Пестицидтер – ауылшаруашылығында мəдени өсімдіктердің ауруын тудыратын зиянкестер жəне паразиттер (латынның pesti – паразит, caedere – жою деген сөзінен шыққан), шөп-шалаң жəне микроағзалардан қорғайтын химиялық қосылыстар.
Тері, өкпе немесе асқазан-ішек жолдары арқылы ағзаға түсетін уыттылық жəне өлтіретін дозасының шамалары пестицидтердің уыттылық критериі болып табылады. Адамға арналған пестицидтердің қауіптілігін бірқатар критерилермен анықтайды, ол критерилер пестицидтердің ағзаға түсу мүмкіндігін жəне жағымсыз əсер көрсететін қабілетін сипаттайды. Пестицидтердің қауіптілік критерилеріне олардың қоршаған ортада тұрақтылығы, тағамдық ауылшаруашылық шикізаттары жəне тағам өнімдерін технологиялық жəне кулинарлық əдіспен өңдеу барысында химиялық, физикалық жəне басқа да факторларға төзімділігі жатады. Пестицидтер азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің барлық түрлерінде бақыланады: ГХЦГ-гексахлорциклогексан (альфа-, бета-, гамма-изо- мерлер), ДДТдихлордифенилтрихлорэтан жəне оның метаболиттері. Дəн жəне дəннен өңделген өнімдерде сынап органикалық пестицидтер, 2,4-Д қышқылы, оның тұздары жəне эфирлері бақыланады. Балық жəне балықтан өңделген өнімдерде 2,4-Д қышқылы, оның тұздары жəне эфирлері бақыланады. Тағам өнімдеріндегі пестицидтердің қалдықты мөлшерін төмендетудің ең тиімді əдісі өсімдіктің сыртқы бөліктерінен тазарту болып табылады. Мысалы, цитрус дақылдары, алма, алмұрт, банан, шабдалы жəне т.б. жемістердің қабығын алғанда 90-100 %-ға дейін пестицидтердің максималды мөлшері жойылады, бірақ ливинфос, монокротофос, ортен, дравин, темик, кропетон сияқты пестицидтер 50-70 %-дан көп жойылмайды. Картоп, қияр жəне қызанақтарды тазалау, қырыққабат жəне жапырақты көкөністердің сыртқы жапырақтарын алып тастау барысында пестицидтердің қалдықты концентрациялары айтарлықтай жоғары деңгейде төмендейді.
Қуыру, пісіру, консервілеу, тосап, джем, мармелад дайын- дау сияқты жəне т.б. өнімдерді дəстүрлі технологиямен жəне кулинарлық əдіспен өңдеу барысында пестицидтер тағам өнімдерінен шығып кетеді.