ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді.
ТӘРБИЕ МАҚСАТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НЕГІЗДЕРІ: Бірінші әлеуметтік негізі - әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қалыптастырумен байланысты.
Екінші әлеуметтік негізі - адам мен қоғамның қарым-қатынасына тәуелділік. Ұзақ уақыт бойы педагогикалық мақсаттарды талдау мен негіздеуде қоғам мен өкімет қажеттілігіне сай келетін мақсаттар жоғары дәрежеде болып есептелді.
Тұжырым: мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау- замануи тәрбиенің әлеуметтік институт ретінде дамуының кепілі.
2. Педагогика тарихындағы тәрбиенің гуманистік мақсаты ретінде тұлғаның жан-жақты және үйлесімді даму ұғымының мәнін талдау: әртүрлілік және иерархия
Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал «рақым» туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады.
Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру.
Платон тәрбиені үкіметтің өзі ұйымдастыру керек деп есептейді; оның пайымдауынша, тәрбиенің мақсаты- ерік, ақыл-ой және сезімді тәрбиелеу
Аристотель тәрбиенің мақсаты жан рақымы- ақыл мен ерік-жігерді дамыту деп айқындады.
Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие мынадай кешенді міндеттерді шешуді алға қояды:
дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жеке тұлғалық қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптастыру;
еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты тиімді пайдалана білу тәрізді әлеуметтік қызметтерді өз мәнінде қабылдап, оларды пайдалана білуге даярлау, кәсіп таңдау;
өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызу.