6В05105--генетика мамандығының «биохимия» пәні бойынша 1-15 зертханалық жұмыстары



бет6/20
Дата15.02.2023
өлшемі57,34 Kb.
#68054
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
БХ БТ и Ген. Лаб. жұм. мазмұны. 2022-23-2

Жұмыстың қорытындысын жазу:
Химизмі: Белоктарға ауыр металдардың тұздарымен әсер еткенде, олардың иондары белок құрамындағы амин қышқылдарының функциональды радикал топтарымен берік байланысып белок молекуласының кеңістіктегі құрылымын жояды. Осының нәтижесінде белок табиғи қасиеттерін жоғалтады да денатурацияға ұшырап, тұнбаға түседі.


2. Белоктарға минералды қышқылдардың әсері
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
1. Пипеткалар, пробиркалар, штативтер.

  1. 2. Концентрлі азот қышқылы, тұз қышқылы, сірке қышқылы (немесе күкірт қышқылы), концентрлі фосфор қышқылы.

3. Белок ерітіндісі (жұмыртқа альбумині).


Жұмыстың орындалу барысы:
Төрт пробирка алып, әрқайсысына 1 мл-ден белок ерітіндісін құяды. Сонан кейін бірінші пробиркаға 1 мл концентрлі азот қышқылын, екіншісіне 1 мл концентрлі тұз қышқылын, үшінші пробиркаға 1 мл концентрлі сірке қышқылын (немесе концентрлі күкірт қышқылын), ал төртінші пробиркаға 1 мл концентрлі фосфор қышқылын жайлап қосады. Реакция жүрген пробиркаларда (1-3 пробиркаларда) қышқыл мен белок ерітінділерінің арасында ақшыл белок тұнбасы түзіледі. Пробиркаларды ақырындап шайқаса екінші және үшінші пробиркалардағы белоктар еріп кетеді, ал бірінші пробиркадағы белок тұнбасы жойылмайды, себебі азот қышқылын қанша қосса да тұнба ерімейді (Е с к е р т у: төртінші пробиркаға зер салыңыз!)


Жұмыстың қорытындысын жазу:


3. Белоктарға органикалық қышқылдардың әсері
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:

  1. Пипеткалар, пробиркалар, штативтер.

  2. 5%-тік үшхлорлы сірке қышқылы (CCI3COOH), 5%-тік сульфосалицил қышқылы (C6H3(OH)-COOH-SO3H).

  3. Белок ерітіндісі (жұмыртқа альбуминін пайдалануға болады).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет