6В05105--генетика мамандығының «биохимия» пәні бойынша 1-15 зертханалық жұмыстары



бет7/20
Дата15.02.2023
өлшемі57,34 Kb.
#68054
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Жұмыстың орындалу барысы:
Екі пробиркаға 1 мл-ден белок ерітіндісін құйып, бірінші пробиркаға 2-3 тамшы үшхлорлы сірке қышқылын, ал екіншісіне 2-3 тамшы сульфосалицил қышқылын қосады. Пробиркаларды шайқап, белоктардың тұнбаға түскенін байқауға болады.
Жұмыстың қорытындысын жазу:


4. Белоктарға органикалық еріткіштердің әсері
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:

  1. Центрифуга (болуы міндетті емес), пипеткалар, пробиркалар, штативтер, сүзгі қағазы.

  2. Ас тұзы (NaCI), этил спирті, ацетон, хлороформ, 1%-тік натрий сілтісінің (NaOH) немесе 1%-тік тұз қышқылының (HCI) ерітінділері.

  3. Белок ерітіндісі (жұмыртқа альбуминін пайдалануға болады).



Жұмыстың орындалу барысы:
Төрт пробиркаға 1 мл-ден белок ерітіндісін құйып, барлық пробиркаларға, шамамен, 0,2 г-дай ас тұзын салып шайқайды.
1. Бірінші пробиркаға тамшылатып 2 мл ацетон,
2. Екінші пробиркаға 2 мл хлороформ,
3. Үшінші пробиркаға 2 мл этил спиртін қосады.
4. Төртінші пробирканы мұздай суда (мұз қосылған суда) ұстап, пробиркадағы белокқа 2 мл этил спиртін қосады.
Тұнба түзілгеннен кейін барлық пробиркалардағы еріткіштерді тез арада төгіп тастап (центрифугалап немесе сүзіп), пробиркада қалған тұнбаларға 2-3 тамшыдан әлсіз қышқыл немесе әлсіз сілті ерітіндісін қосып, шыны таяқшамен араластырады да, 1 мл-ден дистилдьденген су қосады. Қайтымсыз және қайтымды денатурация жүрген пробиркаларды анықтайды.
Жұмыстың қорытындысын жазу:



  1. зертханалық сабақ.

Белок мөлшерін Биурет әдісімен анықтау
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:

    1. Пробиркалар, штативтер, пипеткалар.

    2. Мочевина кристалдары, 10%-тік натрий сілтісінің (NaOH) немесе калий сілтісінің (КОН) ерітіндісі, 2%-тік күкірт қышқыл мыс (CuSO4) ерітіндісі.

    3. Жұмыртқа, қан сарысуының белогы, белок препаратының ерітіндісі, желатин ерітіндісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет