6В07204– Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы



бет20/22
Дата27.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#110932
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Бақылау сұрақтар:

  1. Киімнің құрылымы және киім техникалық параметрлер пакетінің жылусақтайтын қасиеттерінің көрсеткіштеріне ықпалы

  2. Бұйымдардың органолептикалық көрсеткіштері классқа байланысты қойылатын талаптар

  3. Бұйымдардың санитарлық-химиялық миграциялық көрсеткіштері

  4. Аяқ киімдерді жобалаудың негізгі принциптері



Модульдік бірлік 14. Физиологиялық-гигиеналық бағалау әдістері. Тершығаруды бағалау әдістері
Дәріс жоспары:
1. Көзбен көру әдісі
2. Минордың калориметриялық (йод - крахмалдық) әдісі
3. Электрометриялық әдіс
Адам мен қоршаған орта арасындағы жылуалмасуда булану арқылы жылуберу процесі маңызды роль атқарады. Тершығару белгілерінің пайда болуы адам ағзасынан конвекция және сәулелену арқылы жылушығаруда қиындық туғанын көрсетеді. Бұл жағдайда киім астындағы ауаның ылғалдылығы жоғарылай түседі, сол себепті киім ылғалданып, адамның қалыпты күйі бұзылады.
Адамдағы тершығару көзбен көру, калориметриялық және электрометриялық әдістермен анықталады. Осы әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, артықшылықтары, кемшіліктері және қолдану аялары бар.
Көзбен көру әдісі тершығару дәрежесін нақты анықтамайды. Сондықтан оны адамның тершығаруы және топографиясы жайлы болжамды түрде ғана сынауға қолданады.
Терінің белгілі бір бөлігінен ғана тершығарудың мөлшерлі көрсеткішін анықтау үшін гигроскопиялық, ылғалжұтқыш материалдардың көмегіне жүгінеді. Мұндай материалдар ретінде фильтрленген қағаз, мақта мата, арнайы сұйықтыққа батырылған хлорлы кальций және т.б. пайдаланылуы мүмкін.
Ағзаның жылулық күйін және киімнің гигиеналық бағасын беру мақсатында буланып кеткен тердің көлемін және оның толығымен буланған ылғалға қатынасын анықтайды. Ол үшін адамның киімсіз тұрған салмағын тәжірибеге дейін және кейін өлшейді. Буланған ылғалдың көлемі киініп тұрған адамның салмағы өзгергенде анықталады. Адамның салмағын арнайы таразыда өлшейді.
Тершығарудың топографиясы мен интенсивтілігі көзбен көру арқылы Минордың калориметриялық (йод - крахмалдық) әдісінің көмегімен анықталуы мүмкін. Минор әдісі терінің ашық бөліктерінде тердің пайда болу моментін бақылауға мүмкіндік береді және тәжірибе кезінде тершығарудың интенсивтілігін анықтайды.
Минордың йод – крахмалдық әдісі қарапайым, бірақ ол тершығарудың мөлшерін анықтамайды және терінің киіммен жабық тұрған бөлігінен тершығару моментін бақылауға мүмкіндік бермейді.

8.5. Сурет. Терінің ылғалдылығын өлшейтін құрылғы электроды:
1 - күміс пластинка; 2 - қозғалмалы цилиндр; 3 - толық цилиндр; 4 - спиральді пружина
Тершығарудың интенсивтілігін бағалайтын әдістердің бірі – электрометриялық әдіс. Бұл әдіс терінің электрге қарсыласуын өлшейді. Құрамында NaCl бар ылғалданған тері жақсы тоқөткізгіш болып табылады, бірақ ол терінің электрге қарсыласуының төмендеуіне әкеледі. Оны арнайы құрылғыда анықтайды. Н.Н. Мищуктің құрылғысында жұмыс күшінің қалыпты деңгейі потенциометрдің көмегімен сақталады.
В.А. Кожевников пен Г.А. Трубицинаның құрылғыларының электродтарында қарсыласу – микротермисторларының жартылайөткізгіш термометрлердің көмегімен адамның дене температурасы мен терісінің температурасын өлшеуге мүмкіндік бар.
Электрометриялық әдіс адам денесінің әр бөліктеріндегі тершығару деңгейін тезарада анықтауға мүмкіндік береді және оның қаншалықты интенсивті екендігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет