№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата14.02.2017
өлшемі3,76 Mb.
#4099
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

Мүшелде жұмбақ сыр бар. Мүшел есебі Жапониядан – Болгарияға, Сібірден – 
Бирмаға  дейін  таралған.  Соңғы  уақытта  Қытай  сияқты  алып  көршіміздің  әлемге 
кеңінен  танымал  болуымен  бірге,  мүшел  есебі  күллі  төрткүл  дүниеге  таныс  болды 
деуге болады. 
Қазіргі  уақытта  кез-келген  болжамды  (гороскоп)  мүшел  есебінсіз  көзге 
елестету  де  мүмкін  емес.  Әйтседе,  әлемдік  ғылымда  ХХ  ғасырдың  ортасынан 
асқанша  «Мүшел  есебін  кім  ойлап  тапты?»  деген  мәселенің  өткір  қойылғанын 
көпшілігіміз біле бермейміз. 
Бұл салада қыруар зерттеу жұмыстарын жүргізген негізінен Еуропа және Ресей 
ғалымдары  болды.  Атап  айтқанда,  олар  француз  лингвист  Жозеф  Галеви  (1827-
1917),  неміс  ғалымы  Герман  Хирт  (1865-1939),  фин  ғалымы  И.А.  Миккола  (1866-
1946),  венгр  зерттеушісі  Армений  Вамбери  (1832-1913),  орыс  ғалымы,  түрколог 
П.М. Мелиоранский (1868-1906) және т.б. болды. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
102 
Әрине,  бұл  мәселе  төңірегінде  көптеген  «бұра  тартулар»  болғанын  несіне 
жасырамыз?  Мәселен,  Ж.  Галеви  мүшелді  «түрік  мүшелі»  деп  атағанымен,  оны 
әуелде  мысырлықтар  ойлап  тапқан,  ал  түркілер  оны  «өңдеген»  деген  ой  айтса,  Г. 
Хирт  пен  И.  Меккола  мүшел  ең  баста  ежелгі  Грецияда  шығып,  кейіннен  Қытайға 
ауысқан деп мүлдем дәлелсіз пікір білдірді. 
Ресей  академигі  А.Н.  Самойлович  1913  және  1927  жылдары  «Түркі  тілдес 
халықтардағы  12  жылдық  хайуанаттар  айналымы  жайындағы  мәселеге»  деген 
тақырыпта  мақала  жазды.  Онда  біздің  заманымыздың  1  ғасырында  өмір  сүрген 
Тевкрос атты автордың грек тілінде жазылған жылнамасындағы «хайуанаттар тізімі» 
мүшел  Мысырда  пайда  болды  деуге  негіз  еместігін  тілге  тиек  етеді.  Бұл  дәлелге 
мойынсұнғысы  келмеген  Ж.  Галеви  ендігі  жерде  мүшел  Мысырда  емес,  Бабылда 
шыққан деп жалтарады. 
Әйтсе де бұл болжамның да қисыны келе қоймайды. Э. Шаван француз тілінде 
«Түркілердің  12  жылдық  мүшелі»  атты  мақала  жазып,  ол  Ж.  Галевидің: 
«Көшпенділер күнтізбе жасай алмайды», - деген пікіріне қарсы шығады. 
Сондай-ақ  Э.  Шаван  мүшелдің  Қытайда  пайда  болғанын  қытай  деректері 
бойынша  дәлелдейді.  Тань  (б.з.д.  618-907  ж.ж.)  жазылған  жылнамада:  «Қырғыздар 
жылды он екі хайуан арқылы белгілейді. Жыл «инь» таңбасына келгенде, олар барыс 
жылы дейді», - делінген. 
Яғни, бұл жылнамадан сол кезде қытайлардың 60 жылдық мүшелінде «таңба» 
болғанымен, хайуанат атаулары болмағанын аңдаймыз. 
Осы  дау-дамайға  толы  айтыс  барысында  орыс  профессоры  Г.П.  Сердюченко 
тұңғыш рет: «Мүшел түркі халықтарынан шыққан», - деп кесіп айтады. 
1960 жылы Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының 
ғылыми  қызметкері  И.В.  Захарова  осы  институт  еңбектерінің  8-ші  томында:  «Орта 
Азия  халықтарының  он  екі  жылдық  хайуанаттар  мүшелі»  атты  мақала  жариялап, 
онда бұған дейінгі осы мәселеге байланысты мақалаларға талдау жасайды. 
Мақала  қорытындысында:  «Он  екі  жылдық  мүшел  есебі  бұдан  2000  жылдай 
бұрын  (б.з.д.  І  ғасырда)  Орта  Азияда  пайда  болған»,  -  деп  тұжырымдайды. 
Осылайша  бірде-бір  иісі  түрік  ғалымы  араласпаған  талас-тартыста  ақиқат  жеңіп, 
түркі халықтарының бағы жанды. 
Япырау,  сонша  таласқа  түсетіндей  12  жылдық  хайуанаттар  мүшелінің  қандай 
қасиеті  бар  деп  ойлану  заңды.  Бұл  арада  барлық  мәселе  мүшелді  ойлап  тапқан 
халықтың мәдениетінде жатыр. 
Яғни, бұрын «түземдіктер» аталып жүрген Орта Азияның тарихы көзді ашып-
жұмғанша 2000 жылға ілгері суырылып шықты. Бар кілтипан осында! 
Астрономиялық  және  математикалық  теория  тұрғысынан  алып  қарағанда  12 
жылдық  хайуанаттар  мүшелінің  басқа  уақыт  айналымдарымен  салыстырғанда 
әлдеқайда  ұтымды  ойлап  табылған  мүшел  екендігі  аңғарылады.  Қазіргі  уақытта 
ғылым  қарыштап  дамығандықтан,  уақытты  100  жылдық  ғасыр  бойынша  есептеу 
қауіпсіз. 
Яғни,  жаңылысуымыз  мүмкін  емес.  Ал,  біздің  заманымыздың  басында 
жылдарды  кіші  цикл  бойынша  есептеу  ыңғайлы  болған.  Оның  үстіне  жылдарды 
санмен  бірге,  хайуанаттар  атауымен  қоса  таңбалау,  жылдар  есебін  жүргізуде 
жаңылыспау мүмкіндігін 100 пайыз арттыруға мүмкіндік береді. 
Көк  түркілердің  тікелей  ұрпағы  болып  табылатын  Телеуеттер  елінде  ежелгі 
қорғаннан мүшел салынған медальон табылған (суретті қараңыз): 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
103 
 
Бұл сурет қай замандарда салынса да, оны салған адамның Жердің жазық емес, 
дөңгелек екенін байқағанын баса айтқанымыз жөн. Жер шеңберінің жоғарғы жағына 
Ай мен Үркер жұлдыз шоғыры және жарығы күшті жұлдыз (Сүмбіле) бейнеленген. 
Жер шеңберінің төменгі жағына Күн мен тағы бір жұлдыз (шамасы Шолпан болар) 
бейнеленген. 
Әйтсе де, бұл суретте мүшел есебіндегі 12 хайуанаттың қазіргі реттіліктен сәл 
басқаша  белгіленгенін  байқамау  мүмкін  емес.  Күннің  сол  жағынан  жоғары  қарай 
мүшел атаулары (хайуанаттары) былай орналасқан: 1. Тышқан; 2. Сиыр; 3. Барыс; 4. 
Доңыз  (қазіргіше  –  Қоян);  5.  Тауысқұс  (қазіргіше  –  Ұлу,  қытайша  –  Айдаһар);  6. 
Жылан; 7. Жылқы; 8. Мешін (қазіргіше – Қой); 9. Қой (қазіргіше – Мешін, қытайша 
– Маймыл); 10. Тауық; 11. Ит; 12. Піл (қазіргіше – Доңыз). 
Соған 
қарамастан, 
бұл 
суреттің  құндылығы 
оның 
қай 
заманда 
жасалғандығында  немесе  онда  Жердің  дөңгелек  болып  салынғандығында  емес, 
барлық құндылығы 12 жылдық мүшел есебінің ішкі жүйесін – Ай, Күн және Үркер 
жұлдыз шоғырына негізделген Тоғыс есебінің құрауында болып табылады. 
Мүшел есебімен санап дағдыланбаған адамға жылдар ретін есте сақтау қиын, 
олардың  орындары  ауысып,  шатаса  береді.  Сондықтан  қажет  ететін  адамдарға 
мүшелдегі  жылдардың  тетелестігін  көрсетіп,  мынадай  бір  ауыз,  схемалық  өлеңді 
ұсынуға болады: 
Түйе сеніп бойына, 
Қалған ұмыт жылдардан. 
Жатпа қарап, мойыма, 
Тайма именіп ділмардан. 
Мұнда  әр  сөздің  бірінші  дыбысы  сәйкес  жыл  атының  бірінші  дыбысын 
көрсетеді. Т – тышқан. С – сиыр т.б. 
Мүшел жылдардың кестесі: 
0 жыл – атаусыз жыл, мұны құрсақтағы немесе іштегі жыл деп атайды. 
1 жыл – тышқан жылы. 
2 жыл – сиыр жылы. 
3 жыл – барыс жылы. 
4 жыл – қоян жылы. 
5 жыл – ұлу жылы. 
6 жыл – жылан жылы. 
7 жыл – жылқы жылы. 
8 жыл – қой жылы. 
9 жыл – мешін жылы. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
104 
10 жыл – тауық жылы. 
11 жыл – ит жылы. 
12 жыл – доңыз жылы. 
Мүшелден  жыл  қайыру  алгоритмі.  Мысал.  Қазіргі,  яғни  григориан  жыл 
қайыру  күнтізбесі  бойынша  Абай  Құнанбаев  Г  =  1845  жылы  туған.  Мүшел  есебі 
бойынша ұлы Абайдың туған жылын тап, М – ? 
Шешуі: 
1 қадам. Берілген Г санына 9-ды қосса: А = Г + 9. 
2 қадам. Табылған А қосындыны 12-ге бөлеміз, R = 154 (6 қалды). R = 0, 1, 2, 3, 
4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11. 
3 қадам. Табылған R-қалдықтың мәнін пайдаланып, мүшел жылдардың кестесі 
бойынша 6-шы жыл – жылан жылы. Абай Құнанбаев «Жылан жылы» туылғандығын 
білуге болады. 
Адамдардың  психологиялық,  астрологиялық  ерекшеліктеріне  көңіл  бөле 
отырып,  судан,  ауадан,  оттан,  жерден  жаралғандар  деп  бөлінген.  Себебі, 
астрологиялық  үшкілдегі  жұлдызда  жаратылғандар  өзара  тәуір  тіл  табысып, 
пікірлері көбінесе бірдей болады екен. 
Жұлдыздар  мен  планеталар  бойынша  адамның  келешек  өмірін  болжауға 
арналған  көптеген  кітаптар  шыққан.  Осы  еңбектер  еуропалық  тілде  «Гороскоп» 
(«Жұлдызнама») деп аталады. Астрологтар зодиактың 12 шоқжұлдызын адамның 12 
мүшесіне сәйкестендіріп, «дәрігерлік» ережелер қалдырған. Абу Али Ибн Синаның 
«Медицина  кононы»  кітабында  ғарыш  циклімен  адамдардың  өсіп,  дамуының 
арақатынасын гороскоп арқылы айқындау туралы айтылған «гор» – мезгіл, «скоп» – 
көру деген сөз. Гороскопты абыздар мен астрономдар жасайды. 
Вавилонда  шыққан  жеті  күндік  апта  бертін  келе  дүние  жүзі  халықтарына 
жайылды,  тұрмыста  қолданылатын  болды.  Жеті  бұрыш  жуық  түрде  салынады,  ол 
үшін шеңбер тең жеті бөлікке бөлінеді де, бөлу нүктелері арадан екеуі қалдырылып, 
кескінділермен қосылып отырады. Бөлу нүктелері «Күннен» бастап 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 
деп  нөмірленген  болса,  1-4,  4-7,  7-3,  3-6,  6-2,  2-5,  5-1  болып  тұйықталады. 
Планеталардың аттары да «өзіне тиісті» күндерде сақталып қалды. 
Қорытынды.  Қазақ  күнтізбесі,  байырғы  қазақ  күнтізбесі  –  табиғат 
құбылыстарын  бақылаудан  туған  халықтың  көп  жылдық  тәжірибелері  қорытылған, 
жұлдызды  аспан  туралы  астрономиялық  түсініктер  мен  білімдер  жинағы.  Табиғат 
құбылыстарының қайта айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің 
(жаз,  қыс,  күз,  көктем)  айдың  тууы  мен  батуының  алмасуын;  жұлдыздардың 
орналасу  тәртібін,  мұқият  бақылап,  есептеп  ұғынудың  қазақ  халқының  дәстүрлі 
шаруашылығы үшін орасан зор маңызы болды. 
Табиғат  құбылыстарын,  қоршаған  ортаны,  жұлдызды,  аспанды  бақылаудан 
туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған, қорытылған, зерделенген 
астрономиялық  құбылыстар  мен  білімдер  жүйесі  негізінде  Қазақ  күнтізбесі 
қалыптасты. 
Әдебиеттер 
1 Әбдіғапаров Қ., Қошпанов М. Қызықты физика. – Алматы: Қазақстан, 1971. 
2 Келер В. Ғажайып сиқырдың қайта оралуы. – Алматы: Мектеп, 1989. 
3 Малахова Г.И., Страут Е.К. Астрономияға арналған дидактикалық материал. 
– Алматы: Мектеп, 1987. 
4  Воронцов-Вельяминов  В.А.,  Дагаев  М.М.  Методика  преподавания 
астрономии. – М.: Просвещение, 1973. 
5 Қарамурзин А. Астрономиядан қосымша оқуға арналған кейбір мәселелер.  – 
Алматы: Рауан, 1990. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
105 
ӨТЕБЕКОВ Бақдәулет Батырұлы, 
БЕГНАЗАРОВ Асхат Талғатұлы, 
АМАНГЕЛДІ Мұхамедәли Ердәулетұлы, 
№80 мектеп-лицейінің 4 «И» сынып оқушылары, Шымкент қаласы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ЗЕКИРБАЕВА Несибели Исахановна, 
№80 мектеп-лицейі бастауыш сынып мұғалімі, Шымкент қаласы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚҰСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АДАМҒА ПАЙДАСЫ 
 
Біздің сыныпта жақсы дәстүр қалыптасқан. Мектептегі іс-шаралар сыныптағы 
оқушыларға  бөліп  беріледі.  Құстар  мерекесіне  арналған  іс-шара  біз  –  үшеумізге 
бұйырды.  Біз  басында  түсінбей  біраз  жүрдік.  Сосын  сынып  жетекшіміз  барлығын 
жатығымен түсіндірді. Алдымен тақырыпқа байланысты материалдар жинадық. 
Жер  ғаламшары  –  барлығымыздың  ортақ  үйіміз.  Онда  біз  сияқты  қаншама 
тіршілік иелері мекендейді. Барлығының да өз ерекшеліктері бар. Солардың ішінде 
құстардың алар орны бөлек. 
Кие  жайлаған,  құт-береке  дарыған  қазақ  жері  байлыққа  тұнып  тұр.  Астында 
қазба  байлық  болса,  ал  үсті  –  көненің  көзі  –  тарихи-ескерткіштермен  қоса,  аң  мен 
құсқа  бай.  Адамның  бар  тіршілігі  табиғатқа  байланысты,  ол  күш-қуат  пен 
жақсылықты  содан  алады.  Халқымыздың  әл-ауқатының  жақсаруы  да,  ауа,  су, 
пайдалы  қазбалар,  құнарлы  топырақ,  өсімдік  пен  жануарлар  дүниесін  қорғаумен 
тығыз байланысты. 
Елімізде  әлемде  жойылып  бара  жатқан  құстардың  ішіндегі:  қоқи  қаз, 
сұңқылдақ  аққу,  қызыл  жемсаулы  қараша  қаз,  дуадақ,  қызғылт  бірқазан,  тырна, 
ителгі,  лашын,  бүркіт  сияқты  сан  алуан  құстар  мекендейді.  Жылына  Қазақстанның 
аң-құстарын  қызықтауға  шет  елдерден,  соның  ішінде  Ұлыбританияның  өзінен  200-
300 саяхатшы келеді екен. 
«Көк  құрақ  –  көлдің  сәулеті,  құс  пен  аң  –  елдің  дәулеті»,  -  дейді  дана 
халқымыз. Табиғат әуесқойларының хайуанаттар ішінде ең жақсы көретіні – құстар. 
Олардың  сан  құбылтып  салған  әндері  сүйсіндірмей  қоймайды.  Бүкіл  дүниежүзінде 
құстардың  10-12  мың  түрі  тіршілік  етеді.  Республикамыздың  қай  түкпіріне  сапар 
шексек те, қанатты достарымызды кездестіреміз. Туған өлкеміздің климаты мен жер 
жағдайы құстардың алуан түрлерінің тіршілік етуіне мүмкіндік береді. 
Бізде  құстардың  мол  болуына  Қазақстан  аумағының  Еуропа  мен  Азия 
құрлықтарының  арасында  орналасуы  да  үлкен  әсер  етеді.  Қазақ  жерінде 
қанаттылардың  481  түрі,  ал  қазіргі  таңда  Шымкенттің  өзінде  161  құстың  түрі 
мекендейді.  Оның  57-сі  қыстайтын,  88-і  жыл  құстары.  Құстар  ерте  көктемде  екі 
кезеңмен ұшып келеді. Бірінші кезең – 21 наурыз бен 22 сәуір аралығы. Бұл уақытта 
көбіне  құрт-құмырсқамен  қоректенетін  сайрақ,  қараторғай,  таңшымшық,  сарықаз 
торғай,  жаурақ  торғай,  т.б.  түрлері  келеді.  Екінші  кезең  –  22  сәуір  мен  мамыр 
аралығында бұлбұл, мысық торғай бастаған әнші құстар келеді. 
Құстарды  топқа  бөлудің  әр  түрлі  жолдары  бар.  Дене  құрылымы,  тіршілік 
әрекетіне  байланысты  қыртөссіздер,  жүзгіш  құстар,  қыртөстілер  деп  бөлінеді.  Ал 
тіршілік  орта  жағдайларын  байланысты  экологиялық  топқа  да  топтастырылады. 
Экологиялық  мынадай  топтар  бар:  сулы,  батпақты  жерлердің  құстары,  орман 
құстары,  ашық  далалы  алқаптардағы  құстар,  жыл  құстары,  көшпелі  құстар,  қыстал 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
106 
шығатын құстар. Қыстал шығатын құстар жыл бойы бір аймақта өмір сүріп, ешқайда 
орын ауыстырмайды, яғни жылыстамайды. 
Қазіргі  заманда  тіршілік  ететін  құстар  түрі  35-40  отрядқа  топтастырылған. 
Зоолог ғалымдардың пайымдауы бойынша құстар бұдан 180 млн. жыл бұрын пайда 
болды  деп  есептеледі.  1868  жылы  Вена  қаласында  (Aвстрия)  алғаш  рет  құстарды 
қорғау  туралы  ресми  шешім  қабылданған.  1922  жылы  құстарды  қорғаудың 
Халықаралық  кеңесі  құрылды.  Халықаралық  табиғат  қорғау  одағының  «Қызыл 
кітабына»  құстардың  209  түрі  мен  83  түр  тармағы,  ал  Қазақстанның  «Қызыл 
кітабына» 56 түрі енгізілген. 
Құстарды  дене  құрылысына,  тіршілік  әрекетіне  байланысты  3  топқа  бөледі. 
Олар:  қыртөссіздер  (жүгіретін  құстар);  жүзетін  құстар  (пингвиндер);  қыртөстілер 
(ұшатын құстар). 
Тауық  тәріздестерге  жататын  алтай  ұлары  биік  таулы  алқаптарда  кездеседі. 
«Ұлытауға  шықтың  ба,  ұлар  етін  жедің  бе?»  деген  мәтел  ұлардың  таулы  өңірле 
таралғанын аңғартады. Ұлар да киелі құс, олар шағын топ құрып тіршілік етеді. Еті 
де  дәмді.  Тауық  тәріздес  құстардың  тұмсықтары  қысқа  әрі  доғалданып  келеді. 
Тырнақтары да доғал, жіліншігінің артқы жағында мүйізді өскіні бар. Оны тепкі деп 
атайды, қорғаныштық қызмет атқарады. 
Тырна  тәріздестер:  ақ,  сұр,  ақбас  тырна  сулы,  батпақты  жерлерде  таралған. 
Дуадақ  –  ірі  құс,  оның  салмағы  кейде  16  килограмға  жетеді.  Оны  кейде 
«тоқтыбалақ»  немесе  «қозыбалақ»  деп  те  атайды.  Ертеде  далалы  өңірле  көптеп 
ауланған. 
Тарғақ,  орақтұмсық  және  реликті  шағалалар  (қарамойнақ,  көнекөз  шағала) 
«Қызыл  кітап»  тізімінде  бар.  Реликті  шағала  Қазақстанда  Алакөл  көлінде  ғана 
таралған. Қорғау мақсатында Алакөл қорығы (1998) ұйымдастырылды. 
Жапалақ  тәріздестерден  тек  үкі  ғана  «Қызыл  кітапқа»  тіркелген.  Халқымызда 
үкі – ерекше құрметке бөлектен құс. Қолда ұстап, қауырсынын (үкісін) қадірлеп, бас 
киімге, домбыраға, үйге, бесікке іліп қою дәстүрі бар. 
Торғай  тәріздестердің  түрлері  көп  және  кеңінен  таралған.  Қазақстанда  жорға 
торғай,  көкқұс,  үлкен  қаралай  сирек  кездеседі.  Жорға  торғай  еліміздің  шөлейтті 
алқабында мекендейді. Сексеуіл ағаштарының арасында (Іле, Балқаш өңірінде), жер 
бетінде  жылдам  жүгіретіндіктен  «жорға  торғай»  деп  аталған.  Сирек  кездесетін 
құстар қорықтарда, қорықшаларда арнайы қорғауға алынған. 
Құстар  ұяны  жыртқыштар  мен  ауа  райының  қолайсыздығынан  қорғану  үшін 
салады.  Жыртқыштарға  жем  болмау  үшін  ұяларын  қол  жетпейтін  жасырын  жерге 
салып, бетін бүркеп қояды. Күрделілігіне, жыл мезгіліне, ауа райына байланысты ұя 
салуға  әртүрлі  уақыт  кетеді.  Жылы  аймақтарда  құстар  бірінші  ұясын  одан  кейінгі 
салынатын ұясынан гөрі ұзақ уақыт салады. «Ұялардың пішіні мен түріне қарай олар 
әртүрлі болады: ін ұя, шұңқыр ұя, қуыс тесік ұя, құрқылтайдың тоқыма ұясы, ойма 
ұя,  шыбықтан  өрген  табақ  ұя,  жүн-жұрқа,  шөп-шаламнан  жасалған  тостаған  ұя, 
сушылқараның  шар  ұясы,  т.б.  Жұмыртқа  мен  қызыл  шақа  балапандарға  жайлылық 
тудырып,  дұшпандардың  көзіне  түсірмеу  үшін  ін  ұя  өте  тиімді.  Кей  құстар,  оның 
ішінде үкілердің кейбір түрлері өзге жануарлар қазған інді иемденіп алады». 
Сөз  ретінде  белгілі  қаламгер,  құстар  өмірін  бір  ғалымдай  зерттеген  Е. 
Раушановтың  «Құстар  –  біздің  досымыз»  деген  еңбегінен  көзіміз  шалған  қызықты 
деректерді  келтіре  кетейік:  «Құс  ұялары  –  Гиннестің  рекордтар  кітабына  кірген 
бүркіт ұясынан бастап (ені – 2,9 метр, тереңдігі – 6 метр, салмағы – 3 тонна болатын 
бұл ұя 1963 жылы АҚШ-тың Флорида штатында табылған), инеліктен сәл ғана үлкен 
сарыбасшымшықтың  (королек)  титімдей  ғана  қонаржайы  аралығы  –  тұтас  бір 
архитектуралық  әлем.  Ементұмсық,  тоқылдақ,  қараторғай,  үкі  сияқты  құстар  биік 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
107 
ағаштың  қуыс  –  тесігін  ұя  ғып  алады.  Қырғауыл  болса,  керісінше,  ұясын  жерге 
салады. Шалшықшы құс та солай – өзен жағасының құмдауыттау бір тұсын табады 
да, кішкене шұқанақ жасап, төрт жұмыртқасын (әдетте жұмыртқа саны бұдан аз да, 
көп  те  болмайды)  туа  салады.  Тентекқұстың  бұлардан  кірпияздығы  шамалы, 
айырмашылығы  ағаштың  түбіне  жапырақтарды  төсеген  болады  да,  жұмыртқалай 
береді.  Бұдан  құс  жарықтыққа  жұмыртқа  салу  әншейін  іс  екен  деген  ой  тумасын. 
Мысалы,  құйқылжықтың  (пеночка)  ұясын  алайық.  Ақ  қайыңның  әдемі  иілген 
бұтағына іліп тоқыған ұя қабырғаларына түрлі-түсті қағаз қиындыларын айналдыра 
жапсырып,  «үйін»  «тұсқағазбен»  әшекейлеп  шығады.  Ішіне  жұмсақ  қабаттап, 
қайыңның  жұқа  қабығын  төсейді.  Сауысқанның  ұясы  –  сырттай  қарағанда  шарға 
ұқсайды,  кіретін  екі  есігі  болады.  Ала  қарғаның  ұясы  –  үлкен  тайпақ  табақтан 
аумайды. Сұқсыр үйрек ұясын жағаға да емес, далаға да емес, судың бетіне салады. 
Су бетінде қалқып жүретін ойма сал – соның ұясы. Құр мен шіл жазда ағаш басына 
қонақтайды. Қыста ше? Құй сеніңіз, құй сенбеңіз – қыста олар қалың қардың астына 
сүңгіп кетіп ұйықтайды. Адамға үйір қарлығаш өз ұясын үй маңына салады». 
Әулие  құс  саналатын  қарлығаш  кеш  келіп,  ерте  қайтады.  Бұған  шыбын-
шіркейді азық қылатыны себеп дейді орнитологтар. Көкек, бұлбұлмен қатар мамыр 
айында ұшып келе салысымен ұя салады. Артынша 4-6 ақ шұбар жұмыртқа туады. 
Екінші  рет  тамыздың  басында  жұмыртқалайды.  Балапандары  14-16  күнде 
қанаттанады.  Қарлығаштың  ұясы  оның  иесінің  ептілігі  мен  ақылын  танытқандай: 
иленген  балшықты  қыл-қыбырмен  араластыра  қаластырып,  ішін  мамықпен  жауып, 
балапандарына  бар  жағдайды  жасайды.  Ол  аз  болса,  балалары  құлап  қалмас  үшін 
аяқтарын  қылмен  байлап,  матап  қояды.  Тіпті  грек  философы  Демокрит  кезінде: 
«Адам баласы үй салуды қарлығаштан, өрмек тоқуды өрмекшіден үйренген», - деген 
екен.  Адамға  үйірсек,  бауырмал  қарлығаштың  үй  маңына  ұя  салуын  қазақ 
жақсылыққа  жориды.  Оның  қасиеттілігі  туралы  әлмисақтан  бері  айтылып  келе 
жатқан  аңыз  желісі  көшпелі  жұрт  санасында  ауыздан-ауызға  ертегі  боп  тарады. 
Айрықша  ақылды  құстың  құйрығының  адамзатты  құтқару  жолында  айыр  болып 
қалғанын  тәмсіл  қыла  отырып,  оның  киесінен  қорқуды,  ұясын  бұзып,  обалына 
қалмауды  ұғындырып  келеді  ұрпағына.  Себебі  ел  нанымы  бойынша  қарлығаш  та 
адам секілді топырақтан жаралған. 
Жанған  отты  қанатымен  су  тасып  өшіретін  қарлығаштың  жанашырлығын 
таныған қазақ жанына ең жақын аяулы адамын, яғни қимас қарындасын қарлығашқа 
теңейді: 
Қарындасым, қарлығашым, 
Барған жерің бағыңды ашсын. 
Шаңырақ, кереге керілген соң
Қуаныш, бақыттың елін берсін, 
Қарындасым, қарлығашым-ай… 
Қазақ  қыздарының  ішінде  Қарлығаш  есімі  жиі  кездеседі.  Бұл  да  болса,  ниеті 
таза кінаратсыз құсқа деген құрметі шығар халқымыздың. 
Ал  құрқылтайдың  ұясы  өз  алдына  бір  бөлек  әңгіме.  Тіпті  тілімізде 
«Құрқылтайдың ұясындай» деген тұрақты сөз тіркесі қалыптасқан. Үйдің тарлығын, 
бөлмелердің шағындығын, ал кей ретте жылылығын, жайлылығын білдіреді. Тұрқы 
– 7-10 см, салмағы небәрі 9 грамм болатын құртақандай ғана құстың жұптасып, адам 
көзі түспес, аяғы жетпес жерге «баптап» салған «үйлері» қазақ жерінде Еділ-Жайық 
және Ертіс-Алакөл аймағында кездеседі. 
Ұя  сырттай  қарағанда  баланың  пимасы  іспетті  көрінеді,  халқымыз  құяң,  бел, 
буын,  несеп  жолы  ауруларына  емдік  қасиеті  бар  деп  санайтын  ұясын  құрқылтай 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
108 
әртүрлі шөп қиындыларын қыл-қыбырмен байлап, сілекейімен илеп, иін қандырып, 
берік қылып жасайды. 
Аққудың мойнын – сұңғақ, құтанның мойнын – құлқын, тырна мен сұңқардың 
мойнын  –  қылдырық  дейді.  Аққудың  қоразын  саһар,  саһау  деп  атайды.  Жүні  жаңа 
жетіліп келе жатқан балапанын «ақүрпек», ал төрт жасқа дейінгісін «көгілдір» дейді. 
Азаттық  сүйгіш  бостан  құс  ұлар  болса  ұясын  биік  таудың  қиясына,  ұшар 
басына салатын көрінеді. Қысы-жазы тау басын мекен ететін отырықшы, дене тұрқы 
кекілікке  ұқсас  келетін  шағын  ғана  ұлар  ешкімнің  мазалағанын,  тыныштығын 
бұзғанын  қаламайды.  Сондықтан  да  көзден  жырақта,  бізден  тасада  тіршілік  етеді. 
«Ұлар құс торға түссе, дереу өліп қалады екен. Әлемнің бірде-бір зоопаркінен ұлар 
көрмейтініміз содан болар. Тауда ойнаған кекіліктің, қалыңда жүрер бөдененің, тіпті 
қырғауылдың жұмыртқаларын үй тауығына бастырып, балапандарын қолға үйретуге 
болады. Шөжелері тегім, нәсілім басқа демей, телмеңдеп, тауықтың соңынан жүгіріп 
жүреді. Ал ұлар қолға үйренбейді. Жұмыртқасын тауық басып та шығара алмайды, 
балапанына адам қолы тисе болды – өледі». 
Қолға түспестігін меңзегені болар, қазақтың қара өлеңінде: 
Ұлытауға шықтың ба, 
Ұлар етін жедің бе? – деген жолдар сақталған. 
Елімізде алтай және гималай ұлары кездеседі. Көбіне 5-10-нан топтасып жүріп, 
тек  көктемде  ғана  жұптасатын  олар  өте  сақ  келеді.  Тау  бөктерінде  жайылып 
жатқанда, біреуі биік құзға шығып, жан-жағын бағдарлап тұрады екен. Егер қауіпті 
сезсе,  айрықша  үн  шығарып,  хабар  беретін  көрінеді.  Қалған  құстар  мұны  естіп, 
әбігерленіп,  шулайтын  көрінеді.  Тіліміздегі  «ұлардай  шулау»  деген  тұрақты  тіркес 
осындайдан қалыптасса керек. 
«Қыстың аязды  күндерінде тас қуыстарынан  пана  тауып,  топтасып  бірін-бірі 
жылытады.  Қар  қалың  жауған  жылдары  көбіне  таутекенің  соңынан  еріп  отырады. 
Себебі  таутекелер  тебіндеп  жайылып,  қырат  беткейлеріндегі  қарды  тазартып, 
қанаттылардың азығын тез табуына көмектеседі  екен». Ол биік тау-тастағы дәрілік 
өсімдіктердің  тамырын,  тұқымын,  жемісін  қорек  ететіндіктен,  етінің  шипалық 
қасиеті мол. Еті дәмді әрі емдік қасиеті болғандықтан, тәуекелі жеткендер ара-тұра 
аулауға шығып тұрады. 
Бірақ  үлкендер  жағы  ұларды  бей-берекет  атуға  болмайтынын  ескертіп 
отырады. Халық  ұғымынша, ұлар киелі  құс саналады, сол себептен де  «оның киесі 
ұрады» деп атуға, мазасын кетіріп шулатуға рұқсат етілмейді. Денесінің шағындығы 
мен  жаратылысының  нәзіктігіне  қарамай,  ерімес  қар  жатар  суық  құз  басын,  адам 
аяғы  баспас  жартас  бетін  таңдауы  бұл  құстың  тазалығы  мен  қиындыққа 
шыдамдылығын танытса керек. 
Соңғы  жылдарда  біраз  құстардың  тек  Қазақстанда  ғана  емес,  кейбір  түрлері 
бүкіл  жер  шарында  саны  азайып  бара  жатқаны  байқалады.  Сондықтан  елімізде 
оларды  қорғау  шараларын  бұрынғыдан  да  кеңейте  түсу  қажет.  Қазақ  халқының 
құстарды  қорғауда  қалыптасқан  мол  дәстүрі  бар.  Құстың  ұясын  бұзбау, 
жұмыртқасын  сындырмау,  балапанын  жәбірлемеу,  ата-аналарының  қашаннан  бергі 
балаларына  айтатын  өсиеті.  Өзіңе  зияны  тимеген  құсқа  тиіспе  деп  үйретеді. 
Тұмсығы  тесік  құстың  бәрі  табиғаттың  азат  перзенті,  оның  өсіп  көбеюіне  қиянат 
етпеу керек деп түсіндіреді. 
Бүгінде қазақ жерінің аспанынан жыл құстары сирек ұшып өтеді. Ал енді оның 
алдын  алу  үшін  және  құс  көп  болуы  үшін  жасыл-желек  мол  болуы  тиіс.  Батысқа 
еліктейміз  деп  еліміздің  бұрынғы  қалпын  бұзып,  тас  қалаға  айналдырып  барамыз. 
Дәл  осы  екпінмен  кетер  болсақ,  Нью-Йорк  сияқты  екі-үш  құс  түрімен  қаламыз. 
Сондықтан  құстарды  қорғайтын  арнайы  бағдарлама  жасап,  қаламызды  олардың 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
109 
жайлы  мекен  тұрағына  айналдыруына  мүмкіндік  беріп,  әсіресе,  қала  орталығының 
бауырына  құстарды  көбірек  тартумыз  керек.  Табиғат  сәби  секілді,  маңдайдан 
сипағанды, аялы алақанды қалайды. Біз оны аямасақ, ол бізді де аямайды. 
Ия,  құстар  –  біздің  досымыз.  Адам  үшін  құстардың  пайдасы  өте  зор.  Бізде 
тіршілік  ететін  құстардың  біразы  аңшылық  үшін  ауланып,  дәмді  ет  пен  мамық 
қауырсынын  береді.  Кең  байтақ  даламызда  ұшып  жүрген  біраз  құстар  егістік,  бау-
бақша,  орман  зиянкестері  –  насекомдармен,  кеміргіштермен  қоректеніп,  ауыл 
шаруашылығына айтарлықтай пайдасын тигізеді. Аң мен құстарға қарап ауа-райын 
да  болжайды.  Мысалы,  қарлығаш  аспанда  самғап  ұшса  –  ауа  райының  ашық,  ал 
төмендеп  ұшса  –  жауын  болатыны  халық  арасында  кең  тараған.  Шағала  – 
теңізшілердің сенімді достарының бірі. Себебі, теңізшілердің ашық теңізге шығарда, 
шағалалардың  мінез-құлқына  қарап  отырып,  ауа-райының  өзгерістерін  алдын-ала 
болжаулары  дәл  келіп  отырған.  Құстардың  эстетикалық  мәні  өз  алдына  бір  төбе. 
Бұлбұл  үні,  торғайдың  әні  талай  сазгерлердің  шығармаларына  арқау  болып  келеді. 
Тіпті  құстар  туралы  туған  әндер  қаншама?!  «Ақ  сұңқар»,  «Алтын  қаз»,  «Қара 
торғай»,  «Қарлығаш»,  «Аққу»,  «Тоты»,  «Бұлбұл»,  «Бозторғай»,  «Гәкку»  сияқты 
әндер  мен  күйлер  құстарды  сүюден,  оларға  деген  сүйіспеншіліктен,  қамқорлықтан 
туған туындылар. 
Құсқа  деген  халықтың  көзқарасы,  оларды  жақсы  көрушілікті  біз  қазір  де  күн 
сайын  көріп  келеміз.  Олардың  сүйкімділігін  жақсы  көріп,  көп  адамдар 
перзенттерінің  есімін  де  солардың  атымен  атаған.  Ел  ішінен  Құралай,  Бұлбұл, 
Қарлығаш,  Тоты,  Қырғи,  Тұрымтай,  Алғи,  Бүркіт,  Қаршыға  деген  аттарды  жиі 
естиміз. 
Тау-тас, орман, су сияқты аңдар мен құстар да адамзаттың қажетін өтеп, сән-
салтанатын  жарастырып  келе  жатқан  ежелгі  досы.  Әсіресе  қазақтар  аққуды 
қадірлейді.  Аспаннан  бір  керемет  ақша  бұлт  көрсе  «аққудың  қанатындай 
қалықтаған»  деп  жырлаған.  Аққудың  қанат  қаққаны,  тазалығы,  сабырлы  қимылы  – 
оның тек сыртқы көрінісі. Байқағыш халық оның психологиялық күйін, жан сезімін 
түсіне  білген.  Оны  кез  келген  шалшық  көлде  кездесе  бермейтін  аса  талғампаз, 
тәкаппар  құс  деп  қастерлейді.  «Құс  падишасы»  деп  те  атайды,  тазалық  пен 
сұлулықтың символы деп біледі. Серігі мерт болған жерде өзі жанын құрбан ететін 
оның ұлы қасиеті халық көңіліне ұнаған. Қазақ аққуды киелі деп есептейді және оны 
ешкім атпайды. Халқымыз өзінің жақсы көрген адамын құстарға теңейді. Тіпті жаңа 
үйленген  жігітке  «Құсың  құтты  болсын»  деп  жас  келінді  құсқа  теңеудің  өзі 
халықтың  құсты  керемет  тұтып,  әдемілік  пен  әсемдіктің  белгісі  ретінде  сөзге 
қосқандығын көрсетеді. 
Сұлулыққа  бас  иген  қазақ  халқы  құстың  батылдығын,  жүректілігін  де 
қастерлейді.  Қыран,  бүркіт,  сұңқар,  қаршыға  секілді  құстарды  баулып,  олардың 
өнерін  көруге  құмар.  Адамзаттың  асыл  қасиетін  соларға  теңейді.  Мұның  жас 
ұрпақты ерлікке баулу үшін үлкен тәрбиелік мәні бар. Мысалы, бүркіттің қаңтардың 
қақаған  аязында  жұмыртқасын  тасқа  салып  шайқауы,  қайраты  қайтып  қартайғанда 
жасық өмірге төзбей шарықтап, шырқап барып өзін-өзі тасқа тастап мерт қылуы жан 
тебірентерлік жай емес пе?! Денесі ықшам қаршыға, аспанда қалықтап ұшып жүріп 
жерден  азығын  көрсе  болды,  оқша  зу  етіп  төмен  қарай  зымырай  жөнеледі.  Осы 
құбылысты  байқап  тұрған  кісіге,  ол  қазір  жерге  құлап  мертігетіндей  көрінеді. 
Аңшылардың  халқымыздың  батыр  азаматтарын  қаршығаға  теңеуі  де  сондықтан 
болар. 
Бір кезде бүркіт, лашын, тұрымтай, ителгі сияқты құстарды серілік, саятшылық 
үшін үйретіп, саятшылықты кәсіп ететін қазақтар ел арасында көбейіп келеді. Біраз 
жерде  жарыстар  да  өткізілуде.  Алайда  құстарды  қорғау,  аялау  керек.  Бұлар 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
110 
таусылмайды емес,  сол себепті  қорғап, санын көбейтуміз керек. Әсіресе,  адамға ең 
жақын,  әрі  халықтың  сүйікті  құсы  –  қарлығаш.  Қарлығаш  өте  жақсы  ұшады 
(тәулігіне  800  шақырым),  тіршілігінің  көп  уақытын  ауада  ұшып  жүріп  өткізеді. 
Ұшып жүріп қорегін аулайды. Күндіз-түні бір тыным таппайтын қарлығаш тәулігіне 
он алты сағат қимылдаса, сол уақытта балапанына 645 мәрте жем жеткізіп, бір күнде 
6400 зиянкесті жойып отырады екен. 
Құстарға  қыста  қолдан  қорек  беріп,  қамқорлық  жасауды  ұмытпайық! 
Қазақстанның «Қызыл кітабына» (1996) ІІ отрядқа жататын 56 құс түрлері тіркелген. 
Қызғылт  және  бұйра  бірқазан  Каспий,  Арал,  Балқаш,  Алакөл,  Зайсан,  Марқакөл 
суларында кездеседі. Қара дегелең сары және кіші құтан, қалбағай, қарабай кеңінен 
таралған.  Ақ  дегелек  (жыл  құсы)  Қазақстанның  оңтүстік  өңірінде  ғана  (Оңтүстік 
Қазақстан, Жамбыл облыстарында) таралған. 
Қазақстанда  сирек  кездесетін  құстың  бірі  –  қоқиқаз  («қызылқаз»  деп  те 
атайды). Аяғы, мойны ерекше ұзын. Тұмсығы имек болады. Топтанып тіршілік етеді. 
Каспий  жағалауында,  Шалқар  теңізінде,  Теңіз  көлдерінде  кездеседі.  Қорғалжын 
қорығын  «қоқиқаздар  мекені»  деп  атайды.  Ол  дүниежүзілік  мәні  бар  батпақты  су 
айдындарына  жатады.  Қараша  қаз,  қу  тір  жық  қаз,  сұңқылдақ  және  кіші  аққу, 
мәрмәр, шүрегей үйректер де «Қызыл кітапқа» тіркелген. 
Сұңқар  тәріздестер  –  балықшы  тұйғын,  жыланжегіш,  бүркіт,  кезқұйрық, 
аққұйрықты  су  бүркіттер,  сақалтай,  жұртшы,  құмай,  ақсұңқар,  ителгі,  бидайық, 
лашын  желе  т.б.  Бұл  құстарды  халқымыз  ерекше  қадірлеп,  қыран  құстар  деп  те 
атайды. Жыртқыш құстардың тұмсықтары, аяқтарындағы тырнақтары өткір, қорегін 
бүріл ұстауға бейімделген. Қыран құстардың қоразы – «шәулі», мекиені – «ұябасар», 
балапаны – «ақүрпек» деп аталады. 
Қазақ  халқының  ежелден  келе  жатқан  дәстүрлі  өнерінің  бірі  –  саятшылық. 
Қыран құстарды қолға үйретіп баптау, оны аң-құсқа салу адамды табиғатпен етене 
жақындастыра түседі.  Халық  бүркітті  жеті  қазынаның бірі  деп ерекше қастерлейді. 
Аспан  түстес  көгілдір  туымыздағы  бүркіт  бейнесінің  болуында  да  үлкен  мән  бар. 
Саятшылық өнер – қазақ халқының тарихи әрі дәстүрлі ескерткіштерінің бірі. Оның 
танымдық та, тәрбиелік те мәні зор. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет