зерттеулерді орындауға мүмкіндік бермейді.
Ылғалды минералдау əдісікатализатор ретінде сутек асқын тотығы немесе хлор қышқылы қосылған жəне концентрленген күкірт немесе азот қышқылын қосып жылытқан өнім сынамасының органикалық заттарын толық ыдыратуға негізделген, сары май жəне жануар майынан басқа барлық шикізат жəне өнім түрлерін анықтауға арналған. Ылғалды минералдау əдісінде заттың шығындалуына оның ұшқыштығының əсері өте аз болады, сондықтан металды толығымен алу мүмкіндігі едəуір жоғарылайды. Артықшылығы құрғақ минералдаумен салыстырғанда тотығу процесінің жылдамдығы жоғары болады.
Бірақ берілген əдістің қолданылуын шектейтін бірқатар кемшіліктер бар. Жекелеп айтқанда, əдіс тек аз көлемдегі үлгілерді жағуға мүмкіндік береді. Реактив көп жұмсалады, бұл берілген бақылау тəжірибелерінің бағасын тым көтеруге алып келеді. Бұдан басқа ылғалды минералдау потенциалды қауіпті əдіс болып саналады жəне жарылыстарды болдырмау үшін тұрақты бақылауды талап етеді.
Қышқылды экстракция əдісі(толық емес минералдау) өсімдік жəне сары май, маргарин, тағамдық майлар жəне сыр өнімдеріне арналған. Өнім сынамасын сұйытылған тұз немесе азот қышқылымен қайнату арқылы, анықталатын уытты элементтерді бөліп алуға негізделген. Минералдау əдісін таңдау анықталатын металл жəне талданатын өнім табиғатына, сонымен қатар элементті талдаудың соңғы кезеңінде анықтау əдісіне байланысты болады. Қазіргі уақытта тағам өнімдерінің сапасын жəне қауіпсіздігін бақылау зертханаларында атомдық спектроскопия, полярография жəне спектрофото-метрия əдістерін қолданады.