6В05102-Биотехнология мамандығының 3-курс білім алушыларына арналған


Сүт өнімдерінің сапасын стандарт талаптары бойынша сараптау әдістерін талдаңыз



бет27/53
Дата16.10.2023
өлшемі6,72 Mb.
#115930
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Байланысты:
Тамақ өнімдерінің сараптамасынан целый бір кітап шығарып тастағансың ғо (копия)

Сүт өнімдерінің сапасын стандарт талаптары бойынша сараптау әдістерін талдаңыз.

Сүт сапасын органолептикалық бағалау (МЕМСТ 5678-93). Сүт және сүт өнімдерінің сапасы органолептикалық және обьективті көрсеткіштерменбағаланады. Сүт сапасының органолептикалық көрсеткіштеріне оның дәмі, иісі,түсі және механикалық тазалығы жатады. Ал обьективті сапа көрсеткіштеріне оның қышқылдығы (свежесть), тығыздығы, майлылығы, ақуаздар мөлшері және құрғақ қалдық мөлшері (СОМО) жатады.
Сыртқы түрі. Араластыру кезінде сүт консистенциясының біркелкілігін бағалайды. Егер ыдыс түбінде белгілі бір мөлшерде түнба бар болса, сүтконсистенциясы біркелкі болмағаны.
Түсі, дәмі, иісі. Бір стакан сүтті құйып алып, жарықта қарап, басқа түс пен басқа сүтке тән емес иіс жоқтығын анықтайды. Сиыр сүтінің дәмі мен иісіөзіне тен, басқа дәм мен иістер болмау керек. Түсі ақсарғыш болады. Ал майы алынған сүттің түсі ақкөкшіл болады. Сүттің дәмін оны ішу арқылы бағалайды.
Сүт тығыздығын анықтау (МЕМСТ 5867-93). Сүттің тығыздығыстандарт бойынша ареометр көмегімен анықталады және г/см бірлікпен өлшенеді. Табиғи сиыр сүтінің тығыздығы 1,028-1,034 г/см3 шамасында болу керек. Өндірісте сүт тығыздығын градуспен өлшеу орын алған. Егер ареометр бойынша сүт тығыздығы 1,031 г/см2 болса, сүттің меншікті салмағын 31 градус деп есептейді, т.с.с. Сүттің тығыздығы оның құрамын, компоненттерінің қатынасын сипаттайды. Ол сүттің жеке компоненттерінің тығыздықтарының орташа мәні болып табылады. Сүттің тығыздығын сүт температурасы 20±5°С жағдайда лакто-денсиметр (ареометр) көмегімен анықтайды.
Сүт майлылығын МЕМСТ 5867-93 талаптарына сай арнайы майөлшегіш (жиромер) көмегімен анықтайды. Бүл әдіс бойынша сүт құрамындағы майды күкірт қышқылы мен изоамил спирті көмегімен сүттің бір қабатынажинайды, май мөлшерін май өлшегіштің шкаласы көрсетеді. Сүт майының балқу температурасы төмен - 28-30°С, оның адам ағзасында қорытылу деңгейі 100%-ға жақын, яғни 97-99%, себебі, құрамындағы қышқылдар қысқа көміртек тізбектерінен (С4-тен С8-ге дейін) тұрады, сондықтанолар адам ағзасында жеңіл синтезделеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет