Б) Лабораториядағы негізгі приборлармен және ыдыстармен таныстыру
В) Белоктарға, амин қышқылдарына, пептидтерге тән бояулы (сапалық) реакциялар: ксантопротеин (ароматты АҚ), Миллон (тирозинге), Фоль (цистеин мен цистинге), Шульц-Распаиль, нингидрин, Сакагучи (аргининге), Адамкевич (триптофанға).
1. Ксантопротеин (ароматты амин қышқылдарына) реакциясы
.
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
Пробиркалар, штативтер, спиртовкалар.
Концентрлі азот қышқылы (НNO3), аммиак, 30%-тік NaOH ерітінділері.
Альбумин препаратының ерітіндісі немесе жұмыртқа белогы.
Жұмыстың орындалу барысы: Пробиркадағы 1 мл белок ерітіндісіне тамшылатып концентрлі азот қышқылының 5 тамшысын қосады. Нәтижесінде тұнба түзіледі. Пробирканы қайнағанға дейін жайлап қыздырғанда қоспа сары түске боялады. Суыған соң оның үстіне тамшылатып концентрлі аммиак ерітіндісін (немесе 30%-тік NaOH ерітіндісін) қосады. Ерітіндінің сары түсі сарғыш-қызғылт түске өзгереді.
Ксантопротеин реакциясы құрамында циклды амин қышқылы болмайтын (клупеинмен, салминмен, желатинмен) белоктармен жүрмейді. Сондықтан бұл реакцияны белоктың орнына ароматты амин қышқылына жататын 1%-тік тирозиннің және 1%-тік желатиннің ерітінділерімен жасап көру керек.
Жұмыстың қорытындысын жазу:
2. Миллон реакциясы
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
Пробиркалар, штативтер, пипеткалар, спиртовкалар.
0,05 %-тік тирозиннің және 0,25 %-тік фенилаланиннің ерітінділері, Миллон реактиві.
Жұмыртқа белогы, тирозин, фенилаланин, желатин.
Жұмыстың орындалу барысы: Төрт пробирканың біріншісіне 0,5-1,0 мл жұмыртқа белогын, екіншіге 0,5-1,0 мл тирозин, үшінші пробиркаға 0,5-1,0 мл фенилаланин, ал төртінші пробиркаға 0,5-1,0 мл желатин ерітінділерін құйып, барлық пробиркаларға 3 тамшыдан Миллон реактивін қосады. Реакция жүрген пробиркаларда алғашында ақ тұнба түзіледі, ал қыздырған кезде (50° С-ға дейін) ерітінді қызара бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |