6В05105--генетика мамандығының «биохимия» пәні бойынша 1-15 зертханалық жұмыстары


Ферменттердің белсенділігіне температураның әсері. Ферменттердің өзіндік қасиеттері



бет9/20
Дата15.02.2023
өлшемі57,34 Kb.
#68054
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
БХ БТ и Ген. Лаб. жұм. мазмұны. 2022-23-2

Ферменттердің белсенділігіне температураның әсері. Ферменттердің өзіндік қасиеттері.

Сахараза ферментінің белсенділігіне температураның әсері
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:

  1. Су моншасы, термостат, электр плиткасы, пипеткалар, пробиркалар, штатив.

  2. 1 %-тік сахароза ерітіндісі, сахараза ферменті, мұз.

  3. Ашытқы.



С а х а р а з а ф е р м е н т і н д а й ы н д а у. Стаканға 10 мл дистильденген суды өлшеп алып, фарфор келісіндегі 1 г ашытқыға оны аз-аздан қоса отырып езеді де, судың қалғанын түгелдей келіге құйып, қоспаны араластырады. Қоспа құрамында сахараза ферменті болады. Оны пайдаланудың 2 жолы бар:
1. Тұнба толық шөккен соң оның бетіндегі ерітіндіні сахараза ферменті ретінде пайдалануға болады.
2. Қоспаны сүзгі қағазы арқылы өткізеді де, сүзгі арқылы өткен сұйықты фермент ретінде пайдаланады.


Жұмыстың орындалу барысы:
Штативке нөмірленген 4 пробирка (1, 2, 3, 4) қойып, әрқайсысына 2 мл-ден 1 %-тік сахароза ерітіндісін құяды. Бірінші және екінші пробиркаларды 38ºС температурада 10 минут ұстайды. Үшінші пробирканы мұзға, ал төртінші пробирканы қайнап тұрған суға қойып, бұларды да 10 минут ұстайды. Бесінші пробиркаға 1 мл сахараза ферментін құйып, қайнағанға дейін қыздырады немесе қайнап тұрған суда 8-10 минут ұстайды. Осыдан кейін 1, 3, 4-ші пробиркаларға ашытқыдан бөліп алынған сахараза ферментін (нативті), ал 2-ші пробиркаға қайнатылған фермент ерітіндісінен 1 мл құяды да, барлық пробиркаларды бөлме температурасында 7-10 минут ұстайды. Соңында пробиркаларға 1 мл-ден Фелинг реактивін құйып, 10-15 минуттан кейін барлық пробиркалардағы Фелинг реакциясының нәтижесін қорытындылайды.



Проб.


Субстрат

Темпера-тура

Сахараза
ферменті

Фелинг
реактивіі

Тәжірибенің нәтижесі

1

Сахароза

38ºС

Нативті

1 мл




2

Сахароза

38ºС

Қайнатылған

1 мл




3

Сахароза

0ºС

Нативті

1 мл




4

Сахароза

100ºС

Нативті

1 мл








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет